Отамалы дақылардың қатараралық өңдеулерi. Қатараралық культивацияның сапа көрсеткiштерiне қопсыту тереңдiгi, қорғау аймағының енi, мәдени дақылдарға зақым келтiру дәрежесi, арамшөптердi қиþ дәрежесi жатады.
Культивация тереңдiгiн тексеру үшiн қатар арасында топырақты тегiстейдi, қорғау аймағына рейка қояды, сосын өңделген жерге сызғышты қатты жерге дейiн енгiзедi. Рейканың астыңғы жағынан қатараралықтың үш жер3нен, культиватордың толық енiнен қопсыту тереңдiгiн өлшейдi, өңдеудiң орташа тереңдiгiн есептейдi. Ол берiлген тереңдiлiктен ауытқымау керек; бiр жақты табан үшiн 1см, жебе табан, қопсытатын табан үшiн 2см. Культиватордың жұмыс мүшелерi қалдырған қарықтардың орташа тереңдiгi гонның ұзындығымен өлшенедi. Ол 4 см-ден аспау керек.
Бақылау аймағының енiн гонның ұзындығымен 3 жерден бақылайды. Қорғау аймағы қатардың ортасынан 10-15 см болу керек. Берiлген қорғау аймақтың орташа енiнен ауытқуы 2 см-ден аспау керек. Мәдени дақылдардың зақым келу дәрежесiн аны0тау 8ш3н агрегат өткенге дейiнгi қатардағы өсiмдiк санын және агрегат өткен соң зақым келген өсiмдiк санын санайды. Зақым келген өсiмдiктер санын пайызбен бақылайтын қатардың ұзындығындағы жалпы санына көрсетiп, агрегатпен жасалынған өсiмдiктердiң зақым келтiрiлуiн анықтаймыз.
Бiрiншi және екiншi өңдеулерде ол 5-7, кейiнгiлерде 15-20 - дан аспау керек. Өңделген алқаптың енiндегi барлық арамшөптер кесiлген болу керек.
Тырмалау. Тырмалаудың сапасын үш негiзгi көрсеткiшпен анықтайды: өңдеу тереңдiгiмен, топырақ кесектiгi және бетiнiң тегiстiгiмен. Қопсыту тереңдiгiн сызғышпен танаптың диагоналымен алдын ала сәл топырақ бетiн тегiстеп 10 жерiнен өлшейдi, орташа тереңдiктiң берiлгеннен ауытқуы 2 см-ден аспауы керек.
Танап бетiнiң тегiстiгiн көзбен анықтайды немесе сызғыштың көмегiмен кем дегенде 10 жерден участок диагоналынан айдар биiктiгiн немесе қарық тереңдiгiн өлшейдi. Ол 4 см-ден аспау керек.
Кесектер болуын кем дегенде 10 жерден загон диагоналiнен 1 м2 алқапты рамка қойып және рамканың iшiндегi диаметрi 5 см-ден iрi кесектердi санап анықтайды. Кесек саны 5 дана/м2-тан аспау керек.
Өскiн шыққаннан кейiнгi тырмалау. Кәдiмгi егiстiктi тырмалады бағалауға қолданған көрсеткiштерге қосымша, өскiн шыққаннан кейiнгi тырмалауды бағалау үшiн, далалы дақылдардың өскiндерiне зақым келуiн тексередi, ол 5-дан аспау керек.