Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



бет76/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

Араластыру – жыртылатын қабатқа бiркелкiлiк келтiру мақсатымен жасалатын топырақ массасының орналасуын өзгерту. Бұл жағдайда жыртылатын қабатта қоректiк элементтердiң, топырақ микроорганизмдерiнiң, тыңайтқыштардың, құрылымды бөлiктердiң, өсiмдiк қалдықтарының ыдырау өнiмiнiң бiркелкi таралуы болады. Аудару құнарлы қабатқа жыртылатын қабатының астындағы құнарлылығы төмендеу қабат қосылғанда өте қажеттi болады.
Тыңайтқыштарды, гербицидтердi жергiлiктi енгiзгенде топырақтан булы - ылғалды конвекциялы-диффузды булануға кедергi болатын тығыз қабатша болғанда араластыруды өткiзуге болмайды.
Араластыру үшiн шым аударғышы жоқ соқаларды, роторлы құралдарды (фреза) және қопсытатын машиналарды қолданады.
Тығыздау - қопсытуға қарсы технологиялық операция. Шамадан тыс қопсыған топырақ қарашiрiктiң қарқынды минерализациясына әсер етедi. Егер тұқымды борпылдақ топыраққа сепсе ол бiркелкi өнбейдi, далалық өнгiштiгi төмендейдi және өскiндер сирек болады, егер топырақ отырса өсiмдiктердiң тамырларына зақым келуi мүмкiн.
Тығыздалғанда топырақ агрегаттары жақын орналасып, капилярсыз қуыстар азаяды.
Тығыздаған соң себiлген дәндер мен топырақтыҢ жақсы байланыс қамтамасыз етiледi, астыңғы қабаттардан тамыр жүйесi орналасатын аймаққа ылғал көтерiледi, қатты жел режимiнде топырақ бөлшектерiнiң ұшып кетуi азаяды. Топырақ тығыздалғанда топырақтан ылғалдың диффузды булануының қарқындығы азаяды. Ең жоғарғы болуы мүмкiн тығыздықты келесi теңдеумен анықтауға болады:
Р= (63)
Мұнда, P – топырақтың жоғарғы болуы мүмкiн тығыздығы, г/см3.
d – топырақтың өзiндiк салмағы;
W – ең төменгi су сыиымдылығының көлемi, %.
Тығыздалғанда топырақ температурасы 2-30С көтерiледi, бұл жағдай құрғақ және ыстық жазда өсiмдiктер дамуына терiс әсер етуi мүмкiн. Ол тығыздалуға бейiмделген, кебiрленген, құрылымсыз топырақтарда судың ағуын және топырақтың шайылуы мен оның ауалы режимiне қолайсыздануына әсер етедi.
Топырақ тығыздалуы әр түрлi жұмыс iстейтiн бетi бар және салмағы бар катоктармен жасалынады.
Тегiстеу – топырақтың бетiн тегiстеу. Ол булануды азайтады, топырақтан судың өндiрiссiз шығынын азайтады, әсiресе ұсақ тұқымды дақылдарды еккенде дәннiң бiркелкi болып түсуiн қамтамасыз етедi. Тегiстелген танаптарда егiн күту және өнiм ору үшiн жасалатын далалы жұмыстардың сапасын көтередi.
Тегiстеу – суарылатын жағдайда дақылдар өсiргенде керек операциялардың бiрi. Ол тырмалармен, катоктармен, волокушалармен, грейдерлармен, малалармен (суарудың алдында) шлейфтармен жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет