Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
1. Физика және жыл мезгілдері: күзгі физика, қысқы физика, көктемгі физика, жазғы физика.Ас үйдегі тәжірибелер. «Мерекелік» физика.«Ақшалай» физика.Физика және электр, Тәжірибелік физика. Эвристикалық физика. Адам физикасы
2. Физикалық шамалар. Физикалық шамаларды өлшеу(ұзындық, аудан, көлем бірліктері). Өлшеу қателіктері. №1 тәжірибелік жұмыс. «Өлшеуіш прибор бөліктерінің құнын анықтау», №2 тәжірибелік жұмыс. «Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау»,№3 тәжірибелік жұмыс. «Әртүрлі формадағы тастар,сабын және мұз кесегінің көлемдерін анықтау»
3. Заттың құрылысы. Молекула. Молекулалардың қозғалыс жылдамдығы және дененің температурасы.Диффузия. Газдардағы, сұйықтардағы және қатты денелердегі диффузия. №4 тәжірибелік жұмыс. «Диффузия құбылысын зерттеу». №1 бақылау жұмысы. «Заттың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар»
4. Механикалық қозғалыс. Траектория, жол. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Орташа жылдамдық. Есептер шығару. Қозғалыстың жолын және уақытын есептеу. №2 бақылау жұмысы. «Жылдамдық, орташа жылдамдық»
5. Инерция. Денелердің өзара әсері. Масса. Масса бірліктері. №5 тәжірибелік жұмыс. «Дененің массасын таразыға тартып өлшеу». Заттың тығыздығы. Тығыздығы бойынша дененің массасы мен көлемін анықтау. №6 тәжірибелік жұмыс. «Қатты дененің тығыздығын анықтау». №7 тәжірибелік жұмыс. «Хош иіссулар және т.б. бөтелкелердің ішкі көлемін анықтау
6. Күш. Ауырлық күші. Динамометр. Серпімділік күші. Дененің салмағы. Үйкеліс күштері(тыныштық, домалау, сырғанау). Табиғаттағы және техникадағы үйкеліс. №8 тәжірибелік жұмыс. «Серіппені градуирлеу және динамометрмен күшті өлшеу».
7. Жай механизмдер. Рычаг. Рычагтардың техникада, тұрмыста және табиғатта қолданылуы.
Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнінің ерекшелігі:
Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған элективтік курс оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары, құндылықтар) үйренеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілетіні түсіндіріледі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды, есептерді шығару барысында көз жеткізеді.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |