Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет51/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Олимпиядағы Зевс мүсіні
Мүсінді (б.з.д. 500-430 ж.) белгілі ежелгі грек мүсінші Фидий 
сомдаған. Ол атақты сәулетші, кескіндемеші, мүсінші және ойшыл 
болған.
Мүсін зәулім ғибадатхана соңында орналасқан (64 х 28 м және 
биіктігі 20 м). 14 метрлік Зевс отырған тақ түгелдей алтын және 
піл сүйегінен, қара ағаш пен асыл тастардан жасалған. Таққа Фи-
дий грек мифологиясының сюжеттері мен шынайы адамдардың 
бейнесін сомдаған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, 
қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл 
сүйегімен түгелдей қапталған. Ал Зевстің басына таза алтыннан 
өрілген, бейбітшіліктің белгісі – зәйтүн ағашынан тәж кигізілген бо-
латын. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы 
Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын 
мен піл сүйегінен жасалған еді. Зевстің шашы мен сақалы да таза 
алтын болған.


54
Константинопольге көшірілген Зевс мүсіні өртте қалып, 
құрыған. 
Фарос шамшырағы
Б.з.д. 332-331 жылдары А.Македонский эллинистік Мысыр 
астанасы – Александрияның негізін құрды. Бұл жерде атақты 
Мус-
сейон
– антикалық дүниенің бас ғылыми орталығы және 700 мың 
томдық грек және шығыс кітаптары есепке алынған Александрия 
кітапханасы орналасқан. 
Птоломей патшаның бұйрығымен сәулетші Книдтік Сострат 
бар жоғы 5 жылдың ішінде (б.з.д. 283-288 ж.) әктас, гранит және 
мәрмәрдан тұрғызған атақты Фарос шамшырағы да осы жерде. 
Биіктігі шамамен, 120 м. Үш қабатты мұнараның бірінші қабаты ора-
сан зор шаршы көлемде - 30,5 м және биіктігі 60 м. Бұл төменгі мұнара 
тас тақталардан қаланып, мүсіндермен безендірілген. Ортаңғы сегіз 
қырлы 40 метрлік мұнара ақ мәрмәр тақталармен безендірілген. 
Мәрмәрмен қапталған мұнара зәулім шамшырақпен аяқталады. Осы 
үшінші қабат гранит бағаналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. 
Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы 
Посейдонның 8 метрлік қола мүсіні қойылған. 
Ішінде бұрама баспалдақтар, жоғарыда темір айналар жүйесі, 
желбағар, сағат, астрономиялық аспаптар орналасқан.
Шамшырақ шамамен, 1500 жыл тұрып, жер сілкінісінен қираған. 
1980 жылы археологтардың халықаралық тобы Фарос 
шамшырағының қалдықтарын тапты. Сол кезде 8 метр тереңдіктен 
аты аңызға айналған Клеопатра сарайының қираған орны табыл-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет