Бағдарламаның мақсаты: Оқушының геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері меңгеруі арқылы олардың математикалық сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын арттыру, дамыту көзделген. Оқушының курстан алған білімдерін география, техника салаларындағы есептер шығаруда және практикалық жұмыстарында қолдану. Оқушының практикалық есептер шығару дағдысын,ойын қысқаша сызбамен жеткізу және шығармашылық қабілетін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
«Геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері» курсы аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат.
Бағдарламаның мазмұны төменгідей тақырыптардан тұрады:
Кіріспе. Геометрия қашан пайда болды? 1сағат;
Планиметрия фигуралары.Фигураның ауданы туралы ұғым 1сағат;
Айналу денелерінің көлемдері үшін ортақ формула 3 сағат;
Сынақ №2. «Кеңістіктегі фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері» 1 сағат;
«Геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері» элективті курстың тақырыптарын түсіндіру арқылы оқушыларда жазықтықтағы фигуралардың аудандары,денелердің беттері мен көлемдері туралы білімдерін қолданып ҰБТ тапсырмаларын және математикалық сауаттылық есептерін шешуге үйретеді.
Бағдарлама математикалық сауаттылық емтиханына дайындық деңгейін жақсарту және оқушының өз үстінде жұмыстануға жағдай жасайды. Оқушы курс кезенінде алған білімдерін геометриялық есептерді шығаруда пайдалану мен шектеліп қалмайды. Ол күнделікті өмір-тұрмыстық мәселелерді шешуге қолданады.