Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании


Бағдарлама Элективті курс ЗАМАНАУИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ



бет180/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   384
Байланысты:
Факултатив
Гер 5лек
Бағдарлама
Элективті курс
ЗАМАНАУИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
8 сынып оқушыларына арналған
8 сынып аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат
Г.К.Жумашева
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі


Пікір жазған: биология және биотехнология кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, б.ғ. магистрі А.Е.Есенбекова


Түсініктеме хат мазмұны
Бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 8 сыныптарын оқытуға арналған. Мектеп жағдайына байланысты 8 сыныпқа аптасына 1 сағаттан өткізуге болады. Ғылым мен техниканың қарқынды дамыған заманында, қандай ғылым саласын зерттемес бұрын, оның негізгі мәселелерін анықтап алу және адам денсаулығына әсерін білу қажет.
ХХI ғасыр – биология ғасыры - жаңа бастама және болашақ оның жетістігімен тығыз байланысты. Біздің заманымызда биологтардың алдында көптеген мәселелер тұр, оның шешімі жаратылыстану ғылымына және сондай-ақ адамзаттың дамуына, денсаулығына жылжымалы әсерін тигізеді. Сондықтан, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, Қазақстан халқына Жолдауында: «Егеменді еліміздің болашағы мықты болып, шынығып өскені абзал» деген. Оның негізгі осы кезден қаланатын болса, өмірге «өскелең ұрпақ келер еді» деп атап өтті. Бірақ бізге әрдайым қалың бұқара үшін адамдарды емдейтін дәрігерлерден гөрі, оларды үйрететін адамдарға бағыттайтын, оларды үлгі өнегелерімен еліктіріп, ілестіріп жүретін мұғалімдер. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту, бүгінгі басты мақсаттарының бірі болып отыр. Білім мен тәрбие беру саласының дене тәрбиесі маңызды орын алады.
«Саулық - байлық негізгі» деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін аурудың алдын алу және болдырмау, дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту, дене тәрбиесімен айналысуы керек. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Дені сау бала ақылды, өз - өзіне сенімді, жан - жағына қуанышымен шаттана қарайтыны айқын. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалысты дене құрлысының дұрыс жетілуі мектеп кезеңде қалыптасады. Ағзаның қорғаныс қабілетін нашар қалыптасқан балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның, бел омыртқаның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, бұған үнемі ықпал етіп отыру керек.
Әрбір технологияның әрқайсысы денсаулық сақтау бағытында болуы, ал кешенде қолданылатын денсаулық сақтау іс-әрекетінің нәтижесінде оқушыларда салауатты өмір-салтына тұрақты мотивация, толыққанды және күрделі емес дамуының қалыптасуы аса маңызды. Балалардың денсаулығының статистикалық мониторингіне сүйеніп, технологиялық ықпал ету қарқындылығына қажетті түзетулер енгізілсе, әрбір балаға жекелей оқыту қамтамасыз етілсе педагогтар мен ата-аналарда оң мотивация қалыптасатын болса, денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды қолдану тәрбие мен білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтар мен ата-аналарда тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құндылық бағдарын қалыптастырады.

  • балаларды өз дене мүшесіне күтім жасауды оқытудан

  • дене шынықтырудан; 

  • тағамдарды дәрумендеуден; 

  • фитопрофилактикадан; 

  • натуропатиядан; 

  • өзін-өзі психологиялық реттеу жаттығуларын меңгеруден; 

  • балалардың қозғалыс әрекетін оңтайландырудан. 

Денсаулық сақтау шараларын өткізу кезінде олардың психологиялық – педагогикалық аспектілері күшейтілуі керек. Бұл балалардың өзінің денсаулығына саналы қарым-қатынасын тәрбиелеуді және өзінің денесі туралы автоматтандырылған дағдыларды қалыптастыруды білдіреді.
Оған генетика, молекулалық биология, бұлшықеттердің, бездердің, жүйке жүйесі мен сенсорлы органдардың физиологиясы мен биохимиясы ( есте сақтау процестері, ЖЖ қозуы және тежелуі); фото- мен хемосинтез, энергетика мен табиғи комплекстердің және жалпы биосфера өнімділігі, табиғи процестердің құрамы мен формасы, олардың тұтастығы мен мақсаттылығы, прогресс және т.б.зерттейтін сұрақтар кіреді.
Жас ұрпаққа осы мәселелерді түсіндіре отырып, олардың болашақтағы айналысар істерін биология ғылымындағы шешілмеген мәселелерді зерттеуіне арнап, оған деген қызығушылығын ояту, денсаулығын күтуге, осы сала бойынша мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру бағдарламаның негізі болып табылады. Бағдарлама бойынша қарастырылған материалдар оқушының білім білік дағдыларының жетілуіне, ғылыми түрде ойлауының дамуына септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет