Дұрыс тамақтану=диета емес, бұл ақуыздардың, көмірсулардың, витаминдердің теңгерімді мөлшерін күнделікті қабылдау,ал өзін белгілі бір қоректік заттармен шектеу,анорексияға әкелуі мүмкін.
Бико: қазір салауатты өмір салтына ешқандай қатысы жоқ диеталар өте көп.Жәнеде метаболизмнің жұмысын тездететін көптеген өнімдер бар,шын мәнінде адам бұдан арықтай алады, бірақ бұл табиғи процесс емес.Сондықтан ауруға алып келуі мұмкін.
Улжан: Жақсы фигураның құпиясы тек дұрыс тамақтануда ғана емес, сонымен қатар денеде май жағудың дұрыс жүйесінде, өйткені тамақтану ережелеріне сәйкес, дене күннен-күнге қанша калория жұмсаса, сонша калория тұтыну керек.
Дұрыс тамақтану адамның диетасындағы салауатты өмір салтының негізгі шарты болып табылады.Сондықатн да адам күн сайын организмнің негізгі құрылыс материалдары болып табылатын белокты жеуі керек.Олар:ет, сүт, балық, жұмыртқада бар.
Ал майдың аз мөлшері,майда еритін дәрумендердің сіңірілуіне көмектеседі.Мысалға А Д Е К дәрумендері. Адам үшін энергияның негізгі көзі көмірсулар болып табылады.
Көмірсу екі тұрге болинеді.
1.Қарапайым: бал,қантты,кәмпиттер жатады
2.Күрделі: жемістердің, көкөністердің, Адамға ұн тағамдары немесе тұтас дәнді дақылдар әсіресе пайдалы.
Бико: Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпыы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.
Улжан : Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр.
Бико: Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Кез-келген адам тамақтанбай өмір сүре алмайды. Адамзат ғасырлар бойы тамақ табу үшін күресумен келеді. Әрбір адам денсаулығы мықты, жаны, тәні күшті де қайратты болып өсуі, өздерінің жұмыс қабілетін сақтай отырып ұзақ жасауы үшін әрбір адам тамақтану тәртібін, тағамдардың емдік қасиетін білуге тиіс
Улжан: Дұрыс тамақтану ережелері
:: Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
:: Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
:: Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |