Умутбаева Асыл Булаткановна



Дата05.11.2016
өлшемі176,62 Kb.
#727
түріСабақ
Умутбаева Асыл Булаткановна

10 мая 1989 года рождения

Восточно-Казахстанская область, Курчумский район,село Курчум

Должность: учитель казахского языка и литературы, абайтану

Стаж работы: 2 года

Электорынный адрес: asyl_aseke@mail.ru


Умутбаева Асыл Булаткановна

Туған жылы: 10.05.1989ж

Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті, абайтану пәндерінің мұғалімі

Қызмет орны: Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күпшім ауылы, «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі»КММ

Еңбек өтілі: 2 жыл

Электронды мекен-жай: asyl_aseke@mail.ru


Сабақ жоспары

Пәні: абайтану

Сыныбы: 9

Күні:

Сабақ тақырыбы: Абай және Пушкин

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға екі ақынның рухани үндестігін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушыларға Абайдың аудармаларын оқыту арқылы тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: ұлы ақындардың мұраларын құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақындардың суреті, слайд

Сабақ барысы

І.Ұйымластыру кезеңі

Сәлемдесу

Оқушыларды сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Крыловтан аударған кез-келген мысалды жаттап келу.



ІІІ: Жаңа сабақ

Отанымыздың өткен замандағы екі ұлы ақыны - Пушкин мен Абайдың бір-бірімен творчестволық жақындығы, поэзиядағы екеуінің ақындық өнер үйлестігі ұлы орыс халқы мен қазақ халқының терең достығынан, бұл екі халықтың да алдында тұрған озат арманынан, игі нысанынан туды. Қазақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бұқарасымен достық көзқараста болғаны, орыс халқын аға санағаны сияқты озық пікірлі орыс әдебиетін, оның Пушкин сынды данышпан өкілін Абай да өзіне үлгі, мектеп деп білді. Сондықтан Абай ақындық еңбегінің бірсыпырасын тек орыстың классик поэзиясын қазақ тіліне аударуға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге европалық елдер классиктерінен бірер өлеңді аударса, оны да Абай Лермонтовтың аудармаларынан алып қазақшалайды. Анық орыс классиктерінен Абайдың аударғандары - Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің "Евгений Онегинінен" үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір, жалғыз өлеңді Букиннен аударған.

Абай жинағында, бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны - қырықтың ішінде. Сол қатарда Крыловтың төрт-бес мысалы және Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларынан алғанын қосқанда, одан жиырма жеті өлең аударған.

Бұл жөнінде екі түрлі пікірді ерекше көрсету жөн. Оның біріншісі - Абайдың осы аудармаларға берген бейіл, бағасы турасында, екіншісі - сол аудармалардың Абайдың өз шығармаларына еткен әсері және Абайдан кейінгі қазақтың барлық жазба әдебиетіне тараған үлкен тарихтық, мәдениеттік, ұстаздық дәстүр әсері туралы.

Біріншіден, Абай өзі сүйген орыс классиктерін кейде дәл, кейде еркін аударып отырса да, әр кезде барынша көркем, шебер өлеңнің үлгісін берген. Бұл жөнінде ақынның ізденуі кезіндегі тіл байлығы мен ірі талант, ерекше ынта, зер салуы өзгеше көрінеді. Өз өлендерін туғызуда қолданған ақындық шабыт, сыншыл ұқыптылық, тіл орамға өткір жүйріктік - барлығы да аудармалық еңбекке келгенде барынша күшімен түгел жұмсалған деуге болады. Тіпті, кейде Абайдың өзі тудырмаған тамаша нәзік, терең сырлы өлеңдер, көрікті ойлар, немесе аса өткір шанышпа мысқыл, ажуа, ащы сөздер осы аудармаларда үнемі көрініп отырады.

Рас, қоғамдық өмірдегі мін - мінездерді, қалып - құрылыстарды шенеуде Абай Пушкин мен Лермонтовтан гөрі Салтыков-Щедрин, Некрасовтардан молырақ үлгі-өнеге көрді. Бірақ сол әлеуметтік тақырыптардың өзінде де жиі кездесе беретін мұңды - сырлы жалғыздық ойларға соққанда Пушкин, Лермонтов саз - сарыны Абайдан байқалып отырады.

Ал осыдан соңғы ақындық жайындағы тақырыптарды, эстетикалық принциптерді алсақ, табиғат көркін, махаббат жайын, жеке бастың көңіл сырын, лирикасын алсақ, Абайдың ақындық шеберлігі асқан сайын оның теңеулері, көркем түрлері - бәрі де Пушкин, Лермонтовқа еліктеуден гөрі де, қайта солармен бастасып, табыса туысып бара жатқанын анық тануға болады.

Абайдың Пушкин шығармаларын өз оқушыларына жеткізуі қазақ сахарасына орыстың ұлы мәдениетінің жарығын әкеп төккендей болды. Бұл жөндегі Абай еңбегі тек әдебиеттік қана еңбек емес, ол зор кең мағынадағы ағартушылық, тарихтық, қоғамдық еңбек еді.

Пушкиннің атақты романы - "Евгений Онегинді" Абай бөлек-бөлек үзінділер түрінде аударады: "Онегиннің сипаты", "Татьянаның хаты", "Онегиннің ойы", "Онегиннің сөзі", "Онегиннің хаты", "Татьянаның сөзі", "Ленскийдің сөзі".

Әрине, мұнда Пушкин романының ерекше көп жайлары аударылмай сырт қалады. Абай ол романның ішінен тек Онегин - Татьяна арасында кезек ауысқан күшті махаббат күйлерін ғана сөз қылады. Көбінше, Абайдың аударуына хаттармен баян етілген роман қалыптанған тәрізді. Өз аудармасының соңында, Абай өз жанынан Онегинге ақырғы сөз береді. Бұл - Пушкинде жоқ еркін өзгерістің, Абайдың сөзінше дәлелденген ерекше бір түр.

Қазақ оқушысына көптен мәлім мәселе, Абайдың бұл аудармасында Пушкиннің текстіне үнемі ұқсас келіп отырмайтын еркіндік те бар. Жеке алғанда, бірсыпыра бөлімдерде, Пушкинге көп жерлерінде Абай жақын келіп отырады. Кейбір жолдар мен Пушкин қолданған теңеулерді де Абай дәл, шебер аударып береді. Бірақ сонда да, бұл бөлімдердің өзінде де Абайдың өзінен қосылған жолдар, шумақтар, ой - сезімдер жиі ұшырайды. Бұл тұстарында Абай Пушкиннен аударма жасамай, оның орнына Абай Пушкиннің ізімен, жаңа жайларды жырлап кетеді.

Ең аяғында, жоғарыда айтылғандай, Абай Онегиннің өкінішін үлкен трагедиялық ауыр ойға жеткізіп, оған өлім тілетеді. Бұл Абайдың мүлде өз жанынан қосқан хәлдері мен өзгерістері дедік.

Осылайша Пушкиннің үлкен шығармасына қазақ ақыны Абай бірталай еркіндік жасайды. Мұндай шығармалық еңбек етудің екі түрлі айқын себебі бар деп білеміз. Оның біріншісі және ең үлкен себебі - Абай орыс жастарының сезім - сырларынан, өмір тағдырынан өзінің жас оқушысына үлгі боларлық тәлім-тәрбие ғана бермекші болады. Екінші себебі, біздің ойымызша, 1889 жылы жалғыз "Бородино" өлеңін аударғанын еске алмағанда, қолға алғаны - осы Пушкин романы.

Белинский Онегиннің адамшылығын өз ортасындағы татымсыз өрнектердің бәрінен биік деп артық бағалайды.

Пушкиннің осы романындағы үлкен қасиетті сынағанда, ұлы сыншы: "романда бір замандағы орыс қауымы берілген" дейді, ол қауымды халықтық, адамгершілік жағынан жақсы қауым деп түсінеді және сол қауымның барлық тұлға бейнесі үш адамның басынан көрінген. Олар - Онегин, Татьяна және бүл екеуінен төменірек дәрежеде тұратын - Ленский. Анығында, Белинскийдің ұғындыруынша, Татьяна қаншалық орыс жанды болса, Онегин де сол сипаттың көбін сыртымен көрсетпесе де, ішінде сақтай білген адам боп шығады. Енді сол жайларды еске ала отырып, Абайдың Онегинді опалы, жақсы жігіт етіп шығаруына келсек, мұның екі түрлі орынды себебі болып шықты. Біріншіден, Абай Онегинді анық Белинскийдің бағасы бойынша түсініп отыр. Екіншіден, сондай Онегиннің адамгершілік, турашылық, әділ сыншылық қасиеттерін өзі де асыра жырлаумен "қазақтың жастары осындай жақсы жігітті үлгі етсін" деген оймен баяндады. Абай үшін оның заманында опасыз Онегинді әңгіме етудің қажеті аз болғандай. Өйткені қазақтағы жақсы қыздың әзіз жанын түсінбей, бағаламай жарақаттайтын опасыз жігіт ол күнде көп кездесер еді. Ондай опасыздың өкінішінен де үлгі шықпас еді. Шын опасыз жігіт өкінішімен де жарытпас еді.

Осылайша қарағандықтан, Абай Татьяна мен Онегиннің ішкі сезім сырларын ашқанда, өз қолынан келген ақындық, шеберлік, ізденушілік өнерінің бәрін жұмсайды. 1889жылға дейін, Абайдың өзі жазған өлеңдерінде Татьянаның хатындай, немесе соңғы жауабындай және де Онегиннің "Құп білемін сізге жақпас" деген хатындай өлеңді ұшырата алмаймыз. Бұл өлеңдерде Абай бұрын қолданбаған тың түр табады. Онысы - шалыс ұйқасты қолдану. Ырғақ жағынан да Абай Пушкиннің қысқа жолдарына жақын отыруға тырысады.

Абай Татьянаның тілімен қазақ қызының жүрегіне қоса тіл бітіреді, Онегиннің ойлы-қырлы өкінішімен қазақтың саналы жігіт, жас буынын үлгілі сезімдерге тәрбиелейді. Бұл жерде Абайдың аударған Татьяна, Онегині Пушкин шығармасында болған үлкен бір қасиетті ашады. Татьяна - Пушкиннің өзінде "орыс жанды" орыс қызы болумен бірге, адам баласының үлкен қасиет, зор сипаттарына ие болған жан еді.

Абай еңбегінде сол орыс топырағындағы адам қасиеттерін ашып, жер жүзілік географиялық ортаның бәрінде, бар адам баласының жас буындарының ортасында, өзінің мұңдасын, сырласын, үндес жандарын тапқанын көресің. Бұған Абай аудармасындағы ерекше ірі көркемдік пен ақындық шеберліктің өзгеше боп құрылған күйлі келісімдері себепші боп отыр.

Пушкинді дәл аударушылар бола берер, бірақ жаңағы айтылғандай, оның романының ішіндегі үлкен ой, сирек сезімдерді Абайша жеткізіп, көріктеп беру көп табыла бермес.

Татьяна мен Онегин сөздерін танытқан Абай жолдарының, шумақтарының олқысы жоқ деуге болады. Кей жерлерінен алсақ та, бұрын айтылмаған үнемі тың және қазақ тілімен бұрынғы шақтарда хат жүзіне түсіп көрмеген, соны тіл, мөлдір таза сезімдер бал-бұл жанып тұрғанын көреміз. Осындайлық шеберлікке жету үшін Абай неше алуан теңеуді, сирек шешендікті және өзінің оқушысы білген неше алуан керекке жарарлық түсініктерді түгел қолданады. Кейде қазақтың халықтық, тірлік теңеулерінен де мысал келтіреді. Мұның кейбірі көңілдегідей, жарастықпен шықса, кейбірі Татьяна шындығында дәл қабыспай жатса да, ақын оған қысылмайды. Өз халқына, оқушысына, өз тұсына ұғымдырақ ету үшін Татьяна мен Онегинді сол өз жұртының тіл - түсініктеріне, кейбір ұғым - нанымдарына жақындатып, жанастыра түседі.

Шеш көңілімнің жұмбағын,

Әлде бәрі алданыс.

Жас жүрек жайып саусағын,

Талпынған шығар айға алыс... - деуге аудармада Абай Пушкиннің өзіне жақын барып, шеберлік тапса, Онегиннің хатында басқа сырды көрсетеді:

Михрабымсың, бас ұрамын,

Тіл жете алмай ғұзырыма,

Жетпедім, не жасырармын,

Гауһарымның қадіріне... - дейді.

Мұнда алған теңеу - "михраб" болуы ғажап емес. Татьяна орыс қызы болу себепті христиан дінінде. Ал "михраб" тек мұсылманның ғана мешітінде болады, онда имамның ғана сәжде қылатын орны. Абай Онегинге осыны айтқызуда өзі білген асылдың, өз оқушысы түсінген қадір-қасиеттің, асыл - құрметтің қайсысын болса да екі жастың сезімдерін жеткізуден аямағанын көрсетеді.

Ұлы орыс халқының мәдениетін қасиеттеген, ұлы Пушкинді құрмет тұтқан Абай оның әдебиеттегі асыл мұраларының бірі - "Евгений Онегинді" де қасиеттеп, артықша сүйіспеншілікпен аударды. Пушкин мен Абай творчествосының, олардың ой-пікірінің үндестігінен орыс халқы мен қазақ халқы арасындағы өткен заманнан келе жатқан жақындықтың, достықтың желі ескендей болады.



IV.Мәтінмен жұмыс

Екі ақынның өлеңдерін салыстыру.



V.Сабақты қорытындылау

ИНСЕРТ арқылы



Білемін

Білдім

Білгім келеді










VI. Үйге тапсырма

Абайдың табиғат лирикасы тақырыбына жазылған кез-келген өлеңін жаттау



VII.Оқушыларды бағалау
Сабақ жоспары

Пәні: абайтану

Сыныбы:9

Күні:

Сабақ тақырыбы: Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Абай Құнанбаевтың өлеңдерінің орыс және басқа тілдерге аударылуы , жарыққа шығуы туралы оқушыларға түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа білімді игерту

Көрнекілігі: өлеңдер жинағы, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Кезекшімен сұхбат

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Крыловтан аударған мысалын жаттап келу.



ІІІ.Жаңа сабақ

Абайды қытайша сөйлеткен

Ха Хуан Жан (Хабай) Абайдың қытай еліндегі аудармашысы, әрі насихаттаушысы ақын ұрпақтарының жүрегінде үлкен әсер қалдырды. Ұлты Сібе, Шыңжан өлкесінің Шәуешек қаласы маңындағы Қазақтар ауылында туып, балалық, жастық шағы қазақтармен бірге өткендігі, Қытай тіліндегі мектептерде оқыса да, қазақша аса жетік білетіндігі, әсіресе Абайды бала күнінен жаттап өскендігі мәлім болды.

Хабай мырза Шыңжан университетінің орыс тілі факультетін бітіріпті, ұзақ жылдар Қытайдағы Қазақтар арасында ауапты қызметтер атқарған. 1970жылдан бастап Пекиндегі лттар баспасында, 1980жылдан Қытай қоғамдық Ғылымдар академиясы аз ұлттар әдебиетін зерттеу институтында, кейін «Аз Ұлттар әдебиетін Зерттеу» журналының басч редакторы болып істеген. 1950 жылы Абайдың «Ескендір» поэмасын, 1958 жылы «Масғұт»поэмасын Ханзу тіліне аударып, Пекинде арнайы кітап етіп бастырып шығарған. 1958 жылы «Қазақтың ұлы ақыны- Абай» атты алғашқы ғылыми зерттеу мақаласын жазып, Пекинде «Тянь-Шань» журналында бастырған.

Хабай Абайдың 167 өлеңін, 3 поэмасын,45 ғақлия сөздерін түгел аударған.

«Абай және Абай шығармалары » деген 3 кітабын Пекин қаласында бастырып шығарған.

Абай өлеңдерін басқа тілдерге аударған аудармашылар

Грузин тіліне аударған- Ш.Мчедлишвили

Қарақалпақ тіліне аударған- Ш.Сеитова

Қырғыз тіліне аударған- А.Токомбаева

Татар тіліне аударған-М.Максуд және Н.Арсланов

Француз тіліне аударған- Ғалымжан Мұқанов

Ағылшын тіліне аударған- А.Самохмалов

Түркмен тіліне аударған- А.Хайидова, Т.Касымова

Ұйғыр тіліне аударған- П.Искакова және М.Хамраева
IV.Мәтінмен жұмыс

Абайдың аударма мәтіндерімен танысу

Қыз сөзі

Жігіт сөзі

Қыс өлеңі

V. Сабақты қорытындылау

Инсерт арқылы

Білемін

Білдім

Білгім келеді











VI.Үйге тапсырма

Абай Құнанбаев тақырыбына тест, сөзжұмбақ не слайд құрап келу


VII.Оқушыларды бағалау

Сабақ жоспары

Пәні: абайтану

Сыныбы:9

Күні:

Сабақ тақырыбы:Абай және батыс әдебиеті

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Абайдың Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете,Дюмалардың, философтар Сократ, Платон,Аристотель, Спенсер, Дарвин еңбектерімен танысуын,Дж.Байроннан «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтен «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі » өлеңдері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: ұлы ақынның мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ типі: жаңа білімді игерту сабағы

Көрнекілігі: ақынның өлеңдер жинағы, слайд

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Оқушыларды сабаққа дайындау

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Абай Құнанбаев туралы шығармашылық жұмыс



ІІІ.Жаңа сабақ

Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым- батыс, батысым-шығыс боп кетті » деуі ақынның Батыс елінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі. Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған. Бұл жайында М.Әуезов: «Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп өтеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ білімпаздарын да зерттейді. Европа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрінен де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі» деп жазған.

Абай аудармаларының ішінде ұлы ағылшын ақыны, революцияшыл романтизмнің көрнекті өкілі Джордж Ноэл Гордон Байронның әйгілі «Еврей сазы» топтамасынан «Көңілім менің қараңғы» деген өлеңі бар.

Поляк ақыны А. Мицкевичтің жарқын есімі әлем әдебиетінен ұлы классик жазушылармен қатар. Абай оның шығыс ақындарының ішіндегі бірінші аудармашысы. «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі».



IV. Мәтінмен жұмыс

Оқушылар Абайдың аудармаларының мәтінімен танысады.

«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі»

«Көңілім менің қараңғы»



V. Кестемен жұмыс

Абайдың өз шығармалары

Абайдың Крыловтан аударған шығармалары

Абайдың Батыс Европа ақындарынан аударған шығармалары












VI. Сабақты қорытындылау

Тест арқылы



VII.Үйге тапсырма

Аудармаларды мәнерлеп оқу



VIII.Оқушыларды бағалау

Сабақ жоспары

Пәні: абайтану

Сыныбы:9

Күні:

Сабақ тақырыбы: Абай және батыс әдебиеті

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: оқушылардың Абай туралы білімдерін тереңдету; тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Абай мұраларын құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ типі: жаңа білімді игерту сабағы

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Кезекшімен сұхбат

Оқушыларды сабаққа дайындау



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Абайдың батыс ақындарынан аударған аудармаларын мәнерлеп оқу.



ІІІ.Жаңа сабақ

«Қараңғы түнде тау қалғып»

Абайдың 1892ж. М. Ю. Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 2 шумақтан тұрады, барлығы 8 жол. Өлең - Абай аудармаларының шоқтығы биік озық үлгісі. Лермонтов бұл шағын өлеңді 1840 ж. неміс тілінен тікелей тәржімалаған. 1780 жылдың күзінде Кикельхан шыңына жаяу сапар шегіп, И. В. Гете шың түбіндегі аңшы үйінің қабырғасына қарындашпен небәрі сегіз жол өлең жазады. Бұл кейін бүкіл дүние жүзіне танымал болған, сан-алуан тілдерге аударылған әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» еді. Бұл лирикалы-философ. миниатюраның негізгі түйіні, әлеуметтік мәні мен астары, көркемдік құдіреті аса тереңде жатыр. Адамзат өмірі мен тылсым табиғат құбылысының арақатынасын, байланысын, тынымсыз харекет-өмірден кейін тыныштық аңсау тақырыбын тұңғыш көтеріп, көркем бейнелеген көне грек ақыны Алкман (б. з. б. 7ғ.) болатын. Сонан соң бұл мәңгілік тақырыпты көне заманның ұлы ойшыл ақындары Вергилий, Овидий, Ариосто, Тассо тереңдетіп, құбылтып, толықтыра түсті, өлеңдеріне жаңа қуат берді. Гете «Жолаушының түнгі жырын» солардың үлгісінде жазып, сол ұлы ақындардың дәстүрін жалғастырды, өзіндік соны бояу, жаңа реңк енгізді. Өлеңнің философиялық түйіні соңғы екі жолында ашылады: «Тыншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ». Бұл жолдар Гетеде де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Гетеде «Жолаушының түнгі жыры» еркін жазылған, буын саны, ұйқасуы да әр алуан. Өлеңді орыс тіліне тәржімалаған И. Анненский, В. Брюсов, Ю. Александров ырғақтық дәлдікті мүмкіндігінше сақтауға тырысқан, бірақ нәтижесінде аударма сірескен қалпында қалып, жасандылау шығып, көркемдік күш-қуатын әлсіретіп алған. Лермонтов, керісінше, Гетенің миниатюрасын еркіндеу аударып, орыс табиғатына лайық бірнеше тың бейне қосып, ырғақ, буын өлшемін дәл сақтамағанымен, түпнұсқадағы ойға, сарынға, сезімге ешбір нұқсан келтірмей, данышпан неміс ақынының философиялық ой- күйін, түйсік-сезім, дүние танымын айқын бере алған. Абай аудармасы жайында да дәл осыны айтуға болады. Ол Лермонтов тәржімесі арқылы ұлы Гетенің жан сырын тап басып, өлеңді қазақ топырағына бейімдеп, ұлттық әр беріп, жаңа, тың жыр туғыза алған. Абайдың шеберлігі, көрегендігі, сезімталдығы, әсіресе үш өлеңді қатар қойып оқығанда ерекше айқындала түседі. Бір ғажабы, Абайдың аудармасы өзіндік, тел шығармадай әсер етеді, «Қараңғы түнде тау қалғыпты» білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ. Оған бір жағынан Абайдың бұл өлеңге жазылған кең тынысты, нәзік өуенді әні себеп болуы керек. Өлең шалыс ұйқас үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

1979 ж. қазақ жазушысы Қ. Исабаев неміс қаласы Габельбахтағы Гетенің музейіне Абай аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі қашалып жазылған мәрмәр тақтаны және әнші М. Көшкінбаев домбырамен орындаған әннің магнит таспасын сыйға тартқан. Г. Бельгер. Абай«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңіне ән шығарған. Ән сипаты көңілге қонымды, жүрекке жылы, құлаққа жағымды. Алғашқы рет нотаға композитор Л. Хамиди 1935 ж. А. Ысқақовтың айтуы бойынша жазып алған. 1984 ж. музыка зерттеуші Қ. Жүзбасов әнші Қ. Байжановтан 1958 ж. (магнитофонға) таспаға жазылған үлгісін және М. Мұқамеджановадан жазылған нұсқасын нотаға түсірген. Қазіргі уақытта бұл әннің З түрі белгілі болып отыр. Сол үш нүсқаның 2 түрі ең күрделі және толық екі шумақ аумағында түгелдей мелодиялық сазымен ерекшелеңеді. Екінші шумақтың әуен-сазы мен ырғағы бастапқы шумақ тармақтарының сарынының вариациялық (өзгерістермен) мәнермен өрнектелгенін аңғартады. Абай поэзия саласында ғана емес, сонымен бірге сазгерлік, ән өнерінде де лирикалық қазақ-қалалық ән жанрының жаңа түрін қалыптастырды. Абайдың композитор өнерінде сұлу үн, терең философия, ұнамды парасат, сән-салтанат, әдемі үйлесім табады. Әннің әуен сазы мен поэзия тілі гармониялық үйлесім тауып, сазы минорлық ладта қалыптасқан, ырғақ желісі мен жүйесі аралас өлшеммен ерекшелеңген. Мысалы, 4/4, 4/4, 6/4, 4/ 4, 5/4, 4/4, 5/4, 4/4, 5/4, 4/4, 5/4, 4/4 - бірінші түрі; 3/4, 5/4, 6/4, 3/4, 4/4, 5/4, 5/4, 6/4, 3/4, 5/4, 6/4, 4/4, 6/4, 5/4, 6/4 - екінші түрі; 3/4, 3/4, 5/4, 6/4, 6/4, 3/4, 3/4, 6/4, 5/4, 5/4 - үшінші түрі. Сондықтан ән шалқымалы кең тынысымен ерекшелеңіп, өлең кестесі 7-8 буынмен қалыптасқан. Ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Өзгеге көңлім тоярсың» әндері осы әнмен ұқсас әрі сарындас.

IV. Мәтінмен жұмыс

Оқушылар өлеңнің мәтінімен танысады және мәнерлеп оқиды.



V. Өлеңді талдау

Өлеңді кешенді талдау технологиясы бойынша ауызша талдау.



VI. Пәнаралық байланыс

Досмұқасанның орындауындағы «Қараңғы түнде тау қалғып »әнін тыңдату



VII. Сабақты қорытындылау

Тест арқылы



VIII. Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау.



IX. Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет