СОӨЖ
1. Тақырып: Әйелдің жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы және физиологиясы. Әйел жамбасының анатомиясы. Ұрық босану көзі ретінде.
2. Сабақтың мақсаты:
1. Нәресте бас сүйектері мен жамбас жазықтықтар өлшемдерін анықтай білу;
2. Нәресте жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістерін үйрету;
3. Жетілген нәресте белгілерін анықтай білу;
4. Босану бөлімдері медициналық құжаттарының есеп-қисабын жүргізе білу;
3.Оқытудың міндеттері:
1. Нәресте бас сүйектері мен жамбас жазықтықтар өлшемдерін анықтай білу тәртібін қалыптастыру;
2. Нәресте жағдайын бағалай білуін қалыптастыру;
3. Жетілген нәресте белгілерін анықтай білу;
4. Босану бөлімдері медициналық құжаттарының есеп-қисабын сенімді жүргізе білу
4. Өткізу түрі:
Әйел жамбасының құрылысын фантомда талқылау, әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясын көрнекті құрал жабдықтарда талқылау.
5. Тақырып бойынша тапсырма:
1. Әйел жамбасының құрылысын,өлшемдерін фантомда талқылау
2. Жүкті әйел жамбасының өлшемдерін анықтау
3. Жетілген нәресте белгілерін суреттеу
6. Қолданылатын материалдар: Схемалар,суреттер
7. Әдебиеттер
Негізгі:
1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
қосымша:
3. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.
Қосымша:
1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.
3. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.: СпецЛит, 2003. - 528 с.
4. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – 6-64.
5. Шабалов Н.П. Неонатология: Учебн. пособие: В 2 т. / Н.П.Шабалов. — Т. I. — 3-еизд., испр. и доп. — М.: МЕДпресс-информ, 2004. — с. 154-222.
6.Мэтью Матай, Харшад Сангви, Ричард Дж.Гидоти. Оказание помощи при осложненном течении беременности и родов: руководство для акушерок и врачей. Репродуктивное здоровье и научные исследования. ВОЗ, Женева, 2000. – А37-А46, А56-А80 с.
Қазақ тілінде
Негізгі:
1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.
2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж
Қосымша:
1. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.
8. Бақылау(сұрақтар, тестілер, ситуациялық есептер)
БАСТАПҚЫ БІЛІМ ТЕСТТЕРІ
1.Жатыр, бездер, жатыр түтіктері, қынап, үлкен және кіші жыныс еріндері ішкі жыныс ағзаларына кіреді:
Ия
Жоқ
2.Әйел жамбасы төрт сүйектен құралған:екі қасаға, сегізкөз және құйымшақ
Ия
Жоқ
3.Қынаптың алдыңғы қабырғасы зәршығару каналы мен қуыққа бекінеді
Ия
Жоқ
4.Жатыр қабырғасы төрт қабаттан құралған:
Ия
Жоқ
5.Аналық без барлық жағынан ішастармен жабылған және байламдармен бекітілген:
Ия
Жоқ
6.Кіші жамбаста төрт жазықтық бар: кіреберіс, кең жазықтық, тар жазықтық, шығаберіс жазықтығы:
Ия
Жоқ
7.Ұрықтың басының үлкен қиғаш өлшемі 9,5 см тең:
Ия
Жоқ
8. Кіші жамбас астауының тар жазықтығы алдынан қасаға доғасының төменгі қырымен, бүйірлерінен-шонданай сүйектерімен, артынан-сегізкөз-құйымшақ байламымен шектеледі.
Ия
Жоқ
9. Нәресте басының кіші қиғаш өлшемі үлкен еңбектің алдыңғы бұрышынан шүйде асты шұңқырына дейінгі аймақ аралығына тең.
Ия
Жоқ
10. Шынайы конъюгата - қасаға доғасының жоғарғы ішкі қырының ортасынан мүйістің ең шығыңқы нүктесіне дейінгі аймақ.
Ия
Жоқ
№ 2 Сабақ.
1. Тақырып: Әйелдің жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы және физиологиясы. Әйел жамбасының анатомиясы. Ұрық босану көзі ретінде.
БАСТАПҚЫ БІЛІМ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖАУАПТАРЫ
1.ЖОҚ
2.ИЯ
3.ИЯ
4.ЖОҚ
5.ЖОҚ
6.ИЯ
7.ЖОҚ
8.ИЯ
9.ИЯ
10.ИЯ
№ 2 Сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |