Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании


ФИЗИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ АРҚЫЛЫ ЕСЕП ШЫҒАРУДЫ ҮЙРЕНУ



бет229/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   384
Байланысты:
Факултатив

ФИЗИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ АРҚЫЛЫ ЕСЕП ШЫҒАРУДЫ ҮЙРЕНУ
7 сынып оқушыларына арналған
аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат


С.М. Тиреуова
№119 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімдері

Пікір жазған: Сыдыкова Ж.К, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, физика, математика және информатика институтының аға оқытушысы, п.ғ.к.,




Түсініктеме хат
Ұсынылып отырған «Физикалық процестерді модельдеу арқылы есеп шығаруды үйрену» атты элективтік бағдарлама физика пәнінен алған білімдерін тереңдету мақсатында 7 сынып оқушыларына арналған. Осы бағдарлама аптасына 1 сағаттан (34 сағат жыл бойына) есептелген.
Курстың мақсаты оқушыларды физикалық есептерді шешу үшін қажетті ойша талдау жасауға және модель түсінігін қалыптастыруға үйрету. Есепті шешу барысында есепке талдау жасау, салыстыру тек қана білімді ғана емес, баланың ойлау қабілетін де қажет етеді. Физика есептерін шешу және модельдеу оқушыларды тек қана танымның ғылыми әдістемесіне үйретіп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін, ойлау дағдысын, жан - жақтылығын дамытады.
Курсты оқыту барысындағы міндеттер:

  • оқушылардың әлем туралы ой-өрістерін кеңейту;

  • әртүрлі нысандардың моделін жасауды үйрету;

  • оқушылардың ой-өрісін дамыту;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу;

  • оқушылардың өз білімдерін әр түрлі салада қолдана білуге үйреу;

  • есептердің шешімдері мен жауаптарын модель жасау арқылы талдауға үйрету;

  • топпен және жұппен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Оқытудың әдіс-тәсілдері
Элективтік курсты оқытуда эвристикалық әдістер қолданылады:

  • зерттеу әдістері (өзара ұқсастықты салыстыру, жіктеу және т.б.)

  • эвристикалық бақылау әдістері;

  • гипотеза әдістері;

  • болжам әдістері;

  • қателер әдісі;

  • оқытудың өзін-өзі ұйымдастыру әдісі,

  • өзара оқыту әдісі,

  • өзін-өзі бағалау әдісі.

Элективті курсты оқытуға жылына 34 сағат (аптасына 1 сағаттан) бөлінген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет