Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия


Өсіру технологиялардың негізгі элементтері



бет70/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

2. Өсіру технологиялардың негізгі элементтері
2.1 Ауыспалы егістер

Мақсаты: Ауыспалы егістерді дұрыс орналастыру жолдарын қарастыру және олардың түрлерін оқып білу, үйрену


Тапсырма:

  1. Ауыспалы егістердің ғылыми негіздерімен танысу.

  2. Ауыспалы егістердің әр түрлі типтерін оқып білу.

  3. Қор үнемдеу (топырақ қорғайтын) ауыспалы егістердің натуралды түрін суреттеу.

  4. Ауыспалы егістердің жоспарын және ротациялық кестелерін жасау.



Материалдар мен құрылымдар:

  1. Дәнді астық дақылдарының вегетация кезеңдері бойынша натуралық үлгілері мен гербарийлері.

2. Оқулықтар, кестелер, суреттер.


Жалпы түсiнiктер және негiзгi алғы дақылдардың сипаттамасы.
Ауыспалы егiс дегенiмiз - ғылымға негiздеп дақылдар мен сүрi жердi орналасу орнына және белгiлi бiр мерзiмге қарай кезектестiрiп орналастыру.
Жүйелi түрде дақылдарды және сүрi жердi кезектестiрiп орналаластыруын ауыспалы егiстiң тәсiмi деп атайды. Мысалы, Солтүстiк Қазақстандағы ең кең тараған дәндi-сүрi жер ауыспалы егiсінiң тәсiмi: 1-сүрi жер, 2-жаздық бидай, 3-жаздық бидай, 4-арпа. Дақылдардың уақыт бойынша алмасуы, олардың белгiлi бiр танапта жыл сайын ауыспалы егiстiң тәсiмiне байланысты алмасып тұруын көрсетедi. Ауыспалы егiстiң бүкiл танаптарынан дақылдардың және сүрi жердiң өтуi олардың территория бойынша алмасуын бейнелейдi.
Дақылды ұзақ уақыт бiр танапта ғана өсiруi ауыстырылмайтын егiс деп, ал шаруашылықта бiр ғана дақылды ауыстырмай еге беру дара дақыл деп аталады.
Ауыспалы егiстiң әр бiр танабында әдетте бiр дақылды өсiредi, өйткенi осындай жағдайда ауыл шаруашылық техниканы тиiмдi пайдалануға, жұмыстарды жақсы ұйымдастыруға және қарқынды технологияларды пайдалануға мүмкiншiлiк туады. Бiрақ егiс аудандары кiшiгiрiм болғандықтан бiр танапта биологиясы және өсiру агротехникасы ұқсас дақылдарды орналастыру қажет болады. Ауыспалы егiстердiң осындай танаптарын құрама танаптар деп атайды. Әр бiр ауыспалы егiс бiрнеше буындардан тұрады. Буын деп жақсы алғы дақылдан басталып келесi топырақ қүнарлығын жақсартатын дақылдың алдында аяқталатын ауыспалы егiстiң бөлiгiн атайды. Ауыспалы егiсте буынды бастайтын жетекшi алғы егiстiң аты буынға берiледi. Көбiнесе ауыспалы егiстерде келесi буындар кездеседi: сүрi жер, шөптi, отамалы және бұршақты. Мысалы, сүрi жер және бұршақ буындарынан құрастырылған ауыспалы егiстiң тәсiмi:

1 сүрi жер


2 жадық бидай сүрi жер буыны
3 жаздық бидай
4 ас бұршақ бұршақ буыны
5 мал азықтық дақылдар (арпа, сұлы)
Ауыспалы егiсте отамалы және шөптi буындарының тәсiмi
1 Жүгерi
2 Арпа шөптермен бiрге себiлген отамалы буын
3 Көпжылдық шөптер
4 Көпжылдық шөптер шөптiк буын
5 Арпа

Ауыспалы егiстiң тыс танабы бұл ауыспалы егiстiң тәсiмiнен шығарылып бiрнеше жыл бойы бiр ғана дақыл өсiрiлетiн танабы. Көбiнесе тыс танаптарда көп жылдық шөптер, жүгерi өсiрiледi.


Алғы дақыл деп өткен жылы осы танапта өсiрiлген дақылды немесе сүрi жердi атайды. Ауыспалы егiсте әрбiр дақыл немесе сүрi жер соңғы дақылға алғы егiс бола алады. Ауыл шаруашылық тәжiрибеде ауыспалы егiстерге түзетулердi енгiзу, дақылдармен сүрi жердiң кезектесуiн өзгерту қажет болады. Мысалы, сүрi жердiң жағдайы жақсы болқан кезде (арамшөптерi жоқ, топырақтың физикалық қасиеттерi оңтайлы болуы және т. Б.). Осындай жағдайда бүл танапта дақылдарды сеуiп, ал сүрi жерге арамшөптермен қатты ластанған немесе физикалық қасиеттерi нашар ауыспалы егiстердiң танаптарын бөлiп шығару қажет. Дақылдардың және сүрi жердiң алмасуына түзетулердi енгiзген кезде олардың ауыспалы егiстегi орналасу принциптерiн бұзбау керек. Дақылдардың және сүрi жердiң кезектестiру принциптерiн бұзбай, олардың ауысу жүйелiгiне түзетулердi енгiзуге мүмкiншiлiк беретiн ауыспалы егiстiң қасиетiне ие болу оның икемдiлiгi деп аталады.
Айналым мерзiмдерi ұзақ және биологиясы үқсас дақылдардан құрастырылған ауыспалы егiстердiң икемдiлiгi жоғары болады.
Дақылдардың кезектестiру қажеттiлiгi әр түрлi себептерге байланысты. Олардың iшiнде ерекше орынды қоректiк заттарды тиiмдi пайдалану және топырақтағы қарашiрiк балансын реттеу алып отыр.
Ауыл шаруашылық дақылдар қажеттiлiгi, сонымен қатар топырақтан қоректiк заттарды сiңiру қабiлеттерi өзгеше болады. Топырақтан шығындайтын әр түрлi дақылдардың, қоректiк заттардың мөлшерi олардың өнiмдiлiгiне және химиялық құрамына байланысты болады. Егiншiлiк тәжiрибесiнде қандай болсын өсiмдiктiң өсiру топырақтағы заттардың (оларды сырттан енгiзбей) азаюына байланысты. Топырақтағы қоректiк элементтердiң азаюы өсiмдiктiң түрiне байланысты. Бұдан басқа қоректiк элементтердi пайдалануға қатынасы бойынша өсiмдiктер таңдаулы қасиеттерге ие.
Астық дақылдар топырақты бiршама азот және фосфор, картоп калиймен кедейлетедi. Тамыр жүйесiнiң әр түрлi қабатта орналасуы қоректiк заттарды топырақтың әр түлрi қабаттардан пайдалануына себепшi болады.
Танапата дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, әсiресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсарту қажет.
Бiр жылдық дақылдарды қарқынды өңдеулер мен қайталама өсiру топырақтың тым борпылдақ болуына, ал бұл соңында топырақ құрылымының нашарлауына келтiредi. Құрғақ дала және дала аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауiптiлiгi байқалады. Көпжылдық шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) құрады, топырақ құрылымын жақсартады, суға төзiмдi агрегаттардың санын көбейтедi, су және жел эрозиясынан қорғайды.

Солтүстiк Қазақстандағы негiзгi танаптық дақылдарының алғы егiстерiн бағалау



Дақыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет