Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия


Топырақты күзде және себу алдында өңдеу бойынша тапсырмалардың шифрлерi



бет81/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

Топырақты күзде және себу алдында өңдеу бойынша тапсырмалардың шифрлерi



1

2

3

4

5

6

7

8

7654
9958
1163
2468
7573
8657
4336
7568
6661
8664
1168
4375
6586
1114
3243
5577
1136
5634
1172
8737
5546
6638
9829
4398
1148
6544
1186
9659
5663
6555
9661
7647
1156
6553
1197
3472
1171
9694

6566
9969
1174
4281
7694
1123
3451
7587
5573
8675
1182
4386
8611
1129
4358
6597
9868
5582
7681
8788
6595
1165
5665
2417
9789
5698
9919
1132
8848
1176
7676
3331
8997
9829
8935
1112
3491
8942

6678
8682
1187
4292
9618
1138
2466
8715
5584
9982
1193
2497
9623
1145
3474
8924
1161
8693
1185
6588
3242
1124
9747
9758
1191
1144
1194
7592
4353
1137
9765
8877
4424
1192
3312
1196
9819
1155

5591
9897
1198
7614
9988
1153
3382
8833
5696
8894
3314
6516
9938
1159
3488
9649
9927
3365
1154
9678
1113
2254
4245
4422
8731
4377
1167
1112
1135
2285
4294
2432
8844
4389
1179
2276
1125
2323

9718
1115
4318
6625
9947
1166
2495
9852
8917
1121
2325
5632
8835
1173
5513
9868
1131
1158
7623
7562
4441
8753
6511
1195
1147
1178
7652
8819
3348
8871
5522
3218
1164
2415
7692
5575
4262
8966

9727
1127
4233
7537
8762
1183
6621
9678
8628
1133
4438
7643
8768
1186
6627
9988
9878
2361
9889
6533
3235
1184
3237
9636
1143
2271
8995
7645
4247
4211
3457
8973
4216
2278
1116
8886
8622
2331

9733
1141
2344
5548
9777
1196
7535
8891
9846
1146
2448
5656
8984
2413
6542
1111
6557
4264
2327
2483
1117
4373
7571
2287
1126
6674
3272
3446
7612
1141
7528
3396
1142
7685
2393
2252
1164
7618

8646
1152
4356
7564
9792
3221
5551
1118
8753
1157
3463
6672
9798
4228
5658
1128
3367
5532
1188 6683
6616
1151
1175
8813
5517
3484
5667
2434
8951
5524
1162
8726
7531
5515
6593
5641
7526
1177

Шифрдың бiрiншi саны топырақ аймағын, топырақ типiн және механикалық құрамын көрсетедi; екiншi сан – топырақтың тығыздығын, ылғалдылығын және жер бедерiн; үшiншi сан – танаптың ластануын; төртiншi сан – алғы дақыл мен себiлетiн дақылды көрсетедi.


Мысалы: 4316 шифры бойынша мәлiметтер былай анықталады: 40 кесте бойынша төртiншi жолды табамыз, (шифрдың бiрiншi саны –4) дала, оңтүстiк қара топырақ.
Содан кейiн үшiншi жолда (шифрдың екiншi саны – 3) анықтаймыз – орта тығызды топырақ, көлемдiк салмағы 1,22 г/см3, құрғақ, аз еңкiстi беткей. Содан кейiн бiрiншi жолға өтемiз де (шифрдың үшiншi саны – 1) жазып аламыз: арамшөптердiң түрлерiн және ластану балдарын – егiстiк қалуен-2, қара сұлы-2, қаңбақ-1.
Соңында шифрдың ақырғы санымен байланысты алтыншы жолдан алғы дақыл мен биыл сол танапта себiлетiн дақылды табамыз – жаздық бидай.
Топырақты күзде және көктемде өңдеудi жоспарлауды 14 қалыпқа сәйкес жазамыз.
14- қалып
Топырақты күзде және көктемде себу алдында өңдеу





Өңдеу әдiсi

Әдiстi өткiзу кезеңi

Өңдеу тереңдiгi
см

Машина және құралдар маркасы

Әдiс қажеттiлiгi

Технологиялық операция-лар




















Күзгi өңдеулердiң саны орудан кейiнгi уақыттың ұзақтығына және арамшөптердiң өсiп-өну жағдайына байланысты болады. Бiздiң мақсатымыз топырақты өңдеудiң бiрнеше варианттарынан берiлген жай үшiн ең қолайлысын таңдау. Сонымен қатар мына кезектiлiктi сақтау керек: табиғи жағдайға байланысты топырақ өңдеу әдiсiн таңдау, аударып немесе аудармай өңдеу немесе олардың қабысуы. Эрозиялық процесстер пайда болу қауiптiгi болмаған жағдайда және жаппай егiлген дақылдарды орған соң суарса, аударып жырту қажет. Далалық аймақтарда құрғақшылықтар жел эрозиясымен қабысып тұратын жағдайда жазықтiлгiштi аудармай өңдеуге басымдық беремiз. Бiрақ сол жағдайларда, егер қажеттiлiк туса, негiзгi өңдеу ретiнде жыртуды қолдануға да болады. Мысалы, топыраққа органикалық тыңайтқыштарды енгiзу үшiн ауыр механикалық құрамды топырақтарда тығыз шымды, көп жыл өскен көпжылдық шөптердiң қыртысын өңдегенде, жаңа жерлердi игергенде жыртуды тамырсабақтары терең орналасқан тамырсабақты арамшөптермен ластанған танаптарда және басқа құралдармен жойылмайтын жерлерде қажет.


Содан кейiн алдын ала сыдыра жыртудың қажеттiлiгiн анықтайды. Ол егiн орғаннан кейiнгi жылы күндер жағдайында атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптермен ластанған танаптарда өткiзiлуi мүмкiн. Егiн ору кеш өтсе, жыртуды орған соң алдын ала сыдыра жыртпай-ақ өткiзедi. Арамшөптермен ластанбаған топырақтарда, әсiресе механикалық құрамы жеңiлдерде, отамалы дақылдардан кейiн сыдыра жыртпай ақ қоþға болады.
Егiн орғаннан кейiнгi кезең ұзақ және жылы аймақтарда ерте орылатын дақылдардан кейiн күзгi өңдеудi жартылай парлы тип секiлдi өңдеуге болады. Ол үшiн негiзгi өңдеу немесе одан кейiн арамшөптер өнген сайын бiрнеше рет топырақтың бетiн өңдеу жасалады. Негiзгi және беткi өңдеулердiң кезектестiрiлуi топырақтың ластануы мен ылғалдылығына байланысты болады. Топырақ ылғалды болса және көпжылдық арамшөптермен ластанбаса оны алдын ала терең өңдейдi, кейiн аз жылдық арамшөптердi құрту үшiн таяз өңдеулер жасалынады. Егер атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптер болса алдын-ала тарайтын вегетативтiк мүшелерiн ұсақтау үшiн таяз өңдеулер жасалынады.
Өңдеу әдiсiн анықтаған соң оның тереңдiгiн анықтайды. Ол жыртылатын қабаттың қалыңдығына, тығыздығына, механикалық құрамына (ауыр топырақтар қатты тығыздалады), өңдегендегi топырақ ылғалдылығына, ерiген сулардың сiңiруiн анықтайтын жер бедерiне, ластану типi мен дәрежесiне, өңдеу тереңдiгiне, дақылдардың реакциясына байланысты болады. Қар ерiген кездегi ерiген суларды сiңiруiн қамтамасыз ететiн Солтүстiк Қазақстан аймағындағы негiзгi топырақ өңдеудiң тереңдiгiн анықтау үшiн келесi теңдеудi қолдануға болады (Чмиль А.И. 1991):
Н=70 (64)

Мұнда, H – топырақты негiзгi өңдеу тереңдiгi, см,


T - қар қалыңдығы, см,
d - қар тығыздығы, г/см3,
W0 – топырақтың толық су сыйымдылығы, %
W - өңдеу кезеңiндегi топырақ ылғалдылығы, %
V - өңделген топырақтың көлемдiк салмағы, г/см3.
Келтiрiлген теңдеу механикалық құрамы ауыр топырақтарға жақсы келедi. Қарашiрiгi көп борпылдақ, аз тығыздалатын топырақтарға және жеңiл құмбалшықтарға, құмдарға және құмайттарға теңдеу мынадай болады:
H= 70 (65)

Мұнда,  - жыртылатын қабаттың сыртына ерiген судың инфильтрациясын көрсететiн коэффициент. Ол инфильтрация көлемiнiң қардағы жалпы су қорының санына салыстырмасымен анықталады.


Өсiмдiктерге топырақты негiзгi өңдеу тереңдiктерi әр түрлi әсер етедi. Тамыржемiстiлерге, түйнектiлерге, жүгерiге, мақтаға, жоңышқаға, бедеге, күнбағысқа, сиыржоңышқаға, атбас бұршақтарға және бақша дақылдарына терең өңдеулер жақсы әсер етедi. Күздiк қара бидай мен бидайға, бұршаққа, арпаға, сұлыға, қызыл от арпабасқа орташа әсер етедi. Жаздық бидай мен зығырға сәл әсер етедi.
Көпжылдық арамшөптермен ластанған ылғалдылығы жеткiлiктi жағдайда (22% және одан жоғары) тығыз топырақтарды, әсiресе механикалық құрамы ауыр топырақтарды терең өңдеу керек – жыртылатын қабаттың толық тереңдiгiне өңделедi. Еңкiстi жерлерде таяз өңдеуге қарағанда терең өңдеген дұрыс (жырту, терең қопсыту, тiлу). Бұл жерлерде топырақты беткейге көлденең немесе нұсқасымен өңдеу керек.
Басқа барлық жағдайларда егер ол өсiмдiктер талабына қарсы келмесе, таяз өңдеумен шектеледi. Қара сұлы мен басқа азжылдық арамшөптермен қатты ластанған танаптарда жазықтiлгiш-терең қопсытқыштармен негiзгi өңдегенге дейiн немесе одан кейiн олардың тұқымдарын арандату үшiн топыраққа енгiзiп тырмалаған дұрыс.
Көп жылдық шөптер қыртысын өңдеу әдiсi шымның қалыңдығы мен тығыздығына байланысты онда орналасатын дақылдардың ерекшелiгiне және ауа-райының жағдайына байланысты қойылады. Шөптер орудың алдында шым қатты тығыздалған, топырақ құрғаған және сәл ластанған болады. Сондықтан эрозия қауiптiгi жоқ жағдайда шым аударғышы бар соқамен мәдени жырту ең қолайлы болады. Ауаның еркiн жетуi арқылы борпылдақ топыраққа терең енгiзiлген шым тез шiридi. Жақсы уатылуы үшiн тығыз шымды екi бағытта дискiлi тырмамен жырту алдында өңдейдi. Қалың шымы бар танаптарды, әсiресе ауыр топырақтағы астық тұқымдасты шөптерден соң (еркекшөп) егер өңдеу жақсы сапалы болса, ертерек жыртқан дұрыс. Бiрақ шым қатты құрғап кеткен болса топырақты ылғалдандыратын жауын-шашын жауғанша күте тұру қажет.
Шым аударғышы бар соқамен жоңышқадан кейiнгi танапты жыртқанда, оның келесi жылы қайтадан өсуi мүмкiн. Сондай танаптарды алдын ала түрендi сыдыра жыртқышпен өңдеген дұрыс және жоңышқаның тамыр мойны кепкеннен кейiн негiзгi терең жыртуды жасайды.
Ауа-райы құрғақ жағдайларда терең аударып жыртқаннан кейiн шамадан тыс борпылдақ топырақтарды ылғал булануын азайту үшiн шығыршықты таптауыштармен тығыздау керек.
Жел эрозиясының болуы мүмкiн Солтүстiк Қазақстанның далалы аймақтарында ауыр топырақтағы көпжылдық шөп қыртысын негiзгi өңдеу үшiн БДН-3 тырмамен 8-10 см тереңдiкке дискiлеу, кейiн 25-27 см-ге терең қопсыту қажет. Осы жағдайда қыртысты ерте, қара немесе жартылай пар типiмен өңдеуге болады.
Жеңiл топырақтарда көпжылдық шөптердiң шымдары тығыз болмайды. Бұл жағдайларда қыртысты дискiлi тырманың орнына ОПТ-3-5 машинасымен өңдеген дұрыс, содан кейiн терең өңдеу керек.
Кейiн топырақты ерте көктемде және себу алдында өңдеу жоспарлданады. Топырақты ерте көктемде өңдеудiҢ мақсаты -ылғалды сақтау, топырақ бетiн тегiстеу және арамшөптердi арандату. Бұл мақсат үшiн топырақтың физикалық пiсiп жетiлуiнiң алдында ерте көктемдегi тырмалауға кiрiседi (ылғал тоқтатады). Аңызды жерлерде БИГ-3 немесе БМШ-15 тырмаларымен жасалынады, аударып жыртқан жерлерде Зиг-Заг тырмаларымен 3-4 см тереңдiкке өңдеу қажет. Танаптарда тоң кесектер болмаса, егер сол жер күзде тырмаланса, ерте көктемде тырмалаудың қажетi жоқ. Ауа-райы құрғақ болса борпылдақ топырақтарды ерте көктемде тырмалағаннан кейiн 3-4 күннен соң, су буларының топырақта диффузиясын азайту үшiн және арамшөп тұқымдарының топырақпен араласуы жақсы болу үшiн шығыршықты таптауышпен тығыздаған дұрыс.
Топырақты себу алдындағы өңдеу дақылдардың себу кезеңiмен, топырақ күйiмен және танаптың ластануымен анықталады.
Себу алдындағы өңдеулер арамшөптердi құртады, топыраққа тыңайтқыштар мен пестицидтердi енгiзедi, берiлген тереңдiкке мәдени дақылдардың тұқымын бiркелкi енгiзуге жағдай туғызады.
Сәл ластанған танаптарда дәндi дақылдарды себумен себу алдындағы өңдеудi қиыстырады, оған бiр өткенде төрт операцияны орындайтын: культивация, себу, тыңайтқыштар енгiзу және топырақты таптау, СЗС-6, СЗС-8, СЗС-12 және СЗС-14 құралдарын қолданады.
Танап қатты және орташа ластанса себу алдында культиваторлармен немесе сыдыра жыртқыштармен себу алдындағы өңдеудi өткiзедi. Кеш себiлетiн дақылдарға (арпа, сұлы, тары, қарақұмық) ерте көктемде тырмалағаннан кейiн арамшөптер өнген сайын культиваторлармен немесе дискiлi сыдыра жыртқыштармен 8-10 см тереңдiкке аралық өңдеудi өткiзу қажет. Осы өңдеуден кейiн құрғақ, ыстық ауа-райында топырақты шығыршықты таптауыштармен таптау қажет.
Қатты тығыздалған, ауыр, кебiрленген топырақтарда себу алдында соңынан тығыздаумен бiрге, әсiресе тамыржемiстiлер және түйнектiлер үшiн топырақты жыртуға болады. Көктем құрғақ болғанда, тәлiмi жерде егер қыртысты аударудың қажетi болмаса, жазықтiлгiштi культивацияны қолдану қажет.
Себу алдындағы өңдеудi әдетте дақылдардың себу тереңдiгiне жасайды. Бұл жағдайда тұқымдар тығыз жерге жатады. Себу алдында терең қопсыту қажет болса, ылғал жоғалуын тоқтату үшiн және берiлген тереңдiкке тұқымдарды дұрыс енгiзу үшiн кепкеннен кейiн шығыршықты таптауышпен тығыздау қажет. Суару жағдайында дақылдарды себудi көктемгi жыртудан немесе терең қопсытудан кейiн өткiзуге болады. Бұл жағдайда топырақ өңдегеннен соң тырмалармен немесе шлейфтермен тегiстеу қажет. Төменде берiлген жағдайға қарай мүмкiндi топырақты көктемде және күзде өңдеулер берiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет