Өткізілу түрі
|
Білім өнімі
|
|
|
Барлығы:
|
Лекция/ Теория/
Практика 1
|
Практика/ Практика 2
|
|
|
1
|
Кіріспе. Математика – ойды ретке келтірудің құралы.
|
2
|
1
|
1
|
Дәріс
|
Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру
|
І
|
Тез есептеу әдістері.
|
Барлығы:14
|
|
|
|
|
2
|
5·10п; 25·10п; 125·10п; түріндегі санға көбейту
|
2
|
1
|
1
|
Таныстыру
сабағы
|
Қабілеттілікті дамытады
|
3
|
5·10п; 25·10п; 125·10п; түріндегі санға бөлу
|
2
|
1
|
1
|
Дамыта оқыту
|
Білімді жүйелейді
|
4
|
100-ге,1000-ға жақын сандарды көбейту(100-ге,1000-ға дейін толықтыру әдісі)
|
2
|
1
|
1
|
Білімді тексеру
|
Еріктілікті дамытады
|
5
|
Тез есептеу кезінде қысқаша көбейту формулаларын қолдану,
Лезде квадрат дәрежеге шығару
|
2
|
1
|
1
|
Қайталау
|
Қызығушылығын
арттырады
|
6
|
Аяғы 5 пен аяқталатын сандарды квадраттау,
25 пен аяқталатын сандарды квадрат дәрежеге шығару
|
2
|
1
|
1
|
Дамыта оқыту
|
Сезімді дамыту
|
7
|
Екі орынды санды 11-ге көбейту; 10,11,12,13,14 сандарының өзіндік ерекшеліктері
|
2
|
1
|
1
|
Аралас
сабағы
|
Қызығушылығын
арттырады
|
8
|
Ондық цифрлары бірдей, бірліктерінің қосындысы 10-ға тең болатын екі-үш орынды сандарды көбейту тәсілдері
|
2
|
1
|
1
|
Сайыс сабағы
|
Еріктілікті дамытады
|
ІІ
|
Бөлінгіштік белгілер
|
Барлығы:18
|
|
|
|
|
9
|
2-ге бөлінгіштік белгісі, 3-ке (9-ға) бөлінгіштік белгісі
|
2
|
1
|
1
|
Ойын сабағы
|
Қызығушылығын
Арттырады
|
10
|
4-ке бөлінгіштік белгісі, 5-ке бөлінгіштік белгісі
|
2
|
1
|
1
|
Білімді тексеру
|
Қиыншылықты жеңе білуге
|
11
|
7-ге бөлінгіштік белгісі, 8-ге бөлінгіштік белгісі
|
2
|
1
|
1
|
Ойын сабағы
|
Қызығушылығын
арттырады
|
12
|
11-ге бөлінгіштік белгісі, 13-ке бөлінгіштік белгісі
|
2
|
1
|
1
|
Тақырыпты меңгерту
|
Қабілеттілікті дамытады
|
13
|
19-ға бөлінгіштік белгісі, 25-ке бөлінгіштік белгісі
|
2
|
1
|
1
|
Таныстыру
сабағы
|
Белсенділікті қалыптастырады
|
14
|
99-ға,33-ке,11-ге бөлінгіштік белгісі
|
2
|
1
|
1
|
Білімді тексеру
|
Еріктілікті дамытады
|
15
|
101-ге бөлінгіштік белгісі
|
2
|
1
|
1
|
Концултация
сабағы
|
Белсенділікті қалыптастырады
|
16
|
999-ға,333-ке,111-ге,37-ге,27-ге бөлінгіштік белгілеу
|
2
|
1
|
1
|
Семинар сабағы
|
Сезімді дамыту
|
17
|
Қорытынды сабақ
|
2
|
1
|
1
|
Жаттықтыру сабағы
|
Еріктілікті дамытады
|
|
Барлығы:
|
68 сағат.
|
|
|
|
|
Ақпараттық- әдістемелік бөлім
Ақпараттық бөлімде оқушылардың білімдерін бағалау түрі көрсетіледі. Мұғалім мен оқушының оқыту негізіндегі өзара қарым-қатынас анықтайтын мынадай талаптар болуы тиіс:
1) Тақырып мазмұнының бағалауға жататын құрамаларын көрсету;
2) Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар үшін бағалаудың әдістерін анықтау;
3) Оқушылардың білімдерін бағалауға, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеті мен дамуындағы өзгерістерді қадағалауға мүмкіндігін беретін әртүрлі бақылау әдістерін қолдану;
4) Бақылау әдістері бағдарлама мақсаты мен міндеттеріне сәйкестендірілген;
5) Оқытудың аралық нәтижелерін қадағалауға мүмкіндігін беру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Гусев В.А. Математикадан кластан тыс жұмыс.
Забежанская Н.Н Математическая юрта.
Забежанская Н.Н Математическая мозаика.
Гарднер М. Математические чудеса и тайны.
Афонькин С. Оригами.
Абылайханов Т.Т Математикалық есептер.
БАҒДАРЛАМА
элективті курс
МАТЕМАТИКАНЫҢ ТАҢДАУЛЫ ТАҚЫРЫПТАРЫ
7сынып оқушыларына арналған
аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
Г.С.Азизова
№177 жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі
Пікір жазған: Кожамкулова Жазира Жумагуловна - М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты
Түсініктеме хат
Бүгінгі оқушылар арасында математика ғылымына деген қызығушылықтың төмендегені ешкімге де жасырын емес. Мүмкін, оның салдарынан əріден іздеу қажет шығар. Қалай дегенмен де өзге салалардың қарқынмен дамуына негіз болатын математиканың ешқашан өлмесі анық тұжырым. Бұл кемшіліктің орнын толтыру үшін, яғни, мектеп оқушыларының пəнге деген көзқарасын əр түрлі факторлармен: жеке басының жəне пəннің ерекшеліктерімен қатар оқыту əдісімен өзрету қажет секілді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отыра, пəнге деген ынтасын арттыру мақсатында сабақтан тыс жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор.
Сондықтан да математика пәні тереңдетіліп оқылмайтын сыныптарда күрделі тақырыптарды қамтитын элективті курс бағдарламасын құру көп жылдан бері ойда болатын. 2017 жылдың күзінен бастап осы бағдарламаның құрылуымен айналыстым.
7 сыныптағы математиканың негізгі курс бағдарламасындағы тақырыптар элективті курс сабақтарында тереңдетіп оқыту және пәндік олимпиадаға дайындау мақсатын көздейді. Курстың сабақтары жаңартылған білім беру шеңберінде өткізуге жоспарланған.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ – ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану.
Бұл курстың мақсаты:
Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру;
Білімді жалғастыру үшін, аралас пәндерді оқу үшін, практикалық іс-әрекетте қолдану үшін нақты математикалық білімді меңгеру;
Есептерді шығарудағы жаңа идеялар мен тәсілдерге түсініктер беру;
Математика заңдылықтарын тереңінен түсіне алатын жеке тұлғаларды тәрбиелеу;
Математикалық іс-әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Бұл курстың міндеттері:
Оқушылардың білімін сынау негізінде олардың шығармашылыққабілеттеріндамыту;
Өзіне-өзі талдау жасай алатын және өздігінше даму бағдарламасын құра алатын, талдау жасай білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу;
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, оқушы бойында өздігінен білім алуға деген ұмтылушылық қасиетін қалыптастыру;
Математикаға деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін, білім алуға деген ұмтылысын дамыту;
Гипотезалар ұсыну, логикалық ой-қорытындысын жасау, аналогия және идеализация тәсілдерін қолдану қабілеттерін қалыптастыру.
Бұл курстың өзектілігі математикалық қызықты тапсырмалар мен күрделі есептерді шешу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бұл курс тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.
Жоғары логикалық және оперативтік мәдениетті қолдануды талап ететін, оқушылардың ғылыми-техникалық және алгоритмикалық ойлауын дамытатын математикалық есептерді шығару тәсілдері мен әдістеріне үйретеді. Курс сабақтар бағдарламалық теориялық материялдарды көбірек қарастыруға мүмкіндік береді, оза оқыту принципін енгізуге алғышарт болады.
Бағдарламаның мазмұны 7 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сай жасалынған.
Оқулықпен математика пәні бойынша олимпиадаға өздігінше дайындалуға мүмкіндігі жасалған. Сонымен қатар, қосымша теориялық материалдармен бірге олардың практикалық қолданысы тұрғысындағы материалдар молынан қарастырылады. Курс барысында оқушылардың математика пәнінен дайындық деңгейі көтеріледі, әр оқушының потенциалдық шығармашылыққа біліктері артады деп күтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |