Сабақтың тақырыбы: Жас көкөністерден тамақ дайындау
|
Сабақ мақсаты: б) балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру;
д) ойлау қабілетін дамыта отырып, көкөністердітурау әдістерін үйрету;
т) ұқыптылыққа баули келе балалардың шығармашылық ізденісін шыңдау және тех. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі: СТО технологиясымен топтық сайыс
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Балалармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа назарын аудару.
0
|
Көкөністерден жасалған тағамдардың тартымдылығы, бұл, ең алдымен, олардың дәмі, иісі, түрі және беру тәсілі. Көкөністер мен жемістерді күніне бес рет қолдану принципін назарға ала отырып, келесі ережелерді ұстанып, біздің организміміздің аса жақсының барлығын алуы үшін тырысыңыз.
Егер Сіз жас піскен көкөністерді сатып алатын болсаңыз, олар тиесілі түрде өсірілген және солып қалмаған болсын. Егер Сіз мұздатылған көкөністерді сатып алатын болсаңыз, олар толығымен мұздатылған, құрғақ және жабысып қалмаған болуы тиіс.
Жуылған көкөністерді өте жұқалап тазалаңыз, себебі дәл қабығының астында қоректік компоненттердің аса көп мөлшері шоғырланған.
Тазаланған көкөністерді бірден суық суға шайыңыз, оларды суға салып қоймаңыз. Суға салып қойғанда бағалы қоректік компоненттері (суда еритін дәрумендер – В және С тобынан), сондай-ақ минералдық компоненттері жойылады.
Жапырақты көкөністерді жапырақтарын ажыратып және суды ауыстыра отырып, өте мұқият шайыңыз. Жапырақтарын жаншып және сындырып алмау үшін, оларды абайлап сүзіп алыңыз.
Жуылған, тазаланған немесе ұсақталған көкөністерді буға пісіруге арналған құрылғыға немесе тұз қосылған, қайнап жатқан судың шамалы мөлшеріне салып, оларды бірден пісіріңіз. Көкөністерді пісірудің алдында суға салып қою қате болып табылады.
Сіз пісіруге дайындаған, құрамында каротині бар көкөністерге шамалы май, мысалы, зәйтүн майын қосыңыз. Тамыр жемістерді және ірі бұршақ көкөністерін пісіру кезінде қақпақпен жабыңыз. Қырыққабат тұқымдас көкөністерді алдымен ашық ыдыста пісіріңіз, ал бірнеше минуттан кейін қақпақпен жауып қойыңыз.
Көкөністерді пісіру уақытын минимумға дейін шектеңіз. Оларды ұзақ уақыт емес, жоғары температурада, тиесілі жұмсарғанға дейін пісіріңіз.
Салаттарға арналған көкөністерді қабығымен әзірлеген және тазаламай суытқан жақсы.
Шикі көкөністен жасалатын салаттарды тікелей үстелге қоюдың алдында, соңғы сәтте жасаңыз.
Кесілген көкөністердің әрбір порциясын бірден тұздықпен немесе өсімдік майымен араластырыңыз, себебі май көкөністер тілімдерін жұқа қабатпен жауып, дәрумендерді қышқылданудан қорғайды.
Көкөніс тағамдарына, тікелей үстелге қоюдың алдында дәмдеуіштер немесе шөптер қосыңыз.
Егер бұл қоспалар жас піскен болса, оларды ақырғы сәтте, көкөністерге қосудың алдында ұсақтаңыз.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Достарыңызбен бөлісу: |