Удк резенция бергендер


Жоғары деңгейдегі жетекшілік қызметке жоғарлатуға қойылған резервті қалыптастырудың тәртібі мен әдістемесі



бет63/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару

2. Жоғары деңгейдегі жетекшілік қызметке жоғарлатуға қойылған резервті қалыптастырудың тәртібі мен әдістемесі. Резервті қалыптастыру былай жүзеге асырылады:
- дайындық жұмысы
- сарапшы топтардың барлық қызметкерлерінің сапасын бағалауы
- жұмыс бабында сол лауазымға қойылатын талаптарға сай болатын жақсы баға алған және іс-әрекеті бойынша жақсы нәтижеге жеткен үміткерлерді резервке қосуды атап көрсету
- қызметкерлерді резервтердің қатарына қосу туралы шешім қабылдау.
Әр түрлі деңгейдегі қызметкелердің іскерлік, жеке адамдық және кәсіби қасиеті бағаланады. Резервке қосу үшін сапаларды бағалау жабық болып табылатын сауалдамалар көмегімен жүзеге асырылады. Бағалау аттестацияланатын адамның өзімен, оның жетекшілерімен және қол астында жұмыс істейтін қызметкерлермен төртінші тоқсанда жүргізіледі.
Резервті қалыптастырудың екінші кезеңінде барлық аттестацияланатындардың ішінен сапарлар бағасы, қызметтерінің нәтижесі және кадрлық мәліметтерді лауазымды орындардың талаптарын қанағаттандыратын қызметкерлер тобы анықталады.
Резервке мамандарды қосу туралы шешім кәсіпорын жетекшісінің жеке сұхбаттасуының арқасында және үміткермен аттестациялық комиссия мүшелерінің сұхбаттасу нәтижесі бойынша шешім қабылданады.
Тізімді бекіткеннен кейін барлық үміткерлерге оларды кадрлық резервке белгілі бір лауазымға қабылдау туралы шешіш қабылдағаны туралы хабарланады.Резерв тізімі кәсіпорын, мекеменің барлық қызметкерлеріне жеткізіледі.
Кадрлық резервпен жұмыс жасау туралы жоспарлар қысқа (1-2) және ұзақ (5-10) кезеңдерге лайықтанып жасалады. Жоспарлаудың басты мақсаты персоналдық әлеуетті сақтау және дамыту, әлеуметтік-экономикалық реформалар мәселелерін үздіксіз шешуін қамтамасыз ету болып табылады.
Кадрлық резервті дайындау резервке қабылданған қызметкерлерді оқыту және тәрбиелеу, тәлім беру, оларды күнделікті жұмыста жүйелі түрде жан-жақты зерттеуден тұрады, оқытудың қажетті түрлерін анықтан, осы резервке қабылданған қызметкерлерді лауазымға байланысты іскерлік біліктілігін жоғарлату және жұмыстың тәжірбиелік дағдысын меңгеруге көмектесетін шараларды анықтаудан тұрады.


Бақылау сұрақтары:
1. Барынша жоғарғы деңгейдегі жетекшілік қызметке көтеруге арналған жұмыскерлердің арнайы қалыптастырылған және дайындалған тобы
2. Белгілі уақыт мерзімінен кейін анықталған қызметке қойылатын үміткер ретінде жетекшілердің резервіне енгізілген ұйымның қызметкері
3.Жоғары деңгейдегі жетекшілік қызметке жоғарлатуға қойылған резервті қалыптастырудың тәртібі мен әдістемесі
4.Өзінің жоспары мен кәсіби өсуін жүзеге асыру үшін қызметкердің қолданатын іс-әрекеті
5.Кадрлар резервін қалыптастыру, оның құрамына кіретін жұмыскерлерді кіретін жұмыскерлерді жаңа қызмет орнына тағайындау
6.Үміткерлерді резервке іріктеу қай негізде жүргізіледі
7.Кадрлық резервті дайындау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет