Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Эрехтейон болжам бойынша сәулетшісі



Pdf көрінісі
бет48/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Эрехтейон болжам бойынша сәулетшісі 
Мнесикл (б.з.д. 421-406 ж.)
Эрехтейон грек сәулетіне еш ұқсамайтын бірегей ескерткіш бо-
лып табылады. Бірнеше құрамдас бөліктен тұратын ассиметриялы 
ғимарат көне грек ғибадатханаларының негізгі айқындауышына ай-
налды. Оның үлкен бөлігі Эрехтейон салынбас бұрын тұрғызылған, 
оның авторлары осыған көнуге мәжбүр болған. Сондықтан 
да ғибадатхана бөліктері 3 метрге құлағанда жасанды үйінді 
тұрғызылып немесе төбешік қазып тегістелген жоқ. Эрехтейон 
құрылысының орнын таңдау кездейсоқ жағдай емес. Дәл осы жерде 
Посейдон Афинамен қаланы қорғау құқығы үшін айтысады. Посей-
дон үш ашалымен ұрып қалғанда бұлақ көзі ашылады. Оның суы 
ащы болып шығады. Афина найзасымен ұрған жерден зәйтүн ағашы 
өсіп шығады.
Ғибадатхана Афина Палладаға (қала қамқоршысы), теңіз құдайы 
Посейдонға және Афинаның алғашқы патшасы Эрехтеяға арналған.
Ғибадатхана Акрополь ансамбліне лайық орналасқан. Негізгі 
көлемі 11,63 м., 2 бөлікке бөлінеді. Кіші бөлігі Афинаға арналған. 
Үлкен бөлігі қасиетті зәйтүн ағашына шығатын солтүстік ионийлік 
діңмаңдайшамен жалғасады. Эрехтейонның оңтүстік қабырғасының 
тегіс бетіндегі арудіңгек діңмаңдайшасы айқын ерекшеленеді. Бағана 
– 
арудіңгектерді
алмастырып тұрған қыздардың мүсіні (биіктігі 
2,3 м) діңмаңдайша аражабындарын ұстап, биік шығыңқы іргеде 
(2,6 м) тұр. Қазір мүсіндер найзалармен алмастырылып, Акрополь 
мұражайына көшірілген.
Эрехтейон бірнеше рет салынған, онда сарай, ал түріктердің 
кезінде гарем болған. Ғибадатхана интерьерлерінде қаптама ретінде 
түрлі түсті мәрмәрдің алуан түрлері: ақ, қызғылт, күлгін пай-
даланылған. Әшекейбедерлер өсімдіктер бейнесімен өрнектелген. 


51
Қайталанбас үшін, оларды дайындауға әртүрлі суретшілерге тапсы-
рыстар беріліп отырған. Әдемі өңдеудің арқасында ірі ғибадатхана 
кіші және әсем болып көрінеді.
Акропольдің оңтүстік-шығыс бұрышында бүгінгі күні жалпы 
композицияны бұзбас үшін шағын етіп, жерге тереңдетілген Акро-
поль мұражайы салынған. Бұл жерде Акропольден табылған мүсін 
ескерткіштері сақталған.
Грекияның өркендеуімен оның отарындағы қалалар да өсіп-
өркендеді. Қалаларды жоспарлы салудың шапшаң қарқындылығы 
жүйелі жоспарлау қағидасын әзірлеуге деген қызығушылықты 
оятты. 
Жүйелі жоспарлау
элементтері б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларда 
қалыптаса бастағанымен, қаланы жүйелі жоспарлауды ойлап тапқан 
Милеттен шыққан сәулетші Гипподам (б.з.д. V ғ.) болатын. 
Гипподамдық
жүйенің ертедегі үлгілерінің бірі б.з.д. V-ІV 
ғасырларда Македониядағы қала Олинфаны жоспарлау болып 
табылады. Қала тұрғын құрылыстармен қоса, қоғамдық имарат-
тардан тұратын жеке қала бөліктерінен құрылды. Олинфа (100 м) 
қаласының көлемі жағынан стандартты, тұрғын қала бөліктері 
жүргізілген арна орының тақталарымен, аражабындар орнатылған 
жолмен екіге бөлінді. Екі бөліктің әрқайсысы периметрі бойынша 
салынған 5 аулаға бөлінді. 
Ежелгі Грекиядағы 
тұрғын үйлер
тас іргетасқа күйдірілмеген 
кірпіштен тұрғызылды. Террасалар мен кіреберіс діңмаңдайшалар 
дың аражабындары, баспалдақтары, тіреулеріне ағаш, шатырына 
- жабынқыш, еденіне – топырақ пайдаланылды. Аса бай үйлердің 
едендері тас тақталардан, қабырғалары сыланып, таскестемен 
жабылып, сылақнақыштар орындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет