Учебно методический


Практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулар құрылымы



бет48/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

1.4. Практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулар құрылымы


1.5.Студенттердің оқытушылар басқаруымен өзіндік жұмыстардың методикалық нұсқаулар құрылымы.СОӨЖ.


Тәжірибелік сабақтар

КУРС 4


ПӘНІ: «Жалпы медицина»

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Кафедраның ПОҚ-і


2012 ж

№1 акушерия және гинекология кафедрасының отырысында қаралған №9 Хаттама 30.05.12ж


№1 акушерия және гинекология


кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Г.К.Омарова


БЛОК №2
Акушериялық-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушериялық-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру принциптері.

1 Сабақ.


1.Тақырып:Перзентхананың құрылысы мен жұмысын ұйымдастыру.Акушерлік стационарлардың санитарлық- гигиеналық ерекшеліктері.
2. Сабақтың мақсаты:
Акушерлік стационардың құрылысы, ұйымдастыру негізі және жұмыс істеу жүйесі тұралы басты мағлұмат алу
3. Оқытудың міндеттері:
Перзентхананың жұмыс істеу принциптерімен, құрылысымен және ұйымдастыруымен танысу.
Перзентхананың санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы жолдардың ережесімен жете танысу.
Перзентхананың медициналық құжаттарымен және басты сапалы көрсеткіштерімен танысу.
Перзентхана бөлімшесінің аймақтандыру принциптерімен танысу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары :

  1. Перзентхана дегеніміз не?

  2. Акушерлік стационардың басты қызметі мен міндеті .

  3. Перзентхананың құрылысы.

  4. Перзентхананың жеке бөлімдерінің құрылысы және санитарлық-гигиеналық,

індетке қарсы күрестің ерекшеліктері.

  1. Акушерлік стационардың жұмысының және медициналық құжаттарының негізгі сапа көрсеткіштері.

  2. Перзентхананың санитарлық – гигиеналық режимі

5. Оқудың және сабақ оқытудың әдісі:
1) Бастапқы білім деңгейін бақылау.
2) Теориялық материалды талдау:акушерлік стационардың жұмысының ұйымдастырылуы мен принципі. Акушерлік стационардың қызметі мен міндеті.Перзентхананың құрылысы,санитарлық – гигиеналық режимі.Перзентханадағы неонаталдық көмектің ұйымдастырылуының ерекшеліктері.
3) Қорытынды білім деңгейін бағалау (сұрақтар, тестер, ситуациялық есептер).
6. Қолданылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
Қосымша;
3. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.
Қосымша:
1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.

7. Бақылау(сұрақтар, тестілер, ситуациялық есептер)



Сұрақтар.
1. Перзентхананың бөлімдерін атаңыз.
2. Патология бөлімі не үшін қажет.
3. Қабылдау бөліміндегі медицина қызметкерінің басты міндеттері.
4. Қабылдау бөліміндегі негізгі бөлмелерін атаңдар.
5. Қабылдау бөлімінде қандай манипуляциялар жасалады.
6. Босану блогының негізгі бөлмелерін атаңыз.
7.Перзентхананың барлық құрылымдық бөлімдерінің орналасуының негізгі принциптерін атаңыз.
8. Перзентхананың қандай ерекшеліктері санитарлық –гигиеналық және эпидемиялогиялық шараларды қатаң сақтауды талап етеді.
9. Ана мен баланың бірге болуының артықшылығын атаңыздар.
10. Ана мен баланың бірге болуы үшін ана жағынан қарсы – көрсеткіштерді атаңыздар.
11. Ана мен баланың бірге болуы үшін бала жағынан қарсы – көрсеткіштерді атаңыздар.
12. Акушерлік стационардың негізгі сапалық көрсеткіштерін атаңыздар.
13. Босану жолдары деген ұғымға не жатады.
14. Сыртқы жыныс мүшелеріне қандай ағзалар жатады.
15. Ішкі жыныс мүшелеріне қандай ағзалар жатады.
16. Жамбастың сүйектерін атаңыздар.
17. Жатырдың қабаттарын атаңыздар.
18. Ішкі жыныс мүшелерінің байламдарын атаңыздар.
19. Жамбас түбінің сыртқы, екінші және үшінші қабат бұлшық
еттерін атаңыздар.
20. Жатырды қанмен қамтамасыз ететін артерияларды атаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет