Учебно методический



бет49/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

СОӨЖ Сабақ № 1
1. Тақырып: Перзентхананың құрылысы мен жұмысын ұйымдастыру. Акушерлік стационарлардың санитарлық- гигиеналық ерекшеліктері.
2. Сабақтың мақсаты: Перзентхананың құрылысы мен жұмысын ұйымдастыру және акушерлік стационарлардың санитарлық- гигиеналық ерекшеліктерімен студенттердің білімдерін тереңдету.
3. Оқытудың міндеттері:
1) Перзентхананың жұмыс істеу принциптерімен, құрылысымен және ұйымдастыруымен терең танысу.
2) Акушерлік стационардың басты қызметі мен міндеттерін білу
3) Перзентхананың санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы жолдардың ережесімен жете танысу.
4) Акушерлік стационарда неонатальды көмектің ерекшеліктерін жете білу.
4. Өткізу түрі :
Перзентхананы айналып шығу ( құрылысы, ұйымдастыруы және қабылдау бөлімінің, босану бөлімінің, босанғаннан кейінгі бөлімнің, балалар бөлімінің жұмыс істеу жүйесімен танысу). Перзентхананың санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы жолдардың ережесімен жете танысу.
5. Тақырып бойынша тапсырма:
1.Қабылдау бөлімі,туу бөлімі,босанғаннан кейінгі бөлім және де нәрестелер бөлімі қызметкерлерінің жұмысын бақылау.
2. Перзентхананың санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы жолдардың ережесімен жете танысу.
6.Қолданылатын материалдар: Схемалар,суреттер
7. Әдебиеттер
Негізгі:
1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
дополнительная:
3. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.
Қосымша:
1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.
2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж
дополнительная:
3. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
4. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.
8. Бақылау (тестілер, ситуациялық есептер)

БАСТАПҚЫ БІЛІМ ТЕСТТЕРІ


1.Госпитальдық инфекцияның жиі қоздырғышы микроорганизмдер ассоциациясы;


Ия
Жоқ

2.ҚР жүктілерге аумақтық перинатальдық көмек көрсету 5 сатыдан тұрады :


Ия
Жоқ

3.Босану үйінің негізгі міндеті жүкті және босанушы әйелдерге акушерлік көмек көрсету:


Ия
Жоқ

4.Босану үйінің талабы аумақтық медициналық көмек ережелерін сақтай отырып жүктілерге жедел және жоспарлы акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету:


Ия
Жоқ

5. Босану үйі (бөлімше) жеке денсаулық сақтау мекемесі немесе көпсалалы денсаулық сақтау мекемесі ретінде қызмет жасай алады:


Ия
Жоқ

6.Босану үйі (бөлімше) территориалды ереже бойынша көмек көрсетіп онымен қоса жүкті немесе науқас әйел қалауы бойынша боснуға көмектесу мекемелерін тандай алады:


Ия
Жоқ

7.Босану үйінің құрылымы жедел гинекология бөлімшесіне кіреді:


Ия
Жоқ

8.Анасы мен нәрестенің бөлек болуы ауруханаішілік инфекцияның алдын алуына кіреді:


Ия
Жоқ

9.Қызметкерлерді тексеру, босанудан кейінгі палаталарды реттік толтыру, босанушы әйелді ерте шығару акушерлік стационардың санитарлық-гигиеналық ережесіне кіреді:


Ия
Жоқ

10. Экстрагенитальды патологиясы бар және акушерлік асқынулары жоқ гестацияның 30 аптасындағы жүкті әйел профильді соматикалық бөлімшеге жатқызылады:


Ия
Жоқ


БЛОК №2
Акушериялық-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушериялық-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру принциптері.

№ 1 Сабақ. Перзентхананың құрылысы мен жұмысын ұйымдастыру. Акушерлік стационарлардың санитарлық- гигиеналық ерекшеліктері.


БАСТАПҚЫ БІЛІМ ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ

1. ИЯ
2. ЖОҚ


3. ЖОҚ
4. ИЯ
5. ИЯ
6. ИЯ
7. ЖОҚ
8. ЖОҚ
9. ИЯ
10. ИЯ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет