Учебно-методический комплекс Пән: Ішкі аурулар Предмет: Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі» Специаность



бет1/4
Дата10.12.2022
өлшемі36,14 Kb.
#162216
түріУчебно-методический комплекс
  1   2   3   4
Байланысты:
6-дәріс-Эндокардиттер.-Миокардиттер.-Перикардиттер.


Семей» Медициналық колледжі мекемесі
«Учреждение Медицинский колледж «Семей»
Оқу-әдістемелік кешен
Учебно-методический комплекс
Пән: Ішкі аурулар
Предмет:


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Специаность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»
Квалификация:


Тақырып: Эндокардиттер. Миокардиттер. Перикардиттер.
Тема:


Оқытушы: Балташ Ә.Ә.
Преподаватель:
ӘБК мәжілісінде қаралды
Хаттама №________________
«____»____________ 20__ ж.
ӘБК төрайымы _________


Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия



  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.

Организационная часть. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon!



  1. Оқытушының кіріспе сөзі. Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлап, тақырып тақтаға жазылады.

Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)



  1. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:
Үйге берілген сабақтың тақырыбы:
Студенттермен танысу, олармен сенімді қарым-қатынас орнату, пәннің маңыздылығын тусіндіру, пікір алмасу.
Сіздерге үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.
4.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Изложение нового материала.




Эндокардит - жүректің ішкі қабығының қабынуы.
Этиологиясы: Эндокардиттер әртүрлі инфекциялар нәтижесінде дамиды,әсіресе оның пайда болуына гемолиз шақырушы,стрептакоктардың, стафилакоктардың маңызы зор. Эндокардиттердің бұл түрлері ревматизм,сепсис ауруларының бір көрінісі болып табылады.Тек фибропластикалық эозинофилиямен көрінуші эндокардиттің алғашқы сырқаты деп қарауға болады. Бұл сырқат үшін қарыншалар эндокардының едәуір қалыңдап кетуі және сол жерлерде тромб пайда болуы(тромбты эндокардит) тән. Егер осы өзгерістер бүртікті бұлшықеттерге немесе хорда жіптеріне өтсе клапандар жақсы жабылмай олардың жедел жетіспеушілігі дамиды. Ауру өлімі жүрек жұмысының жетіспеушілігінен немесе тромбтар эмболиясына байланысты дамитын инфарктан болады.
Дамитын орнына байланысты ол қақпақшалы, хордалы және іргелік эндокардит деп жіктеледі. Ең айқын көріністі эндокардит қос жақтаулы және қолқа қақпақшасының жақтауларында дамиды. Жүректің оң жақ бөлігінде эндокардиттердің көбіне сол жақ бөлігіндегі эндокардитке қосарланып, жеке түрде өте сирек кездеседі. Эндокардтың эндотелиінде дистрофия мен некробиоз дамып, дәнекер тіні мукоидты, фибриноидты ісінуге, некрозға ұшырайды. Қалың қабатында клеткалар көбейіп, тромбтар түзіледі. А.И Абрикосов эндокардиттің 4 түрін ажыратады:1) Диффузды эндокардит немесе вальвулит. Бұл кезде жүрек қақпақшалары ісініп ревматизмге тән алғашқы, қайтымды өзгерістер(мукоидтық ісіну) пайда болады, бірақ қақпақшаның эндотелий қабаты бұзылмайды. Жедел сүйелді эндокардит. Жүрек қақпақшаларының жиегінде сүйел тәрізді құрылымдардың пайда болуымен сипатталады. Микроскоппен тексергенде олар фибрин жіпшелерінен, тромбоциттер мен лейкоциттерден тұратын ақ тромбтар екендігі анықталады (тромбоэндокардит). Тромбтың түзілуі эндотелий қабатының бұзылуымен, осыған байланысты жергілікті тінде тромбокиназаның пайда болуымен тікелей байланысты.3) Фибропластикалық эндокардит қабынудың продуктивті компонентінің басым болуымен, жүрек қақпақшаларының фиброздануымен сипатталады, яғни фиброз бен тыртықтану процесімен байланысты. 4)Қайталама сүйелді эндокардит. Эндокардиттің бұл түрі ревматизмнің созылмалы, қайталамалы сырқат екендігі дәлелдейді. Ревматизмнің әрбір шабылуынан кейінгі жүрек қақпақшаларындағы морфологиялық өзгерістер:дәнекер тін дезорганизациясы, жедел қабыну, олардың бір-біріне жабысып қалуына,пішінсізденуіне,тыртықтанып қалыңдануына соқтырады, осыған байланысты жүрек ақаулары дамиды.Кейде осы жерге Са тұздары шөгіп қалып, қақпақшалар қалыңдап қатып қалады.
Сонымен қатар,инфекциялық эдокардитті де ажыратамыз. Жүрек клапандарында патогенді микробтар жиналып, клапан эндотелийі зақымдалып, тромбтар түзеді.Көбінесе наркомандарда жиі кездеседі. Жүректің сол жақ бөлігінің клапандары жиі зақымдалады,ал оң жақ бөлігі сирек зақымдалады.
Асқынулары: Жүре пайда болатын жүрек ақаулары аортальді, митральді, миокард абцесі, аорта перфорациясы, іріңді перикардит, эмболиялық асқынулар- бас миының абсцесі, пневмония, гломерулонефриттер.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет