Қазақстан Республика Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#195316
түріНұсқаулар
  1   2   3   4
Байланысты:
Аза метр



Қазақстан Республика Ауыл шаруашылығы министрлігі 
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті 
Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті 
«Геодезия және картография» кафедрасы 
Практикалық жұмыс №4 
«Геодезиялық өлшеулерді метрологиялық қамтымасыз ету» пәні 
бойынша 
Тақырыбы: “Нивелирді тексеру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар” 
Орындаған: Әділбеков А.Е. 
Тобы: 04-074-21-12 
Тексерген: Капасова А.З. 
Астана 2023ж 


Нивелирлер және нивелирлік рейкалар 
 
Практикалық сабақтың 
мақсаты:
нивелир бөліктерін, олардың өзара 
құрылымдық орналасуын, қандай тетіктермен жабдықталғанын көзбен көріп, 
қолмен ұстап жадыда сақтау. Сондай-ақ, рейка бетінен өлшем алуды үйреніп, 
оған жаттығу. Нивелир біліктерін, оларға тән геометриялық алғышарттарды 
жатқа білу.
 
Өндiрiсте нивелирдiң мынадай түрлерi жасалып шығарылады:
1. Н-05 - оптикалық микрометрлiк жоғары дәлдiктi нивелир, 
салыстырмалы биiктiктi 1 км-лiк eкi мәрте жүрiсте 0,5 мм-ден аспайтын 
орташа квадраттық қателiкпен анықтауға арналған.
2. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлерi – дәл, 1 км eкi мәрте жүрiсте 
салыстырмалы биiктiктi 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателiкпен 
анықтауға арналған дәл аспаптар. Инженерлiк-геодезиялық зерттеулерде 
және III және IV кластық нивелирлеу кезiнде қолданылады.
3. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлерi -техникалық, 1 км-лiк eкi 
мәрте жүрiсте салыстырмалы биiктiктi 10 мм-ден аспайтын орташа 
квадраттық қателiктен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар 
құрылыста, инженерлiк-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық 
түсiрicтерде биiктiк шама негiздерiмен қамтамасыз ету үшiн қолданылады. 
Қазiргi кездегi нивелир аспаптарында дүрбiнiң осін горизонталь жағдайға 
келтiру деңгейдiң көмегімен тексерiледi немесе авто редукциялық 
компенсаторлардың көмегімен өзiнен-өзi жасалады. Инженерлiк-техникалық 
нивелирлеу кезiнде кеңiнен қолданылатын техникалық Н-3 нивелирi. 
Нивелирлердi қоймадан алғаннан соң оны толық сыртқы байқаудан 
өткізеді, жиынтықтығын тексередi, дүрбiнiң, деңгейдiң, көтеру, элевациялық 
және жетекшi винттерiнiң түзулiгiне көз жеткiзедi. Далалық жұмыстарды 
бастар алдында аспаптың осьтер жүйелерi мен нивелирдi конструкциялаудың 


негiзгi схемасына енгiзiлген геометриялық сәйкестiктi келтiру масқатымен 
тексерулер жүргiзiледi.
Нивелирлеу үшiн тұтас немесе бүктемелi ағаш рейкалар қолданылады 
(1,а-сурет), олар ұзындығы 3-4 метр, eнi 10 см және қалыңдығы 2-3 см бiтеу 
тұтас тақтай ағаш болып табылады. Тақтайлар ақмайлы бояумен боялады 
және оларға сантиметрлiк тор көз бөлiктер түсiрiледi. Онда әрбiр дециметр 
жазылады, ал сантиметрлiк бөлiктер есептеулердi жеңiлдету үшiн 5 см сайын 
топтарға бiрiктiрiледi. Рейканың ең кiшкене бөлiгiнiң сандық шамасы рейка 
бөлiгiнiң бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. 
Рейканың төменгi жағына рейканы тез тозудан қорғайтын болат пластикадан 
тақа қағылып қойылады. Рейкалар бір жақты немесе eкi жақты болуы мүмкін, 
eкiншiсiнде оның бір жағында қара бөліктер, екінші жағында қызыл бөліктер 
болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып бөлінеді. 
Рейканың қара жағындағы нөлге тең есептеу, оның тақасымен дәл келеді, ал 
қызыл жағындағы тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тең болмайды. Жұмыс 
басталмай тұрып рейкаларды тексеріп алған жөн. Ол үшін рейканың 
горизонталь күйінде жатқызып, оған тексеру метрін қойып, оның әрбір 
метрімен дециметрін өлшейді. Оның дециметрлік бөліктерінің кездей -соқ 
қателіктері ±1мм ден, ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік ±2мм ден 
аспауы тиіс.
а-рейкалар; б-нивелир дүрбісінің көз аясы
1-сурет-Геометриялық нивелирлеу аспабы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет