275
Сәулеттік және қала құрылыстық тұрғыда Воробьев (Ленин)
тауларындағы ММУ кешені маңызды (сәулетшісі Л. Руднев, С. Чер-
нышев және басқалар). Ол орталық
бөлігі басым дамыған осьтік
көлемді-кеңістіктік композиция болып саналады
(144-сурет)
.
Биіктігі 235 м.,
алтын жалатылған шатырұшпен, мүсіндер тобы-
мен безендірілген ғимараттың бір жағында «сталиндік ампирге»
тән айқын монументті кескін, екінші
жағында пайдалану кезінде
материалдардың ақталмаған шығыны, жоғары экономикалық шығын
және жылу шығыны бар.
144-сурет
1951 жылы Д. Чечулиннің жетекшілігімен астананың дамуын
10 жылға анықтаған Мәскеудің жаңа бас жоспары әзірленді. Аста-
на ансамбліне Мәскеу және Яуза өзендерінің жағалауындағы қайта
салынған құрылыстар енді, қаланың көптеген магистральдарының
құрылысы аяқталды (Кутузов шоссесі).
Соғыстан кейінгі сәулетте 1945-1954 жылдары дамыған типтік
жобалау маңызды рөл атқарды.
Бұл типтік жобалаудың жаңа
әдіснамасын – бірыңғайланған элементтерді орталықтандырып да-
йындауда сериялы әдісті жасау уақыты болды. 1950 жылдан бастап
қаланың бос жерлеріне ірі тұрғын үйлер салынады. Мұнара түріндегі
көп қабатты бір бөлікті ірі блокты ғимараттар құрылысы басталады.
1950 ж. Мәскеуде 9-12 қабатты құрылыс ұсынылады.
Құрылыс технологиялары саласындағы жаңа жетістіктер ірі
панельді үйлердің алуан түрлі конструктивтік жүйелерін әзірлеуге
әкеледі: панельді-рамалы,
қаңқалы-панельді, қаңқасыз. Металл
276
қаңқалы ірі панельді үйлер 1947 жылдан пайда болды. Мемлекеттік
құрылысты қамтамасыз ету үшін 1954 жылдан бастап 400-ден астам
темір бетон конструкциялар зауыты қатарға қосылады.
Құрама темір бетон конструкциялар
өнеркәсіптік құрылыста
кеңінен пайдаланылды. Үлкен алаңдар мен жұқа қабырғалы
қабықшалардың кеңістіктік жабынын әзірлеу өнеркәсіптік, сондай-
ақ бірегей ғимараттардың азаматтық
құрылысында темір бетонды
қолдану мүмкіндіктерін кеңінен ашты.
Ғимараттар тұрғызудың озық әдістері мен жедел технологияла-
ры көркемдік безендірудің жаңа стилистикалық әдістерін әзірлеуді
жобалады. Ғимарат айқындылығы терезе, балкон, лоджия,
панель
ғимараттары қабырғаларының кесіндісі ырғақтылықпен, түрлі түсті
шешіммен орындалды.
Соғыстан кейінгі тұрғын үй қорын қалпына келтіру кезеңінде
адамдарды тұрғын үймен жылдам қамтамасыз ету үшін жаңа
аудандарға типтік ғимараттар салу экономикалық
және әлеуметтік
тұрғыдан ақталды, дегенмен сәулетті бейнеуде өрескел тәсілдерге
әкелді.
Бұл кезеңде кеңестік сәулеттің даму кезеңінің аяқталуы СОКП
ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің «Жобалау
мен құрылыста
артықшылықтарды жою туралы» қаулысы болды (1955 ж.)
Достарыңызбен бөлісу: