НМӨ = ,
мұнда, НМӨ - астықтың, құрғақ биомассаның нақты мүмкін немесе нақты өнімі, кг, ц, т;
Кс — су пайдалану коэффициенті, мм/ц, м3/ц, м3/т астық биомасса.
Егістіктің нақты су пайдалану коэффициенті нақты танапта шындығындағы жиынды су пайдалану мен дақыл өніміне негізделе отырып мына анықтама бойынша есептеледі:
,
Сонымен су пайдалану коэффициенті өсіп-жетілу кезеңінде егістіктің транспирация мен топырақ бетінен булануын қоса есептегендегі бір өлшем өнімнің (ц, астық, құрғақ биомасса, немесе түйнектер, тамыржемістер т.б.) нақты шығындалған ылғал мөлшерін (мм, м3) сипаттайды. Есеп шығарғанда дақылдардың жасыл балауса өнімін құрғақ затқа айналдыру керек, оның құрамын орташа жасыл балауса өнімінің 20% деп қабылданады.
Іссаналық есептеулер үшін 24-кестеде келтірілген анықтамалық жадығаттарды пайдалануға болады, олардың көпшілігі Қазақстан жағдайында жүргізілген далалық тәжірибелерден алынған. Келтірілген жадығаттарда көрсеткіштер кең көлемде өзгереді, сондықтан есеп шығарғанда мыналарды ескерген жөн:
1. Агротехника дәрежесі неғұрлым жоғары болса және сыртқы орта факторларымен жақсы қамтамасыз етілгенде, оның ішінде қоректік заттармен, солғұрлым ылғал үнемді жұмсалады, ал су пайдалану коэффициентінің мәні төмен болады.
2. Ылғалдану жағдайлары жақсы аудандарда немесе суармалы жерлерде жұмыс істегенде су пайдалану коэффициентінің шамасы төмен болады, ал ылғалмен қамтамасыз етілуі төмен болғанда және қуаңшылықты жылдары бұл көрсеткіш ең жоғарғы шегіне жетеді.
Солтүстік Қазақстанда 1 м топырақ қабатындағы көктемгі өнімді ылғал қоры ауылшаруашылық дақылдарының өнімін алудың негізі болып табылады.
Екпе дақылдардың су пайдалану коэффициенттерінің орташа мәндері
(Можаев Н.И., 1985, 1993)
Дақылдар
|
Өнім
|
Су пайдалану коэффициенті, м/ц
|
суарылмаған және
ылғалмен орташа
қамтамасыз етілгенде
|
суармалы жерлерде
және ылғалмен
жақсы қамтамасыз
етілгенде
|
Жаздық бидай
|
Астық
|
120-200
|
70-120
|
Күздік бидай
|
-//-
|
180-230
|
-
|
Күздік қара бидай
|
-//-
|
110-170
|
-
|
Сұлы
|
-//-
|
130-180
|
-
|
Арпа
|
-//-
|
110-150
|
-
|
Тары
|
-//-
|
150-270
|
-
|
Қарақұмық
|
-//-
|
170-300
|
-
|
Асбұршақ
|
-//-
|
150-250
|
-
|
Ноқат, ноғатық
|
-//-
|
140-250
|
-
|
Қызылша
|
тамыр жемістер
|
12-25
|
7-14
|
Картоп
|
түйнектер
|
10-30
|
8-15
|
Жүгері, шай
жүгері (сүрлемге)
|
құрғақ зат
|
60-120
|
35-80
|
Күнбағыс сүрлемге
|
-//-
|
85-150
|
40-70
|
Жоңышқа, түйе жоңышқа мал азығына, 2-4 жыл
|
-//-
|
80-120
|
35-85
|
Эспарцет, 2-4 жыл
|
-//-
|
60-110
|
40-70
|
Еркекшөп, 2-4 жыл
|
-//-
|
80-110
|
|
Қылтықсыз арпабас,
2-4 жыл
|
-//-
|
60-100
|
30-70
|
Судан шөбі мал азығына
|
-//-
|
45-65
|
35-50
|
Итқонақ, қонақтары
мал азығына
|
-//-
|
50-75
|
40-55
|
Арпа, сұлы мал азығына
|
-//-
|
65-100
|
40-60
|
Топырақтағы тұрақты солу ылғалдылығынан жоғары ылғалды өнімді (пайдалы) ылғал деп есептейді. Карбышев А.Д. (1964) деректері бойынша ең төменгі ылғал сиымдылықтың топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғал мөлшері 25-кестеде келтірілген. Іс-санада оны су қабатының қалыңдығымен (мм) немесе әр гектарға куб метрмен, тоннамен өрнектеледі. Миллиметрді куб метрға ауыстыру коэффициенті (әр гектарға тоннамен) 10-ға тең.
25-кесте – Ең төменгі сиымдылықтың топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғал мөлшері, мм (А.Д. Карбышев, 1964)
Топырақ типі және механикалық құрамы
|
Топырақ қабаты бойынша (см) өнімді ылғал
мөлшері, см
|
0-20
|
0-50
|
0-100
|
Қара топырақтар
|
Сазды
|
40
|
98
|
177
|
Ауыр балшықты
|
47
|
110
|
202
|
Орташа балшықты
|
46
|
107
|
198
|
Жеңіл балшықты
|
43
|
91
|
171
|
Қара-қоңыр топырақтар
|
Ауыр балшықты
|
38
|
95
|
185
|
Орташа балшықты
|
35
|
102
|
188
|
Жеңіл балшықты
|
37
|
89
|
172
|
Құмдақ
|
26
|
60
|
117
|
Көптеген екпе дақылдар үшін өнімді ылғал қорының қолайлы мөлшері ең төменгі ылғал сиымдылығының 80-90% шамасында, сондықтан оны әр бір нақты топырақ үшін білу қажет, өйткені ол механикалық құрамы мен қара шіріктілігіне байланысты өзгереді.
Солтүстік Қазақстан жағдайында дала жұмыстарының басталуы қарсаңында (сәуірдің III онкүндігі 1 м топырақ қабатындағы өнімді ылғал қоры, әдетте, ең төменгі ылғал сиымдылық мөлшерінен аз болады. Себу жұмыстарының басталуы алдында ол тағы 10-15 мм және одан жоғары мөлшерге азаяды.
Көпжылдық орташа қоры 110-150 мм аралығында өзгереді, алайда көпжылдық орташа ылғалдану мүмкіндігі 50%-дан аспайды.
Шаруашылық жағдайында нақты танап үшін себу алдында топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғалдың нақты қорын көпшілік таныған (салмақтық) тәсілмен анықтап және осы көрсеткіштер арқылы НМӨ-ді есептеу керек. Бұл көрсеткіштер болмаған жағдайда бағыт көрсету үшін Қазақстанның негізгі аймақтарына мамыр айының ІІ-ІІІ онкүндігінде топырақтың 1 м қабатындағы мүмкін өнімді ылғал қоры бойынша анықтамалық жадығаттарды қолдануға болады (26-кесте).
15-25 мамыр кезеңінде 1 м топырақ қабатындағы мүмкін өнімді ылғал қоры, мм
Аймақ
|
Орташа
көпжылдық қоры
|
Жекеленген жылдардағы мүмкіндігі, %
|
10
|
15
|
45
|
20
|
10
|
Орманды дала
|
120-135
|
70-80
|
65-110
|
130-145
|
150-170
|
160-180
|
Қуаңшылықты дала
|
110-150
|
65-90
|
85-125
|
120-160
|
135-185
|
145-200
|
Құрғақ дала
|
110
|
65-85
|
85
|
120
|
135
|
145
|
Топырақтың 1 м қабатындағы өнімді ылғалдың орташа қоры 110-нан (құрғақ дала) 120-150 мм-ге дейін (орманды дала, қуаңшылықты дала) өзгереді, бірақта 10 жылда бір рет 65-90 мм-ге дейін төмендейді және 10 жылда бір рет 145-200 мм-ге дейін көтеріледі, ал орташа ылғал қоры мен жылдар саны 10-нан 4-5 және 1-2 жыл аралық орташа мен максимальды немесе минимальды ылғал қоры да орын алады.
Мұның бәрі жаздың екінші жартысындағы және өткен жылдың күзіндегі ылғалдану жағдайына, қыста түскен жауын-шашын мөлшеріне, қардың көктемде еруіне және көктемгі жауын-шашын мөлшеріне байланысты. Осы жағдайларды есептей отырып себу алдындағы топырақтың мүмкін ылғал қорының көрсеткіштерін болжауға болады, оларды НМӨ шамамен алынған есептерді шығару үшін қолдануға болады.
Жалпы суару мөлшерін есептеу. Бұл көрсеткіш жоғарыда келтірілген анықтама негізінде жиынды су пайдалану (Жс) табылады:
Ыс = ПӨ * Кс – Ыт – Ыжш + Ық
Бұл жағдайда жиынды су пайдалануды потенциалды мүмкін өнімге (ПӨ) шығындалатын жалпы суару мөлшері мен табиғи ылғалды ескеріп мына анықтамамен есептейді:
Жс=ПӨ * Кс,
мұнда, Кс -суармалы жағдайдағы дақылдың су пайдалану коэффициенті.
Егер ылғал кіріс табиғи ылғалдану арқылы болса есеп 2 тәсіл бойынша (бет ) жүргізіледі, оңда есеп жүргізу анықтамасы келесі түрде болады:
Ыс = ПӨ * Кс – Ыкө – Ыбу + Ық.
Өздігінен бақылау сұрақтары:
1. Транспирация коэффициенті туралы түсінік және әртүрлі
дақылдар тобына осы көрсеткіштің орташа параметрлері.
2. Су пайдалану коэффициенті туралы түсінік және бұл
көрсеткіштің агротехника дейгейіне, ылғалмен қамтамасыз етілуі
жағдайына, дақылға, сортқа тәуелділігі.
3. Жиынтық су пайдалану туралы түсінік және бұл көрсеткішті есептеу әдістемесі.
4. Себу алдында өнімді ылғал қоры бөлгілі және белгілі емес жағдайда ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай НМӨ-ді есептеу әдісмтемесі.
5. Су пайдалану коэффициентін есептеу әдістемесі.
6. Бағдарламаланған өнім деңгейіне және қалыптасқан ылғал жағдайына байланысты жалпы суландыру және суару мөлшерін есептеу әдістемесі.
7. П.Г.Кабанов бойынша қуаңшылықты бағдарламалау (болжау) әдістемесінің мәні.
Ұсынылған әдебиет:
Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.А., Серекпаев Н.А.Өсімдік шаруашылығы практикумы. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2016ж. 324 б.
Аринов К.К. Солтүстік Қазақстанда тұқымтанудың агрономиялық негіздері. Оқу құралы. АҚ «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» баспасы, 2013, 118с
Практикум по растениеводству. Можаев Н.И., Аринов К.К., Шестакова Н.А., Искаков М.А., Серекпаев Н.А. Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2014. 309с.
Шестакова Н.А., Аринов К.К. Учебно-методический комплекс дисциплины «Управление продуктивностью посева и качеством растениеводческой продукции». Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2015, 92 с.
Методические указания к лабораторно-практическим, семинарским и самостоятельным занятиям по дисциплине «Растениеводство». Шестакова Н.А., Аринов К.К., Жирнова И.А. Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2016, 78 с.
4. Ауыспалы егістер бойынша топырақ өңдеу жүйесін жобалау
Мақсаты: Ауыспалы егістердің түрлеріне байланысты топырақ өңдеу жүйесін жобалап техникалық картаны құрастыруды үйрену
Тапсырма:
Топырақты өңдеудiң теоретикалық ережелерiмен танысу.
Әр түрлi дақылдар үшiн күзгi және себер алдындағы топырақты өңдеудi талдау және дәлелдеу.
Берiлген сүрi танаптың өңдеу технологиясын жасау.
Ауыспалы егiсте топырақты өңдеу жүйесiн жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |