Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия


Топырақтағы ылғал қорын, жиынтық супайдалану және супайдалану коэффициентін есептеу



бет73/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

3. Топырақтағы ылғал қорын, жиынтық супайдалану және супайдалану коэффициентін есептеу


Мақсаты: Топырақтағы ылғал қорын, жиынтық супайдалану және супайдалану коэффициентін есептеп үйрену және оны өсіру технологияларда пайдалана білу.


Тапсырма:
1. Әртүрлі дақылдар егістігінің ылғалмен қамтамасыз етілуі бойынша нақты мүмкін өнімнің (НМӨ) немесе өнімін (Ө) есептеу әдістемесі.
2. Қазақстанның негізгі аудандарында екпе дақылдардың әртүрлі деңгейде бағдарламаланған өніміне суару мөлшерін есептеу әдістемесін меңгеру.
3. Екпе дақылдардың су пайдалану коэффициенттерін анықтау әдістемесін меңгеру..


Материалдар мен құрылымдар:
1. Оқулықтар, кестелер, суреттер.


НМӨ-ді ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай есептеу Алпатьев бойынша баланс құруға негізделген, оның кіріс бөлігі жиынды су пайдалану, ал екінші шығыс бөлігі-бір өлшем егістікте қалыптасатын өнімге жұмсалатын су келтіріледі:
Жс = НМӨ * Кс,


мұнда, Жс - жиынды су пайдалану, м3/га;
Кс - су пайдалану коэффициенті, м3/ц өнім (астық, құрғақ зат).


Жиынды су пайдалану (Жс) 1 га егістікте өсіп-жетілу кезеңіндегі өсімдік транспирациясы мен топырақ бетінің булануын ескере отырып дақылдың өнім қалыптастыруына шығындалған мм, немесе м3-пен алынған судың мөлшерін сипаттайды.
Жиынды су пайдаланудың кіріс бөлігі екі негізгі тәсілмен есептелуі мүмкін.
Бірінші тәсіл себу алдында 1 м топырақ қабатындағы нақты пайдалы ылғал алынады, оған өсіп-жетілу кезеңінде күтілген ылғал мөлшері қосылады (метеостансасының осы пунктісіндегі көпжылдық орташа деректері бойынша) және жобалы қалдық ылғал шегеріледі. Бұл көрсеткіштің мәні суарылмайтын егіншілікте және дақыл мен жыл жағдайларына байланысты 0-ден 10-20 мм-ге дейін өзгереді, суармалы жерлерде 40-80 мм.
Сонымен жоғарыда қарастырылған барлық көрсеткіштерді төмендегідей анықтамамен өрнектеуге болады:

Жс = Ыт + Ыж.ш. – ЬІк,




мұнда, Ыт – себу алдындағы 1 м топырақ қабатындағы пайдалы ылғал мөлшері (мм, немесе м3/га);
Ыж.ш. – өсіріліп отырған дақылдьгң өсіп-жетілу кезеңінде түскен (жауын-шашын) ылғал (мм немесе м3/кг);
Ық – қалдық ылғал-пайдаланылмаған пайдалы ылғал мөлшері және егін піскеннен кейін немесе егін жиналғаннан кейінгі қалдық (мм, немесе м3/га). Осылайша жиынды су пайдаланудың кіріс пен шығыс белігі бір-бірімен тең болғандықтан толық баланс мынадай түрде болады:

НМӨ * Кс= Ытж.ш. – Ық,


Суармалы жағдайда қосымша суармалы ылғал (Ыс) көрсеткіші қосылады. Бұл жағдайда баланс анықтамасы мына түрде болады:


НМӨ * Кс= Ытжшс – Ык,




Бір ескеретін жағдай, суарылатын жерлерде егін жинау қарсаңындағы (өсіп-жетілудің соңы), немесе қысқа кезендегі (көпжылдық шөптер) қалдық пайдалы ылғал 1 м топырақ қабатында 40-50 мм деңгейінде болуға тиіс.
Екінші тәсіл келтірілген пункте түсетін көпжылдық орташа ылғал мөлшерін есепке алуға негізделген және одан егін жоқ кезеңде, немесе көпжылдық және күздік дақылдар өсіп-жетілуін тоқтатқан кезеңде топырақтан булануға кеткен су шығынын шегереді (күз, қыс, ерте көктем), яғни Ықобуқ, ал баланс бұл жағдайда мына түрде болады:


НМӨ * Қс = Ықобу – Ық,


мұнда, Ықо – қарастырылып отырған пункте бір жылда түсетін көпжылдық орташа ылғал (мм);
Ыбудақыл себілмегенде, немесе өсіп-жетілу кезеңі тоқтап тұрғандағы 1 жылда булануға кеткен шығын (мм).
Есеп шығарғанда барлық көрсеткіштерді бір өлшем бірлігіне айналдыру қажет (ыңғайлы м3/га).
Бұл тәсілдің дәлдігі біріншіге қарағанда төменірек, алайда нақты жағдайларда дақылдың ылғалмен қамтамасыз етілуінің орташа мәні жөнінде түсінік алуға болады. Шамамен жылдық ылғалдың 30-35% булану шығынына (Ыбу) жатқызады. Мм пайдалы ылғалды м3/га-ға айналдыру үшін 10 коэффициентін пайдаланады.
Біржылдық дақылдардың ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай НМӨ-ді есептегеңде бірінші тәсілді қолданған жөн (себу алдындағы 1 м топырақ қабатындағы пайдалы ылғал мөлшерін және өсіріліп отырған дақылдың өсіп-жетілу кезеңіндегі жауын-шашын ылғал), көпжылдық шөптерге екінші тәсіл (көпжылдық орташа ылғал арқылы) тиімді.
Қазақстанның бірқатар аудандарында түсетін көпжылдық орташа ылғал мөлшері 16-кестеде келтірілген, ал шаруашылықта дәлірек есептеулер жүргізу үшін орташа көпжылдық ылғал мөлшерін жақын орналасқан метеостансасыдан алған жөн.
Шаруашылықтың әрбір табанабындағы пайдалы ылғал мөлшерін себу алдында анықтайды, немесе жақын орналасқан метеостансасы деректерін пайдаланады. Нақты жағдайда (дақыл, сорт, танап) қалыптасқан ылғалмен қамтамасыз етілуін себу алдындағы пайдалы ылғал мөлшерін немесе өсіп-жетілу кезеңінің басталуын (көпжылдық және күздік дақылдар), дақылдардың өсіп-жетілу кезеңінде түскен ылғалды және қалдық ылғалды негізге ала отырып жиынды су пайдалану (Жс) мен НМӨ есептеледі. Есептеу анықтамасы жоғарыда келтірілген баланстан шығарылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет