Умкд 042-18-35 01/01-2013 Редакция №1


— эпидермистің мүйізді қабаты



бет4/4
Дата13.08.2017
өлшемі0,7 Mb.
#23331
1   2   3   4

1 — эпидермистің мүйізді қабаты, 2 — мальпигиев қабаты, 3 — нағыз тері, 4 — май безі, 5 — шаш өзегі, 6 — шаштық қабыршақ қабаты, 7 — шаш қабы мен шаш қынабының арасындағы мөлдір қапшығы 8 — шаштың қабыршақ қабы, 9 шаш қынабы, 10 — шаш емізікшесі, 11— май бездері, 12 — шаш қабының еті

 

 



Сүт қоректілердің түктері жаңарып, жылдың белгілі бір маусымында түлеп тұрады. Тиіндер, түлкілер және көртышқандар жылына екі рет (күзде, көктемде) түлейді. Басқа сүт қоректілер жылына бір рет түлейді. Солтүстікті мекендейтін сүт қоректілердің түгінің тығыздығы мен ұзын-дығы жыл маусымына қарай түрліше болады. Тропиктік жануарларда жыл маусымдарындағы температураларының айырмашылығы шамалы болғандықтан көп өзгеріс болмай, олардың түгі әр уақытта бір қалыпты өседі.

С е з г і ш — түктердің атқаратын әрекеті түрліше болады. Оны сезімтал мұртша деп те атайды. Бұлар жануардың бас, мойын және төс бөлімдерінде орналасады. Құрсақ бөлімі ағашқа тиш қозғалатындарында (тиндерде) мұндай түк бауыр жағында болады. Түк қалтасының түбінде және оның керегесінде вибристердің басқа затқа тигенін сезетін нерв талшықтары болады.

Түктің түрі өзгерген түрі — инелер мен қылтанақтар. Эпи-дермистің басқа мүйіз туындыларына қабыршактар, тырнак, тұяқ мүйіз тұмсық және қуыс мүйіздер жатады. Қабыршақ көп-теген тышқан тәрізділердің табанында болады. Сол сияқты көптеген қалталылардың, кемірушілердің насекоммен қорек-тенетіндердің де құйрығында қабыршақ болады.

Мүйізді туындыларға сиырдың, ақбөкеннің, ешкінің, қойдың мүйізі жатады. Ал, бұғының мүйізі мұндай туынды емес, кутис-пайда болатын сүйекті зат.

Тері бездері өзінің құрылысына және атқаратын қызметіне қарай — тер, май, иіс және сүт бездері болып бөлінеді.

Тер бездері — түтік пішінді, астыңғы бөлімі иіріліп барып қошқар мүйізденіп бітеді. Бұлар бірден терінің үстіңгі бетіне немесе түк қалтасына ашылады. Бұл бездің продуктысы тердің құрамында су, еріген мочевина және тұз болады. Бұл продуктыларды тер безі жасап шығармайды, оған қан тамырларынан келеді. Тер безінің қызметі суды буландыру арқылы теріні салқындату және ыдырау өнімдерін бөліп шығару. Сөйтіп жылуды реттеп отыру және зәр шығару қызметін атқаратын болады. Тер бездері барлық сүт қоректілерде дерлік болады, бірақ барлығында бірдей жетілмеген. Мысалы ит пен мысықта өте аз, кемірушілердің көпшілігінің тер безі табанында, шабында және ерінінде болады. Кит тәрізділерде және кесіртке тәрізділерде тер безі болмайды.

Май бездері шоқтанып жатады да әрқашанда түк қалтасына ашылады. Май бездерінің шығарған өнімдері түктерді, эпи-дермистің сыртын майлап, сыртқы зиянды әрекеттерден сақ-

тайды.


Иіс бездері — тер немесе май бездердің түрінің өзгерген түрі болып саналады. Тіпті кейбір кезде сол екі бездің екеуінің де қажеті осы иіс безінен байқалады. Мысалы, сасық күзендердін, артқы тесігінің маңайында өткір иісті, сасық өнім шығаратын бездері болады. Бұл күзенді жауларынан қорғауда маңызды қызмет атқарады. Кейбір сүт қоректілерде мускустық иіс бездері болады. Бұл бездің маңызы әлі толық анықталмаған. Бірақ, без аталған жануарлар үйірге түскенде анық байқалады. Сондықтан оның қызметі жануарлардың көбеюімен байланысты, яғни жыныстық қозуды тудыруы мүмкін.

Сүт бездері — түтік пішінді болады. Клоакалы сүт қоректі-лердің (үйрек тұмсықтардың, ехидналардың) сүт бездері түтік сияқты болады. Олардың ұшы құрсақ жағындағы “безді алаң” деген бөлімдегі түк қалташығына келіп ашылады Балалары осы түктерді сорып, оның түбіндегі тесіктен шыққан сүтпен қоректенеді. Ехидналарда “безді алаң” арнаулы қалтаның ішінде болады. Бұл көбею кезінде дамиды. Мұның ішінде жұмырткасы, одан кейін ехиднаның баласы жатады. Үйрек тұмсықтылардың “безді алаңы” кұрсақ жағына орналасады. Бұлардың емшегі болмайды.



Қалталылар мен плацентарлылардың сүт бездері шоқта-нып орналасады. Олардың түтігі емшекке барып ашылады. Сүт бездері мен емшектердін, орналасуы түрліше болады. Ағаштарда өрмелеп жүретін маймылдар мен балаларын емізгенде басы төмен салбырап тұратын 'жарқанаттардың емшегі кеудесінде орналасқан, тек қана екі емшегі болады. Жер бетінде мекендейтін тұяқтыларда емшегі екі шабының арасына, жыртқыштар мен насеком қоректілерде құрсақ жағына екі қатар болып орналасады. Емшегінің саны балалағыштығына, көпшілік жағдайда туған баласының санына тең болады. Емшек саны маймылда, қойда, ешкіде, пілде, жылқыда екеу болады. Ең көп 10—24 емшек тышқан тәрізді кемірушілерде, насеком қоректілерде, кейбір қалталыларда болады.
Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Қасаң қабықтын пайда болуы.



13 Тақырып: Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысы.

Сабақтын мақсаты: Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:

  1. Қасаң қабықтын пайда болуы.

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Кестені толтыр: Омыртқалы жануарлардың сезім мүшелерінің құрылысы.

Омыртқалылар класы

Көзінің құрылысы

Есту мүшесінің құрылысы

Қосмекенділер







Бауырмен жорғалаушылар







Сүтқоректілер










  1. Кестені толтырыңыз.

    Белгілер

    Сүтқоректілер класы

    Түрлер саны




    Тері жамылғысы




    Тірек қимыл аппараты




    Ас қорыту жүйесі




    Қан айналу жүйесі



    Тыныс алу жүйесі



    Жүйке жүйесі




    Сезім мүшелері



    Бөліп шығару жүйесі



    Көбеюі





Түсініктеме.

Сүтќоректілер - жануарлар дүниесінің ең жоғары деңгейде дамыған тобы. Олар ќағанаќтылардың жылыќандылар тобына жатады.



Сүтќоректілердің өздеріне тєн негізгі белгілері: 1. терісі түкпен ќапталған. Терінің ќосалќы бөлімдеріне - мүйіз, тырнаќ, тұяќтар, түктер жатады. Терісінде сүт, тер, май және иіс шығаратын бездері болады;

2. бұлшыќеттері жаќсы дамыған єрі жіктелген. Кеуде ќуысы мен ќұрсаќ ќуысын көкет (диафрагма) бөліп тұрады;

3. ќаңќасында белдеулері мен аяќтарының сүйектері жаќсы дамыған;

4. асќорыту жүйесінде сілекей бездері жаќсы жетілген, тістері жеке топтарға (күрек, сойдаќ, азу) жіктелген. Кейбір түрлерінің (єсіресе күйіс ќайтаратындарда) ќарны бірнеше бөлімге (таз ќарын, ќатпаршаќ, жұмыршыќ, ұлтабар) бөлінген. Аш ішектері едеуір ұзын. Тоќ ішек аналь тесігіне ашылады;

5. тыныс алу жүйесі: өкпесі көптеген ұяшыќтардан (альвеолдардан) тұрады. Көмекейі көптеген шеміршектен ќұралған;

6. ќанайналым жүйесі. Жүрегі 4 камералы, жүрегінде тек сол жаќ ќолќа доғасы саќталған;

7. жүйке жүйесінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының сыртында иірімдер, сайшалар көптеп кездеседі. Ми ќыртысы жаќсы дамыған. Мишығының көлемі үлкен, єрі оның сырты да тұтас сұр затпен ќапталған. Мидан 12 жұп жүйкелер тарайды;

8. cезім мүшелері. Көру анализаторы жаќсы дамыған. Көз алмасының торлы ќабығында колба және таяќша тєрізді жарыќ сезгіш клеткалар көптеп шоғырланған. Есту анализаторы үш бөлімнен (ішкі, ортаңғы және сыртќы) ќұлаќтан тұрады. Ортаңғы ќұлаќ ќуысында - төс, балғашыќ, үзеңгі сүйектері орналасќан. Сыртќы ќұлаќ-ќұлаќ ќалќаны мен сыртќы дыбыс жолынан тұрады. Иіс сезу мүшесі жыртќыштарда жаќсы дамыған.

9. зєр шығару жүйесі. Бүйректе нефрондардың саны өте көп. Зєрдің уаќытша саќталатын мүшесі – ќуыќ пайда болған.

10. жыныс жүйесі. Аналыќтарында ұрыќтың дамитын арнайы мүшесі - жатырда (көпшілік түрлерінде) ұрыќ жолдасы (плацента) түзіледі. ¦рпағын тірі туып, сүтімен асырайды. Сүт бездері түрі өзгерген тер бездері болып саналады. ¦рыќ жолдасы аллантоистың сыртќы ќабығының сір ќабыќпен тұтасуынан пайда болып, борпылдаќ хорион ќабығы түзіледі. Ол ерекше бүрлері арќылы жатырдың ќабырғасымен байланысады. Осы жерде ұрыќтың ќантамырлары аналыќ ағзамен тығыз ќарым-ќатынаста болып, газ алмасу, ќоректену, ыдырау өнімдерін сыртќа шығару жүзеге асады.

Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысы


14 Тақырып: Сүтқоректілердің айырмашылық ретінде қанқа ерекшелігі.

Сабақтын мақсаты: Сүтқоректілердің айырмашылық ретінде қанқа ерекшелігімен танысу.

Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:

  1. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысы

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Омыртқа сүйегінің типіне қарай әр класқа сәйкес ұяшықты белгілеңіз:



Хордалылар типінің кластары

Балықтар

Қосмекенділер

Бауырмен

жорғалаушылар



Құстар

Сүтқоректілер

Платицельді
















Гетероцельді
















Опистоцельді
















Амфицельді
















Процельді

















Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар

  1. Сүтқоректілердің айырмашылық ретінде қанқа ерекшелігі.


15 Тақырып: Сүтқоректілер систематикасы. Айырғыш пен жұмыс.

Сабақтын мақсаты: Сүтқоректілер систематикасы. Айырғыш пен жұмыс істеуімен танысу.

Зертханалық сабаққа жіберуге руқсат ететін сұрақтар:

  1. Сүтқоректілердің айырмашылық ретінде қанқа ерекшелігі

Әдістемелік нұсқаулар.

  1. Сүтқоректілер систематикасына шолу жасау.

  2. Берілген объектілерді туысқа дейін аңықтау.

  3. Айырғышпен жұмыс істеу.

Түсініктеме.

Ќазіргі кезде сүтќоректілердің 4500-нан астам түрі белгілі. Олар 2 класс тармағына бөлінеді:



1. Алғашќы аңдар. Оған бір ғана - біртесіктілер отряды жатады.

2. Нағыз аңдар класс тармағы екі инфракласќа бөлінеді: а) төменгі сатыдағы аңдар.Оған бір ғана - ќалталылар отряды жатады; є) жоғары сатыдағы аңдар инфракласына 18 отряд топтастырылған.

Алғашќы аңдар класс тармағы. Бұған ќұрылысы ќарапайым сүтќоректілер жатады. Олар етредегі аңтектес жорғалаушыларға туыстыќ жағынан жаќын топ болып саналады. Олардың етті еріндері болмайды. Ересектерінде тістері жойылған, оның орнына мүйізді таќташалар пайда болған. Терісі түкпен ќапталғанына ќарамастан дене температурасы тұраќсыз (+22 + 37ºС арасында ауытќып тұрады), яғни ќоршаған ортаның температурасына тєуелді. Алғашќы аңдар жұмыртќа салып көбейетіндіктен оларды жұмыртќа салушы сүтќоректілер деп те атайды. ¦рыќтанған жұмыртќа клеткасының дамуының көп уаќыты аналыќ организмнің жұмыртќа жолында өтеді. ‡йректұмсыќтар жұмыртќасын басады, ал ехидналар жұмыртќасын арнайы тері ќалтасына салып жүреді. Алғашќы аңдардың бір ғана отряды (біртесіктілер) бар. Олар Австралияда, Тасмания мен Жаңа Гвинея аралдарында ғана таралған. Олар 2 тұќымдасќа бөлінеді: а) үйректұмсыќтар; є) ехидналар. ‡йректұмсыќтардың бір түрі саќталған. Ол жартылай суда тіршілік етуге бейімделген. Тұмсығы жалпаќ мүйізді таќташамен ќапталған. Ол 2-3 жұмыртќа салады. Жұмыртќасының дамуының көп уаќыты (15 күндей) аналыќ организмде өтеді.

Ехидналардың 2 туысы (ехидналар және проехидналар) бар. Олар ќұрлыќта ін ќазып тіршілік етуге бейімделген. Аяќтарында өткір тырнаќтары болады. Денесі ќатты өткір ине тєрізді ұзын 6-8 см-дей түктермен ќапталған. Проехиднаның тұмсығы ұзынша, төмен ќарай иілген мүйізді таќташадан тұрады. Біртесіктілердің саны аз, ертеректе ұлпаны үшін көптеп ауланған. Ќазір оларды аулауға тиым салынған және ќатаң ќорғауға алынған.



Төменгі және жоғары сатыдағы аңдарға жалпы сипаттама.

Нағыз аңдар класс тармағына жататын сүтќоректілер ұрпағын тірі туады. Олардың сүт бездері түтік тєрізді емес, көпшілігінде етті еріндері бар. Оларда клоака болмайды, сондыќтан олардың аналь, зєр, жыныс тесіктері сыртќа жеке ашылады.



Төменгі сатыдағы аңдардың ќалталылар деген бір ғана отряды бар. Оған 250-дей сүтќоректілердің түрі жатады. Олардың сыртќы түрі, дене мөлшері түрліше (4 см-ден 160 см-ге дейін) болады. Ќалталылардың аналыќ организмде дамуы ќысќа уаќыт (12-30 тєулік ішінде) аралығында жүреді. ¦рпаќтары жетілмей туады, ұрыќ жолдасы нашар дамыған. Мысалы, алып кенгурудың ұрпағының дене мөлшері 3 см-ден аспайды. Көпшілігінің ќұрсағында терілі ќалтасы болғандыќтан оларды ќалталылар деп атаған. Аналыќтарының жыныс жолдары жұп, төменгі жаќ сүйегі иілген, тістері толыќ түсіп ауыспайды. Олардың түрлері Оңтүстік Америка мен Австралияда таралған. Солтүстік Америкада – солтүстік кєдімгі опоссум деген түрі кездеседі. Ќалталылардың ќазіргі кезде таралған негізгі тұќымдастары: опосумдар, ценолестидалар, жыртќыш ќалталылар, ќалталы ќұмырсќажегіштер, ќалталы көртышќандар, ќалталы аюлар, вомбаттар, кенгурулар. Кенгурулардың 50-дей түрі бар.
Жоғары сатыдағы немесе ұрыќжолдасты аңдар. Ќазіргі аңдардың көпшілік түрі осы инфракласќа жатады. Бұларға тєн негізгі белгілер: алдыңғы мидың ќыртысы жаќсы дамыған,тістері жеке топтарға жіктелген, єрі тістері - сүт және тұраќты тістер деп бөлінген. Эмбриональдыќ дамуы ұрыќжолдасының түзілуімен тығыз байланысты, ќалта сүйектері болмайды. Жоғары сатыдағы аңдар инфракласының негізгі отрядтары:

1-отряд. Толыќ емес тістілер. Бұл отряды түрінің саны аз, тек Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Олардың тістері толыќ жеке топтарға жіктелмеген. ‡лкен ми сыңарлары нашар дамыған, иірімдері болмайды. Ќазіргі кезде бұлардың 3 тұќымдасының түрлері кездеседі: а) жалќауаңдар; є) ќұмырсќажегіштер; б) сауытты аңдар. Олардың түрлері Орталыќ және Оңтүстік Америкада ғана таралған.

2-отряд. Кесірттер. Бұл отрядќа Оңтүстік Азияда және Африканың тропикалыќ аймаќтарында таралған аңдар жатады. Олардың денесі жапсарласа орналасќан мүйізді ќабыршаќтармен ќапталған. Жаќ сүйектерінде тістері болмайды. Олар термиттер мен ќұмырсќалармен ќоректенеді. Ќарынындағы ұсаќ тастар ќорегін майдалап ұсаќтайды.

3-отряд. Жєндікќоректілер. Бұл отрядќа ертеден келе жатќан ќарапайым ұрыќжолдасты аңдар жатады. Ми сыңарларының көлемі аз, тістері нашар жіктелген. Алға созылыңќы єрі ќозғалмалы тұмсығы болады. Көпшілік түрлерінде иіс шығаратын бездер бар. Олар Жер шарында кеңінен таралған және єртүрлі орта жағдайларында (ќұрлыќта, жерастында, суда, ағаш басында) тіршілік етуге бейімделген. Негізгі тұќымдастары – көртышќандар жұпартышќандар, кірпілер және жертесерлер т.б. Бұлардан басќа Африкада секіргіштер, алтын түсті көртышќандар, Куба, Гаити, Мадагаскар аралдарында тенректер кездеседі.

4-отряд. Ќолќанаттылар (жарќанаттар). Бұл отрядќа ұшуға бейімделген сүтќоректілер жатады. Оларда ќанаттың ќызметін алдыңғы аяќтарының арасында, денесінің екі бүйірінде, артќы аяќтарында, ќұйрығында болатын терілі жарғаќтар атќарады. Ультра дыбыс толќындарын өздерінен шығарған жаңғырыќтары арќылы өте дєл ажырата алады. Олардың 1000-ға жуыќ түрі Жер шарында (Арктика мен Антарктикадан басќа ќұрлыќтарда) кеңінен таралған. 2 отряд тармағына бөлінеді: а) ќанаттылар; є) жарќанаттар.

5-отряд. Жүнќанаттылар. Олардың түрлері ‡нді-Ќытай түбегінде және Малай аралдарында таралған. Аяќтарын, мойнын және ќұйрыќғын тұтасымен байланыстыратын ќалың терілі жарғағы жүнмен ќапталған. Түнде белсенді тіршілік етеді, өсімдіктермен ќоректенеді. Ағаштан-ағашќа ќалыќтап ұшаќ алады (60-100метрге дейін). Екі түрі бар. Кең тараған түрі –кагуан (Малай жүнќанаты).

6-отряд. Приматтар (маймылдар). Туыстыќ жағынан жєндікќоректілерге ұќсас. Олардың 200-дей түрі Азияның, Африканың, Американың тропикалыќ ормандарында кездеседі. 2 отряд тармағына бөлінеді: а) жартылай маймылдар; є) жоғары сатыдағы маймылдар.

а) Жартылай маймылдар (төменгі сатыдағы) отряд тармағына Азияның оңтүстік-шығысында, Индонезия, Мадагаскар аралдарында, Африканың тропикалыќ ормандарында таралған. 53 түрлі тупайлар, лемурлар, долгопяттар жатады.

є) Жоғары сатыдағы маймылдардың 140-тан астам түрі белгілі. Көпшілігінің ќұйрығы болмайды. Басбармаќтары басќа саусаќтарына ќарама-ќарсы орналасќан. Барлыќ саусаќтарында жалпаќ тырнаќтары болады. ‡лкен ми сыңарларының көлемі үлкен єрі оның сыртында көптеген иірімдері, сайшалары бар. Кең таралған тұќымдастары – кеңтанаулылар, тартанаулылар, адамтектес маймылдар, жабысќаќќұйрыќтылар, ойынпаз маймылдар т.б. Адамтектес маймылдарға – гиббондар, орангутандар, гориллалар, шимпанзелер жатады. Адамдар тұќымдасы да жоғары сатыдағы маймылдар отряд тармағына жатады.

Өзін-өзі тексеру және зертханалық сабақты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Сүтқоректілер систематикасы. Айырғыш пен жұмыс.



ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҚОРЛАР
Негізгі:

  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-400б.

  2. Олжабекова,К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-368с.

  3. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.

  4. Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.

Қосымша:

  1. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

  2. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.

  3. Адольф Т.А. и др. Руководство и лабораторные занятия по зоологии позвоночных.

  4. Карташев Н.Н., Соколов В.Е., Шилов И.А. Практикум по зоологии позвоночных . – М.: Высшая школа, 1976.

  5. Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

  6. Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.

  7. БанниковА.Г.,Денисова М.Н. Очерки по биологии земноводных.– М.: Учпедгиз1956.

  8. Гриффин Д.Э., Новик Э. Живой организм. – М.: Мир, 1973

  9. Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
СӨЖ № 1

Тақырыбы: Қазіргі Шеміршекті балықтар класының систематикасы. Негізгі отрядтары. Қазіргі Сүйекті балықтар класының систематикасы. Негізгі отрядтары..
Жоспар:

  1. Қазіргі Шеміршекті балықтар класының систематикасы.

  2. Шеміршекті балықтардың негізгі отрядтары.

  3. Қазіргі Сүйекті балықтар класының систематикасы.

  4. Сүйекті балықтардың негізгі отрядтары.


Әдебиеттер:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е. Омыртқалылар зоологиясы. 1,2 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

2.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

3.Лукин Е.И. Зоология. М.: Агропромизд.1989г.

4.Наумов Н.П. Зоология позвоночных. – М.: “Просвещение”, 1973.

5.Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.


СӨЖ № 2
Тақырыбы: Қазіргі қосмекенділер класының систематикасы. Негізгі отрядтары.

Жоспар:

  1. Қазіргі қосмекенділер класының систематикасы.

  2. Қосмекенділердің негізгі отрядтары.


Әдебиеттер:
1.Никольский Г.В. Частная ихтиология. – М.: Высшая школа, 1971

2.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

3. Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

4.Наумов Н.П. Зоология позвоночных. – М.: “Просвещение”, 1973.


СӨЖ № 3

Тақырыбы: Қазіргі құстар класының систематикасы. Негізгі отрядтары.

Жоспар:

  1. Қазақстандағы құстардың систематикасы.

  2. Экологиясы, мен таралуы.

  3. Құстарды қорғау, Қызыл кірапқа кіргізілген түрлері.


Әдебиеттер:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

2. Никольский Г.В. Частная ихтиология. – М.: Высшая школа, 1971

3.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.

4. Жизнь животных/ Под ред. Л. А. Зенкевича. М.: Просвещение, 1968. Т.1,2; 1969. Т.3.

СӨЖ № 4
Тақырыбы: Қазіргі сүтқоректілер класының систематикасы. Негізгі отрядтары.

Жоспар:


  1. Сүтқоректілерінің жалпы сипаттамасы.

  2. Сүтқоректілерінің классификациясы. Негізгі отрядтары.

  3. Сүтқоректілерінің экологиясы.


Әдебиеттер:

1.Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е.Омыртқалылар зоологиясы. 1 том. Алматы «Эверо», 2011ж.

3.Курс зоологии/Под ред. Матвеева Б.С. – М.: Высшая школа. 1966, т.2.

8.Жизнь животных 4-7 т.т “Просвещение” 1983г.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет