Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»


Органикалық қосылыстардың алмасуы



бет77/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

Органикалық қосылыстардың алмасуы
Нәруыздардың алмасуы. Нәруыздар - организм ұлпасының жасушаларының түзілуіне қатысатын негізгі құрылыс материалы. Жасушада көптеген нәруыздар катализатор - жасуша реакцияларын тездететін ферменттер рөлін атқарады. Гемоглобин нәруызы барлық ұлпаларға, мүшелерге оттек тасымалдайды. Антиденелер — қорғаныш қызметін атқаратын нәруыздар. Бұлшық ет ұлпасының нәруыздары қозғалғыш қызмет (бұлшық ет жиырылуы) атқарады. Нәруыздар адам денесінің 25% массасын кұрайды. Олар аминқышқылдарынан тұрады. Аминқышқылдарының, шамамен, 20 түрі белгілі.
Нәруыздар ас қорыту жолына түскенде химиялық өзгеріске ұшырайды. Асқазанда күрделі нәруыздар қарапайым нәруыздарға дейін, ал аш ішек бөлімінде аминқышқылдарына дейін ыдырайды. Аминқышқылдары аш ішек бүрлері арқылы қанға сіңіріліп, жасушаларға жеткізіледі. Жасушаларда аминқышқылдарынан организмге, белгілі бір ұлпаға тән нәруыздар синтезделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет