Удк резенция бергендер


Кадрларды жинақтау және қабылдау



бет30/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару

2. Кадрларды жинақтау және қабылдау. Кадрларды жинақтау үдерісіне әсер ететін факторлар. Барлық жұмыс орындарына үміткерлерді қабылдаудағы жұмысшы күшін жинақтау ішкі факторларға байланысты,соның ішінде:
- зейнеткерлікке шығу
- өзара шарт мерзімінің аяқталуы
- өндірістік іс-әрекеттер бағыттарының өзгеруі
- кадрлардың қысқаруы.
Сыртқы факторларға жататындар:

  • Үкіметтік және кәсіподақтық шектеулер

  • Жұмысқа қабылдауда жіктеулерге тиым салатын заңдар

  • Жұмысшы күші нарығына бағыт алу

  • Жұмысшы күшінің құрамы

  • Ұйымның орналасқан жері.

Мансапты таңдау үдерісі. Жоспарлы қызметтік мансапты, персоналдың еңбегіне ақы төлеу мен шарттарын кешенді бағалау арқылы персоналды жұмыс орнына дұрыс орналастыру арқылы жұмыс орнынын бір-бірімен тиімді алмастыруға болады.Кадрларды жоғарлату, орнын ауыстыру, төмендету және жұмыстан босату жұмыскерлерді бағалаудың нәтижелері мен олардың өмірлік көзқарасының еңбекақы төлемі шарттарына сәйкестігіне байланысты:

  • Қызметтік мансапты жоспарлау, жұмыскердің әлеуетін және жеке адамның жұмысқа қосқан үлесін бағалау, жасы, өндірістік өтілімі, біліктілігі және бос жұмыс орындардың санына байланысты жүзеге асырылады

  • Еңбек шарттары мен жалақы, өзара шартта көрсетілген кепілдемелген еңбекақы мөлшері мен сыйақы, жұмыс орнын жабдықтау, әлеуметтік игіліктер мен кепілдемелер арқылы анықталады

  • Кадрлардың жоспарлы түрде жұмыс орнын ауыстыру.

Кадрларды орналастыруда негізгі мәліметтерге жататындар:

  • Қызметтік мансаптың үлгісі

  • Кәсіпорын философиясы

  • Еңбек туралы кодекс

  • Аттестациялық комиссияның құжаттары

  • Қызметкерлердің өзара шарттары

  • Штаттық кесте

  • Қызметтік нұсқаулар

  • Қызметкерлердің жеке шаруалары

  • Еңбекақы төлеу ережелері

  • Кадрларды орналастыру жайлы ережелер.

Кадрларды жалдау әдістері мен көздері. Ұйымға жаңа жұмыскерлерді қабылдау қажет болғанда екі мәселе туындайды:
- әлеуетті жұмыскерлерді қайдан іздеуге болады
- өтініш берушілерге бар орындар жайында қалай хабарлауға болады.
Оларды жинақтаудың мүмкін болатын екі көзі бар:
- ішкі конкурс
- кәсіпті біріктіру
- алмастыру.
Кадрларды жинақтаудың сыртқы көздеріне ұйымда жұмыс істеуге қабілетті, бірақ дәл қазір істемейтін адамдардың анықталмаған саны жатады.Кадрларды жұмыспен қамту орталықтары арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іздеуге болады.
Кадрларды сұрыптау.Ұйымның келешек қызметкелерін іріктеудің негізгі деп үміткерлерді сұрыптау кезеңін түсінеміз. Бұл кезеңнің мазмұны көп жағдайда ұйымның дәстүріне, мәдениетіне, қызметтің сипатына байланысты болады. Кәсіпорынның болашақ қызметкерге қоятын талаптарына сәйкес болуын байқау үшін іріктеудің бірінші кезеңі үміткерлердің тізімін талдаудан басталады.
Келесі кезеңде кадрлар бөлімі іріктеп алынған үміткерлерімен жеке әңгімелесу жүргізеді. Бұл әңгімелесудің мақсаты үміткердің тамаша қызметкер суретіне сәйкестік дәрежесін анықтап, оның қызметтік нұсқаулар талаптарын орындау қабілеттілігін, кәсіби өсу және даму әлеуетін, ұйымда бейімделу қабілетін, еңбек ету шарттарын орындау, жалақы төлеу мәселелерімен келісетінін анықтау. Әңгімелесудің ең маңыздылығы ол екі жаққа да тиісті үдеріс болғандықтан, ұйым үміткерді бағалап қана қоймай, үміткер де ұйымды оның жеке көзқарасы мен сұранымына сәйкестігі тұрғысынан бағалайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Жұмысқа қабылдау үдерісі мен оның сипаттамасы
2. Персоналды басқару үдерісіндегі бастапқы кезең
3. Жұмыс мазмұнын талдау
4. Жұмысқа қабылдау үдерісі қандай кезеңдерден тұрады
5. Лауазымдық нұсқау негізінде жасалған мамандық карта қай мамандықтың сипаттамасынан тұрады
6. Жұмысшы күшін жинақтау ішкі факторларға байланысты,соның ішінде
7. Біліктілік ұғымына анықтама беріңіз
8. Мансапты таңдау үдерісі
9. Кадрларды орналастыруда негізгі мәліметтерге жататындар
10. Кадрларды жалдау әдістері мен көздері
11. Кадрларды сұрыптаудың жолдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет