Науқастың шағымдары: жүрек айну, құсу, бас айналу, жүрек баяу соғуы (брадикардия), жалпы əлсіздік.
Клиникалық əйгіленістері:
Жеңіл дəрежелі улану: есі түзу, ЭКГ-да – шамалы брадикардия (60-50 рет/мин.), атриовентрикулалық (АВ) өткізгіштігі 0,20-0,22 сек-ке дейін баяулайды, Гис будасы тармақтарының жартылай блокадасы (0,09-0,11 сек.), əлсіздік, артериялық қысымы қалыпты деңгейде.
Орташа дəрежелі улану: жалпы əлсіздік, ЭКГ-да 1-2 дəрежелі атриовентрикулалық (АВ) немесе синоатриялық (СА) блокада, 30% жағдайда Гис будасы тармақтарының толық блокадасы дамуы мүмкін. Науқастың түсі (тері түсі) бозарған, артериялық қысымы (АҚ) 110/60 мм сын. бағ., жүрек соғуы 1 минутта 55-40 рет шамасында.
Достарыңызбен бөлісу: |