Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



бет77/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

Арамшөптердi астынан кесу - өсiп жатқан арамшөптердi өлтiру үшiн және көпжылдық арамшөптердiң тамыр жүйесiн жүдету үшiн бағытталған технологиялық операция. Ол көбiнесе басқа технологиялық операциялармен бiрге - қопсытумен, аударумен, араласумен жүргiзiледi. Кейбiр жағдайларда осы технологиялық операция жеке жасалынады: кескiш табандары бар қопытқыштармен қатар арасын өңдегенде, тамырсабақтарды штангалы қопсытқыштармен тырнағанда т. б.
Профильдеу – топырақтың бетiне әр түрлi тегiс еместiктердi, жүйектер, жоталар, салалар, шұңқырлар ж.б. сияқты анықталған пiшiндердi жасау. Ылғалдылығы аз жағдайда бұл микрорельефтiң элементтерi күзгi жаңбырлар мен көктемгi ерiген судың жақсы сiңуiне және соның арқасында топырақтың шайылуын алдын ала болдырмауына, топырақтағы су қорын арттыруға әсер етедi. Ылғал артық болғанда және жылу аз жағдайда топырақтың жылу және ауа режимдерiн жақсарту үшiн дақылдарды жоталарда қолданады.
Профильдеу үшiн арнайы бейiмделген соқаларды, шұңқыр жасағыштарды, шеңберлi және эрозияға қарсы катоктарды және т. б. қолданады.


Топырақты өңдеудiң құралдары мен шаралары.
Топырақты өңдеудiң негiзгi, беткi, таяз шараларын айырады.
Негiзгi өңдеу – бұл барлық жыртылатын қабатқа оңтайлы құрылыс пен ұсақ түйiршiктi құрылым жасау үшiн, 20 см және одан терең жасалатын топырақ өңдеу. Топырақты өңдеудiң негiзгi шараларына жырту мен терең қопсыту жатады.
Топырақты жырту әр түрлi түрлендiргiш соқалармен жасалынады. Ең көп тарағаны - аударатын және түрендi соқалар. Олардың негiзгi жұмыс органдары – тiреу, түрен, лақтырғыш және егiс тақтайшасы. Топырақтың аударылу және уатылу дәрежесi лақтырғыш пiшiнiне байланысты болады. Лақтырғыш цилиндрлi болса, олар топырақты жақсы уатады, бiрақ топырақты толық аудармайды, ал бұрандалы толық аударады, бiрақ жақсы уатпайды. Мәдени лақтырғыш өзiнде цилиндрлi және бұранда пiшiндi лақтырғыштарды үйлестiредi. Мәдени лақтырғышы бар соқамен жердi жыртқанда топырақ жақсы уатылып, аударылады. Мәдени және жартылай бұрандалы лақтырғыштың арасындағы орынды алып жатқан қиыстырған лақтырғыштар да бар.
Топырақ жақсы уатылып аударылуы үшiн соқалар түрi шағын корпусты шымкескiшпен қамсызданады. Бұл өңдеу мәдени жырту деп аталады. Қыртыс 1800 аударылса шымды аудару деп, егер 1350 аударылса қыртысты аудару деп аталады.
Жыртқанда төрт технологиялық операция жасалынады: аудару, қопсыту, уату және арамшөптердi кесу. Жырту негiзгi өңдеу шарасы ретiнде көбiнесе жел эрозиясының пайда болу қаупi жоқ жерлерде және суармалы егiншiлiк жағдайында қолданады. Қазақстанның далалы аймақтарында ол ерекше жағдайларда ғана қолданылуы мүмкiн: тыңайтқыштарды топыраққа енгiзу қажет жағдайда, тың және тыңайған жерлердi өңдегенде, арамшөптердiң вегетациялы таралу органдарын жер бетiне шығару үшiн. Жырту үшiн ПН-8-35М, ПН-4-35 және басқа соқаларды қолданады.
Негiзгi өңдеудiң екiншi шарасы - терең қопсыту. Жыртуға қарағанда терең өңдеу жасалғанда топырақ аударылмайды, соның әсерiнен өсiмдiк қалдықтарының негiзгi бөлiгi (80% дейiн) топырақ бетiнде қалады да, оны эрозиядан сақтайды. Одан басқа өсiмдiктердiң қалдықтары танаптарда қысқы уақытта қардың тоқтатылуына әсер етедi. Терең қопсытқанда арамшөптер тамырынан кесiледi де, жер қопсытылады. Терең қопсыту үшiн терең қопсытатын жазықтiлгiштер КПГ-250, ПГ-3-5 және басқа қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет