Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»


Ауыз қуысының құрылысы және астың қорытылуы



бет66/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

2. Ауыз қуысының құрылысы және астың қорытылуы
Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және Жұмсақ таңдаймен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі томпайып, кішкене тілшікке (бөбешік) айналады. Жұмсақ таңдай ауыздың артында және екі жағында қалтарыстарға айналады. Таңдай доғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Оның үсті сілемейлі қабықшамен қапталады. Қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар. Тілдің ұшындағы клеткалар, екі жағындағы клеткалар және түбіндегі клеткалар қандай дәмдерді сезетінін естеріңе түсіріндер.
Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; қорек жентегі пайда болуы; көмірсулардың ыдырауы; қоректін, сапасы мен температурасын анықтау.
Tic - сүйектен пайда болған, ауыз қуысында орналасқан, қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың пайда болуына әсер ететін мүше.
Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып ажыратылады, сонымен қатар тістің ең соңғы жұбы - ақыл тіс адамға 20-22 жасқа келгенде шығады. Түбірлердің құрылысына қарай тіс бір түбірлі және екі, үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азу тістері үш түбірлі, ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады. Тістің барлық саны - 32. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16 тістен болады. Әрбір жақ сүйектердің жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кіші, 3 үлкен азу тіс болады.
Ауыз куысындағы тіс санын тіс формуласы аркылы көрсетуге болады:
Алымда жоғары жақ сүйектерінің тіс саны, бөлімде: төменгі жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді. Сол жағы сол жақ сүйектерін, оң жағы оң жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет