22 тақырып. Жүрек-тамырлар жүйесі.
Мақсаты: Жүрек қабырғасындағы қабықтардың, әртүрлі қызыл және көк тамырлардың, тамыршалардың, қылтамыршалардың, жалғамалардың құрылысын және жүректің жиырылу, өткізгіш ерекшеліктерін білу.
1 тапсырма. Жүрек қабырғасының қабықтары қандай ұлпалардан құралғанын көрсету керек.
2 тапсырма. Түрлі қызылтамырлардың қабықтары қандай ұлпалар құрамыннан тұратынын ойланып, мына кестеде көрсету қажет.
Қызылтамырлар типтері
|
Қабықтары
|
|
ішкісі
|
ортаңғысы
|
сыртқысы
|
|
|
|
|
3 тапсырма. Қызыл, көк тамыршалар мен қылтамырлар құрамына енетін жасушалар құрамын айқындап, олар қандай қызметтер атқаратынын баяндап, мына кестені толтыру керек.
Тамырлар
|
Жасушалар құрамы
|
Қызметтері
|
Қызылтамыршалар
|
|
|
Қылтамырлар
|
|
|
Көктамыршалар
|
|
|
Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:
Алғашқы қан тамырлары ұрықтан басқа жерде қалай түзiледi, ұрық денесiнде ше?
Жүрек қандай ұрық жапырақшаларынан дамиды?
Жүрек қабырғасындағы қабықтары, олардың әр қайсысын қандай ұлпалар түзедi?
Жүректiң өткiзгiш жүйесiн не құрады және оның жүрек қызметiндегi маңызы қандай?
Тамырлардың түрлерi, бұлшық еттi қызылтамыр қабырғасының құрылысы, басқа қызыл, көктамыр және сарысу тамырлары қабырғасындағы құрылыс ерекшелiктерi неде?
Қан қылтамырларының түрлерi, олардың қабырға құрылысының ерекшелiктерi қандай?
Қызыл, көктамыршалардың қабырға құрылысын қылтамырлармен салыстырғандағы ерекшелiктер неде?
Көктамырдың құрылым, қызмет ерекшелiктерi, қызылтамырлардан айырмашылығы неде?
Жүрек қабықтары және олардың құрамы қандай?
23 тақырып. Қан түзетін ағзалар. Көк бауыр. Лимфа түйіншелері.
Мақсаты: Қан түзетін және иммунитет дамытатын ағзалардың жіктелуін меңгеру. Лимфа түйіншелері, көк бауырдың микроскопиялық құрылысының ерекшеліктерін зерделеу.
1 тапсырма. Лимфа түйіншелері препаратын кіші ұлғайтқышта қарап, оның құрылысын толық көріп шығып, суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-қабығы, 2-перделіктер, 3-қыртысты зат: а) фолликулалар, б) жиектік қойнау, в) аралық қыртысты қойнау, 4-милық зат: г) милық тәж, д) аралық милық қойнау, е)қақпалық қойнау, 5-Т-аймақ, 6-В-аймақ, 7-әкелетін лимфа тамырлары, 8-әкететін лимфа тамырлары.
2 тапсырма. Көкбауыр препаратын қарап, суретін дәптерге салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-мезотелий, 2-қабығы, 3-перделіктер, 4-көкбауыр денешіктері (жұмсақ-ақ ұлпа): а) орталық қызылтамыр, 5-қызыл ұлпа.
Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:
Қандай ұлпа қан түзу ағзаларының негiзiн түзедi?
Лимфа түйiншегi мен көкбауыр қабықтарын, стромасын қандай ұлпалар құрады?
Қойнаулы, қойнаусыз көкбауыр қызыл ұлпалары құрылысындағы айырмашылықтар неде?
Көкбауырдың ақ ұлпасы туралы не бiлесiз?
Лимфа түйiншегi мен көкбауырдың қай жерлерi Т және В – аймақтарына жатады?
Лимфа түйiншегi қандай қызметтер атқарады?
Көкбауырдың атқаратын қызметi неде? Ондағы қан айналымы туралы не бiлесiз?
Көкбауырды лимфа түйiншегiнен қалай ажыратады?
Миелоидты ұлпа дегенiмiз не?
Лимфоидты ұлпа дегенiмiз не?
Миелоидты және лимфоидты қан түзiлу қандай ағзаларда жүредi?
Жiлiктiң кемiктi майының қабығы мен стромасы неден құралған?
Миелопоэзбен лимфопоэздiң қатарларын ата.
Сүйек кемігі мен айырша без (тимус) иммуногездiң қандай ағзасы? Орталығы немесе шеткiсі ме? Неге олай бөлiнедi?
Айырша безiнiң қыртысты және жұмсақ заттарының айырмашылығы неде?
24 тақырып. Зәр шығару жүйесі. Бүйректер.
Мақсаты: Бүйректер мен зәр шығару жолдары құрылысын жарық және электронды микроскопта зерделеу. Бүйрек үлпершегінің құрылым – қызмет бірлігі – нефронның құрылымын да жарық және электронды микроскоптарда қарап, меңгеру.
1 тапсырма. Бүйрек нефронның негізгі бөлімдерін атап, олардың ондағы орналасқан жерін кестеде көрсету керек.
Бүйрек заттары
|
Нефрон бөлімдері
|
Қыртысты зат
|
|
Милық зат
|
|
2 тапсырма. Зәр құру қызметіне орай, бүйректі қанмен қамтамасыз етудің ерекшелігін төменгі кестеде белгілеу қажет.
Тамырлар атауы (қан ағынына орай)
|
Бүйрек заттары
|
Сүзуге және қайта сорылуына қатысуы
|
|
|
|
3 тапсырма. Атқаратын қызметіне орай, нефронның өзегі әр бөлімдері мен жинаушы түтікшелер қандай эпителийлермен төселгенін баяндау керек.
Бүйрек өзегінің атаулары
|
Эпителий түрлері
|
Қызметтері
|
|
|
|
Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:
Нефрон бөлiмдерiн және бөлшектерiн атаңыз.
Бүйректiң қыртыс затының үлпершегiн нефронның қай бөлшектерi құрады?
Бүйрек жұмсақ затын не құрады? Сәулелi бөлiктерiн ше?
Бүйрек денешiктерiн не құрады?
Сүзiлу қай жерде жүредi және сүзгiштi не құрады?
Алғашқы несеп қай жерде қайтадан сiңiрiледi?
Нефронның дистальды бөлiмiндегi ирек өзекшелерiнiң проксимальды бөлiмiндегi өзекшелерiнен айырмашылығы неде?
Қуық кiлегей қабығының қабаттарын атап, ол қандай эпителиймен төселгенiн түсiндiр.
Қуық бұлшық ет қабығының қабаттарын атаңыз.
Бүйрек юкстагломерулалық аппаратының гистологиялық құрылымы қандай? Оның қай жерiнде ренин бөлiнедi?
Зәрағармен қуық қабырғаларында қандай қабықтар болады?
25 тақырып. Аталық жыныс жүйесі. Ен.
Мақсаты: Бейтарап сатыдағы жыныс бездері мен жыныс жолы ұрықтық дамуда қалай қаланатынын, оның негізін білу. Жыныс тұрқының айырмашылығы қалай басталатынын меңгеру. Еннің, қуықтүбі безінің гистологиялық құрылысын зерделеу. Еркек малдардың өсіп-өну ағзаларын анықтап, оның құрамындағы ұлпаларды ажырата алу.
1 тапсырма. Кестеде сперматогенездің қай фазасына мына жасушалар сай келетінін белгілеу қажет.
Жасушалар
|
Көбею
|
Өсу
|
Пісу
|
Қалыптасу
|
Сперматозоид
|
|
|
|
|
Сперматогоний
|
|
|
|
|
Бірінші ретті сперматоцит
|
|
|
|
|
Екінші ретті сперматоцит
|
|
|
|
|
2 тапсырма. Мына кестені дәптерге жазып алып, онда өсіп-өну ағзаларының дамуындағы бейтарап сатыға, жыныс диморфизмінің білінуіне тән белгілерді қажетті бағанға + немесе – қою қажет.
Белгілер
|
+
|
-
|
Бастама бүйректің ортаңғы бетінде сір қабығы қалыңдайды, онда гоноциттер жиналады
|
|
|
Жыныс безі бастамаларына гоноциттер, ұрықтық эпителийлер терең батады, онда жасушалар тәжі құралады
|
|
|
Жыныс безі бастамаларына гоноциттер, ұрықтық эпителийлер терең батады, онда жұмыртқасы бар шар түзіледі.
|
|
|
Вольф денешігінің бөлігі жыныс жолына айналады
|
|
|
Жыныс жолының қалыптасу көзі тек мюллеров өзегі болады
|
|
|
Жыныс жолының қалыптасу көзі вольф өзегі болады
|
|
|
Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:
Ұрықтың иректi өзекшесiнiң қабырғалары құрамын ата.
Лейдиг жасушасының құрылысы, ол қандай гормон бөледi?
Ен қосалқысындағы барлық өзекшелердi атап, әкетүшi өзекшелерден тiк өзекшелер қандай белгiлерiмен ерекшелелетiнiн түсiндiр.
Көлденең кесiндiдегi ен сағағын қандай белгiлерiне қарап, препаратта анықтауға болады?
Еркек малдардың барлық қосымша бездерiн атап, олардың маңызын сипатта.
Еннiң құрылысы қандай?
Үрпi құрылысын түсiндiр.
26 тақырып. Аналық жыныс жүйесі. Жұмыртқалық.
Мақсаты: Ұрғашы малдар өсіп-өну ағзаларының құрылысын микроскопта анықтап, жұмыртқалық, ондағы түрлі көпіршіктер құрылымының ерекшеліктерін және сары тін, бітеуөзек құрылыстарын байқап, меңгеру.
1 тапсырма. Дәптерге мына кестені салып алып, жұмыртқалық және басқа ағзалар құрылымдарының ұрықтық даму көзіне “+” белгісін қою керек.
Жасушалар, ағзалар
|
Ұрықтық эпителий
|
Парамезо нефр.өзек
|
Мезен хима
|
Гоно бласт
|
Зәржыныс қойнауы
|
Жұмыртқалықтағы овоциттер
|
|
|
|
|
|
Жұмыртқалықтағы фолликулалық эпителий
|
|
|
|
|
|
Жұмыртқалықтағы аралық жасушалар
|
|
|
|
|
|
Жұмыртқаклетка жолы
|
|
|
|
|
|
Жатыр
|
|
|
|
|
|
Қынап
|
|
|
|
|
|
2 тапсырма. Мысық жұмыртқалығы препаратын қарап, оны дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-жамылғы эпителий, 2-ақ қабық, 3-қыртысты зат ( фолликулалар аймағы), 4-алғашқы, 5-екінші және 6-үшінші (граафов көпіршігі) фолликулалар: а) жұмыртқа дамитын төмпешік, б) түйіршікті аймақ, в) шыны тәрізді қабық, г) ішкі және д) сыртқы қаптамалар, 7-сары тін, 8-бітеуөзек, 9-милық зат (тамырлы аймақ), 10-строма.
Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:
Аналық без үлпершегiнiң қыртысты затын не құрады?
Қандай белгiлерiне қарап екiншi фолликуланы алғашқыдан ажыратуға болады?
Граафов көпiршiгі қабырғасының құрылысын ата.
Сары тін қалай және қашан дамиды?
Бітеуөзек (атрезия денешiгi) дегенiмiз не?
Миометрийдiң тамырлы қабатын не құрады? Онда тағы да қандай қабаттар бар?
Эндометрий және периметрий дегенiмiз не?
Аналық без қыртысты затын неге фолликулалы, жұмсақ затын – тамырлы аймақ деп атайды?
27 тақырып. Қағанақ, оның жіктелуі.
Мақсаты: Уақытша ағзалардың құрылуының негізгі кезеңдерін және біртіндеп дамуын білу. Аллантохорион бүрлерінің орналасуына және ұлпалардың ұрық пен аналық қан тамырлары арасында орналасуына байланысты қағанақ түрлерінің құрылыс ерекшеліктерін меңгеру.
1 тапсырма. Эпителиохориалды қағанақ препаратын қарап, суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-аналық бездегі бүрлер, 2-ұрықтық дәнекер ұлпа – бүрлер негізі, 3-ондағы ұрықтық қылтамырлар, 4-хорион эпителийі (цитотрофобласт), 5-аналық эпителий, 6-эндометрийдің дәнекер ұлпа негізі, 7-ондағы қан қылтамырлары.
2 тапсырма. Сызбадан десмо (А)-, эндотелио (Б)-, және гемохориалды (В) қағанақ суреттерін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-ұрық қан қылтамырларының эндотелийі, 2-хорионның ұрықтық дәнекер ұлпасы, 3-хорион эпителийі, 4-эндометрийдің дәнекер ұлпа негізі, 5-аналық қан қылтамырының эндотелийі, 6- қан лакундары.
Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:
Қағанақ дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіз.
Қағанақты не құрады және олар қандай қызметтер атқарады?
Қағанақтарды қандай белгілеріне қарап, шашыраңқы, ыдысша, шеңбер және диск тәрізді деп жіктейді? Ондай қағанақтар қандай жануарларға тән болатынын түсіндір.
Гистологиялық жіктеуге сай аталатын қағанақ түрлерін атап, олар қандай жануарларда болатынын баяндау қажет.
Қағанақтың аналық бөлімін не құрады?
Қағанақ тосқауылын құратын ұлпалар құрамбөліктерін ата.
28 тақырып. Эндокринді жүйе. Гипофиз. Қалқанша без. Бүйрекүсті без.
Мақсаты: Эндокринді жүйенің жіктелуін ұғып алу. Оның орталық және шеткі деп бөлінуін, әрі не себепті гипофиз эндокринді жүйенің орталық ағзасы болып есептелінетінін айқындау. Эндокринді ағзаларға тән құрылыстарындағы белгілерін біліп, гипофиз, қалқанша және бүйрекүсті бездерінің микроскоптағы ерекшеліктерін зерделеп, олардың сыртқы секреция бездерінен айырмашылығы неде екенін меңгеру, әрі оларды жарық, электронды микроскоптарда ажырата алу.
1 тапсырма. Кестеде эндокринді және экзокринді бездердің құрылым, қызмет ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасаңыз.
Құрылымы, қызметі
|
Эндокринді бездер
|
Экзокринді бездер
|
Шығару өзектер
|
|
|
Қанмен қамтамасыз ету деңгейі
|
|
|
Түзінді қайда бөлінеді
|
|
|
Түзіндінің физиологиялық қасиеттері
|
|
|
2 тапсырма. Гипофиздің даму, құрылыс, қызметін түсіну үшін мына кестеде оның құрылым ерекшеліктерін, қызметін белгілеу керек.
Аденогипофиз
|
Бөліктері
|
Даму көзі
|
Жасушалар түрлері
|
Бөлінетін гормондар
|
Гормондардың физиологиялық әсерлері
|
Алдыңғы
|
|
|
|
|
Аралық
|
|
|
|
|
Артқы
|
|
|
|
|
Нейрогипофиз
|
Даму көзі
|
Негізгі құрылымы
|
Гормондар
|
Гормондардың физиологиялық әсерлері
|
|
|
|
|
3 тапсырма. Мына кестені толтырып, қалқанша және қалқанша маңы бездерінің құрылыс, қызмет ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Құрылымы, қызметі
|
Қалқанша без
|
Қалқанша маңы безі
|
Жасушалар түрлері
|
|
|
Даму көзі
|
|
|
Түзетін гормондары
|
|
|
Гормондардың физиологиялық әсерлері
|
|
|
Гипофизге тәуелді ме
|
|
|
4 тапсырма. Бүйрекүсті безінің даму, құрылым, қызмет кестесін толтырыңыз.
Құрылымы, қызметі
|
Бүйрекүсті безі
|
Қыртысты зат
|
Милық зат
|
Даму көзі
|
|
|
Аймақ атаулары
|
|
|
Түзетін гормондары
|
|
|
Гормондардың физиологиялық әсерлері
|
|
|
Гипофизге тәуелді ме
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |