Сабақ № 24.
1. Тақырып: Ана мен нәресте қанынының изосерологиялық сыйыспаушылығы. Нәрестенің гемолитикалық аурулары. Жүктілік пен босануды жүргізу.
Бастапқы білім тесттері
1. Ана мен нәресте қанынының изосерологиялық сыйыспаушылығы - бұл ана қанында қан тобына және де резус факторына сәйкес келмеушілік пен ұрық антигендеріне қарсы антидененің түзілуі
Иә
Жоқ
Резус фактор – бұл эритроциттер бетінде орналасқан антиген (белок)
Иә
Жоқ
3. Антирезус- ана антиденесі, ұрық қанайналымына түсіп,тромбоциттер аглютинациясын шақырады
Иә
Жоқ
4. Қаны резус-теріс жүкті әйелдер 20 аптаға дейін айына 1 рет, одан кейін 2 аптада 1 рет антидене және титр анықтау үшін қан талдауын жасауы керек
Иә
Жоқ
5. Амниоцентез әдісі арқылы кіндік бауы қанынан ұрықтың қан тобы мен резусын, гемоглобин деңгейін, билирубин және гематокритті анықтауға болады
Иә
Жоқ
6. Нәрестенің гемолитикалық ауруының 2 түрін ажыратады: анемиялық жәнесарғыштық
Иә
Жоқ
7. Нәрестенің гемолитикалық ауруының ең ауыр түрі жиі құрсақішілік нәресте өліміне алып келеді
Иә
Жоқ
8. Тікелей емес билирубин майда ерігіш болғандықтан липидтерге бай тіндерден жеңіл өтіп ферменттерді ыдыратады
Иә
Жоқ
9. Гемолитикалық аурудың сарғыштық түрінде айқын гепатоспленомегалия, асцит, көпсулық болады
Иә
Жоқ
10. Гемолитикалық аурумен туылан нәрестелердің кіндігіне қысқыш салмайды,кіндігін кіндік сақинасынан 2-3 см ара қашықтықта байлап тастайды
Иә
Жоқ
1. Тақырып: Ана мен нәресте қанынының изосерологиялық сыйыспаушылығы. Нәрестенің гемолитикалық аурулары. Жүктілік пен босануды жүргізу.
Бастапқы білім тесттерінің жауаптары
Иә
Иә
Жоқ
Иә
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Иә
Жоқ
Иә
Достарыңызбен бөлісу: |