Умкд 042-18-35 01/01-20 Редакция №2


Бунақденелілер класы бойынша тест тапсырмалары



бет2/2
Дата10.03.2017
өлшемі456,03 Kb.
#11285
1   2

Бунақденелілер класы бойынша тест тапсырмалары

1. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым:

а) акарология

в) энтомология

с) малакология

d) карцинология

е) гельминтология
2. Бунақденелілерде кездесетін дене қуысы:

а) схизоцель

в) целом

с) миксоцель

d) гастраль қуысы

е) дене қуысы жоқ


3. Бунақденелілер өкілдерінің ішкі ортасы:

а) паренхима



в) миксоцель және қанайналу жүйесі
с) мезоглея
d) клеткалық құрылысы жоқ гомогенді сұйық
е) қанайналу жүйесі жоқ

4. Гетерономды метамериясы бар класс:

а) көпқылтанды құрттар

в) азқылтанды құрттар

с) сүліктер

d) қосжақтаулылар

е) бунақденелілер


5. Бунақденелілерге тән болып келетін симметрия типі:

а) винтті симметрия

в) шар симметриясы

с) радиальды симметрия

d) сәулелі симметрия

е) билатеральды симметрия


6.Төмендегі отрядтардың ішіндегі толық түрленіп дамитын отряд:

а) жарғаққанаттылар отряды

в) тарақандар отряды

с) түзуқанаттылар отряды

d) қандалалар отряды

е) инеліктер отряды

7. Алдыңғы аяғы ұстағыш типке жатады, сирағының ішкі жағы тісшелерден тұрады. Бұл ерекшелік тән:

а) термиттер отрядына

в) түзуқанаттылар отрядына

с) дәуіттер отрядына

d) жартылай қатқылқанаттылар отрядына

е) қатқылқанаттылар отрядына


8. Аралар, құмырсқалар, шаншарлар, егеушілер жататын отряд:

а) қатқылқанаттылар отряды

в) жарғаққанаттылар отряды

с) тозаңқанаттылар отряды

d) жартылай қатқылқанаттылар отряды

е) түзуқанаттылар отряды


9. Шегірткелер, шекшектер жататын отряд:

а) қатқылқанаттылар отряды

в) жарғаққанаттылар отряды

с) қосқанаттылар отряды

d) жартылай қатқылқанаттылар отряды

е) түзуқанаттылар отряды


10. Қоңыздың дамуының кезендері:

а) жұмыртқа, дернәсіл, имаго

в) жұмыртқа, имаго

с) жұмыртқа, қуыршақ, имаго

d) жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, имаго

е) жұмыртқа, нимфалар, имаго


11. Ауыз аппараты тескіш-сорғыш типке жататын бунақденелі:

а) үй шыбыны

в) адам бүргесі

с) капуста ақ көбелегі

d) бал арасы

е) шаншар


12. Бунақденелілердің бас миының бөлімдері:

а) протоцеребрум

в) дейтоцеребрум, тритоцеребрум

с) тритоцеребрум

d) протоцеребрум, дейтоцеребрум және тритоцеребрум

е) бас миы дамымаған


13. Бунақденелілердің зәр шығару мүшесі:

а) протонефридий

а) метанефридий

с) целомодукт

d) бүйрек

е) мальпигий түтіктері


14. Бунақденелілердің бас бөлімі құралған:

а) простомиум және перистомиумнан

в) акрон және үш сегменттен

с) акрон және төрт сегменттен

d) акрон және жеті сегменттен

е) тек акроннан


15. Шала түрленіп дамитын отряд:

а) қоныздар отряды

в) торқанаттылар отряды

с) көбелектер отряды

d) қандалалар отряды

е) бүргелер отряды


16. Қансорғыш бунақденелілер - маса, сона, шіркей, құмыты, үнсіз масалар жататын отряд:

а) торқанаттылар отряды

в) жарғаққанаттылар отряды

с) теңқанаттылар отряды

d) қосқанаттылар отряды

е) түзуқанаттылар отряды


17. Көкірек бөлігі бунақталмаған, қанаты жоқ. Жылы қанды жануарлардың паразиті. Бұл бунақденелі жатады:

а) қандалалар отрядына

в) бүргелер отрядына

с) биттер отрядына

d) тозаңқанаттылар отрядына

е) мамықжегіштер отрядына


18. Ауыз аппараты спираль тәрізді оралған тұмсық. Денесі, қанаты қабыршақтармен қапталған. Бұл ерекшеліктер тән:

а) көбелектер отрядына

в) теңқанаттылар отрядына

с) жарғаққанаттылар отрядына

d) қосқанаттылар отрядына

е) бүргелер отрядына


19. Сорғыш түтік тәрізді ауыз аппараты бар отряд:

а) биттер

в) қандалалар

с) қабыршаққанаттылар

d) қатқылқанаттылар

е) жарғаққанаттылар


20. Төмендегі топтардың ішінде қанатсыз бунақденелілерге жататыны:

а) қандалалар

в) биттер

с) жарғаққанаттылар

d) түзуқанаттылар

е) қосқанаттылар


21. Ызылдауық мүше тән болып келетін бунақденелілердің отряды:

а) бүргелер отряды

в) қосқанаттылар отряды

с) қоңыздар отряды

d) көбелектер отряды

е) қандалалар отряды


22. Бунақденелілердің жүргіш аяқтарының жұбы:

а) бір


в) екі

с) үш


d) төрт

е) бес
23.Толық түрленіп дамитын бунақденелілер тобы:

а) тарақандар

в) қандалалар

с) инеліктер

d) түзуқанаттылар

е) көбелектер
24. Масалардың ауыз аппараты:

а) кеміргіш

в) сорғыш

с) тескіш-сорғыш

d) жалағыш

е) кеміргіш-жалағыш


25. Бунақденелілер үшін тән қоректену типтері:

а) копрофагия

в) фитофагия
с) зоофагия
d) некрофагия
е) жоғарыда көрсетілгендердің барлығы
26. Көбелектер мен жарғаққанаттыларға тән даму типі:

а) тура даму

в) дернәсілдік
с) толық емес метаморфоз арқылы даму
d) толық метаморфоз арқылы даму
е) анаморфоз арқылы даму
27. Мандибулалары стилеттерге айналған бунақденелілер:

а) тарақандар

в) қандалалар
с) құмыты, масалар
d) инеліктер
е) көбелектер
28. Майлы дененің атқаратын қызметі:

а) экскреторлы және трофикалық

в) зәр шығару және фагоцитарлы
с) асқорыту, метаболизмге қатысу
d) су мен глюкозаның реабсорциясы
е) фагоцитарлы
29. Көбелектерге тән дернәсіл типі:

а) нимфа


в) наяда
с) жұлдызқұрт
d) құрттәрізді
е) аяқсыз
30. Жануарлардың эндопаразиттері болып табылатын бунақденелілер:

а) шаншарлар, бөгелектер

в) қандалалар, масалар
с) галлицалар
d) түзуқанаттылар дернәсілдері
е) қабықжегіштер
31. Бөгелектердің маңызы:

а) жануарлардың мұрын, ауыз қуыстарында және жараларында паразиттік тіршілік етеді

в) жапырақ пен сабақ маңайында жүреді
с) өсімдіктердің шырынымен қоректенеді
d) ағаш қабығын бүлдіреді
е) тозаңдандырушылар болып табылады
32. Бунақденелілердің суда өмір сүретін дернәсілдерінің зәр шығару мүшелеріне жатады:

а) максиллярлы бездер

в) коксальды бездер
с) мальпиги түтіктері
d) жасыл без
е) антеннальды бездер
33. Қатқылқанаттылар үшін тән метаморфоз:

а) эволютивті тип

в) метаморфоз жоқ
с) толық емес метаморфоз арқылы даму
d) толық метаморфоз арқылы даму
е) анаморфоз арқылы даму
34. Бунақденелілер класының өкілдеріне тән аяқ құрылысы:

а) қосбұтақты аяқтар

в) бірбұтақты аяқтар
с) жамбас, ұршық, сан, сирақ, табан
d) мандибула және максиллалар
е) протоподит, эндоподит, экзоподит, эпиподит
35. Бунақденелілердің күрделі немесе фасеткалы көздерінің морфо-функционалдық бірлігі:

а) пигментті клеткалар

в) нейрондар
с) сауытшалар
d) таяқшалар
е) омматидийлер
36. Мимикрия – дегеніміз:

а) тіршілік циклінің типі

в) даму типі
с) дененің арнайы түсі мен формасында көрінетін сыртқы ортаға реакция
d) белгілі бір модельдерге еліктеу
е) метаморфоз типі
37. Қоңыздардың ауыз аппараты:

а) тесіп-сорғыш

в) сорғыш

с) жалағыш

d) кеміргіш

е) астыңғы еріні ұстағыш


38. Бал ара жанұясы құралады:

а) тек аналық ара

в) тек жұмысшы аралар

с) аналық ара, трутеньдер, жұмысшы аралар

d) аналық ара, трутеньдер

е) жұмысшы аралар, трутеньдер


39. Алдыңғы қанаттары қатты, артқы қанаттары жарғақты болатын бунақденелілер:

а) бөгелектер

в) қоңыздар

с) соналар

d) бал арасы

е) инеліктер


40. Зауза қоңызының дернәсілінің типі:

а) нағыз дернәсіл


в) жалған жұлдызқұрт
с) жұлдызқұрт
d) құрттәрізді дернәсіл
е) аяқсыз дернәсіл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет