Удк резенция бергендер


Персоналды басқару тиімділігін бағалаудың негізгі тәсілдері



бет45/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару

2. Персоналды басқару тиімділігін бағалаудың негізгі тәсілдері. Персоналды басқаруға қатысты шығындар мен нәтижелерін салыстыру проблемасы экономикалық тиімділігін бағалау кезінде оны нақтылауды қажет етеді, ең бастысы нені бағалау керек екенін анықтау қажет:

  • Персоналдық саясатты іске асыру нәтижесіндегі ынталанған, дайындалған және таңдалған кәсіпорын ұжымының қалыптасқан белгілі бір қортындыға жетуін

  • Персоналды басқаруда алдына қойылған мақсаттарға мүмкіндігінше аз шығындармен жетуін

  • Басқару үдерісіне өз нәтижелігін қамтамасыз ететін ең тиімді басқару әдістерін таңдайды.Осылардың әрқайсысын жеке қарастырып көрейік.

Негізгі қортындыға қол жеткізу. Жалпы экономикалық нәтижені кәсіпорын іс-әрекетін өндірістік немесе барлық шаруашылық іс-әрекетінің қортындысы деп қарауға болады.Бірінші жағдайда заттай немесе ақшалай (тауарлық, таза өнім) күйдегі шығарылған өнім экономикалық нәтиже болып табылады. Екінші жағдайда өндірілген өнім ғана емес, оны сату жолдары қарастырылады (сатылған өнімнің көлемі, пайда). Шығарылған өнімнің құны ағымдағы бағалар бойынша көрсетілуі тиіс.Бұл шығындарды табыспен салыстыруға мүмкіндік береді.
Көбінесе өндірістің тиімділігін бағалау үшін еңбек шығындарының тиімділік көрсеткіші қолданылады, сондай-ақ еңбек өнімділігінің көрсеткіші Е ө;
Е ө= Өк / Е ш
Мұнда Өк – белгілі бір күнтізбелік уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі (теңгемен);
Е ш – еңбек шығындары (адам/сағат, адам/күн, қызметкерлердің орташа тізімдік саны).
Бірақ бұл көрсеткіш көптеген басқа да факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін екенін естен шығармау керек.
Персоналды басқару қызметтерінің тиімділігі туралы одан да тиянақты қортындыны жұмысшы күшіне кеткен шығындар (Шжк) арқылы бағалау тәсілін қолдану дұрысырақ болатынын атап айтуға болады. Шынында да еңбек үдерісі іс жүзінде іске асу үшін кәсіпорын елеулі шығындарға баруы керек. Жұмысшы күшіне кететін шығын көлемі әр бір кәсіпорындарда әр түрлі болуына байланысты оларда еңбек бірлігінің құны да Қе бірдей емес:
Қе = Шжк / Е ш
Кәсіпорында дұрыс есеп жүргізу арқылы жұмысшы күшіне кететін бір теңге шығынға қанша өнім көлемі келетінін сипаттауға болады.Бұл көрсеткіш былай анықталады:

  • Құндық сипаттағы шығарылған өнім көлемін жұмысшы күшіне кеткен шығындарға қатынасы арқылы:

Ф = Өк / Шжк

  • Немесе еңбек өнімділігінің деңгейін сол еңбек бірлігіне кететін шығын көлеміне бөлу арқылы:

Ф = Е ө / Қе

Басқару үдерісінің тиімділігі. Бұл тәсілде персоналды басқару тиімділігі басқару жүйесінің алдыңғы қатарлығын, еңбекті басқарудың техника жағынан қамтамасыз етілгендігін, қызметкерлер біліктілігін, басшылардың шешім қабылдауда шапшаңдығын және т.б. бағалау арқылы анықталады. Олар басқару тиімділігін арттыру факторы ретінде бола тұрып, кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық қызметінің қортындысына әсер етпей қоймайды.


Ал жалпы экономикалық нәтиже төменднгі жеке нәтижелердің қосындысы ретінде саналуы мүмкін:

  • Автоматтандырылған «Кадрлар» жұмыс орнын (АЖО) қолдану

  • Басқару үдерісінің кешенін іске асыру

  • Персоналды басқару функцияларына сай келетін кейбір жеке ішкі жүйелерді жетілдіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет