Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет252/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескриптор

Балл





















Білім алушы


































Термодинамиканың бірінші

1

Термодинамиканың бірінші заңын

1




заңын есеп шығарғанда




қолданады.







қолданады
















Газдың ішкі энергиясының өзгерісін

1










анықтайды.






















Жылу қозғалтқыштарындағы

2

a) Қай процесске байланысты екендігін

2




энергияның түрленуін




анықтайды және термодинамиканың







сипаттайды




бірінші заңының формуласын жазады.













b) Газға қандай жылу мөлшері берілгенін

1










анықтайды.






















Іштен жану қозғалтқышының

3

a) Қоршаған ортаға бөлінген энергияны

1




жұмыс істеу принципін




анықтайды.







сипаттайды
















b) Машинаның ПӘК-ін есептейді.

1










c) Идеал машинаның ПӘК-ін анықтайтын

1










Карно формуласын жазады.







Жылу қозғалтқышының

4

a) Бензиннің массасын анықтайды.

1




пайдалы әрекет
















b) Бензин толық жанғанда бөлінетін жылу

1




коэффициентін анықтау әдісін




мөлшерін есептейді.







сипаттайды және жылу
















c) ПӘК-інің формуласы арқылы пайдалы

1




қозғалтқыштарын жетілдіру




жұмысты анықтайды.







жолдарын ұсынады




























Жалпы балл







11




Бақылау жұмысын бағалау:
«5» бағасы – 80%-100% дұрыс жауап үшін;
«4» бағасы – 60%-79% дұрыс жауап үшін;
«3» бағасы – 50%-59% дұрыс жауап үшін;
«2» деген баға басқа жағдайларда қойылады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Сборник задач» Г.А.Бендриков, Б.Б.Буховцев, В.В.Кержинцев, Г.Я.Мякишев Москва. Ониккс. Альянс –В 2006
2. И.Л.Касаткина «Репетитор по физике» (теория и методические пособие , 4 книги)
3. «Сборник задач по физике» Г.Н.Степанова Москва «Просвещение» 2004
4. «Сборник задач по физике» А.П.Рымкеевич Алматы «Рауан» 1998
5. «Самостоятельные и контрольные работы» (8,10 кл) Л.А.Кирик «Илекса» Москва 2005
6. 7-8 класс «Физикадан деңгейлік тапсырмалар» РМФММИ Ж.О.Бақынов 2003
7. «Сборник задач по физике» В.И.Лукашик, Е,В.Иванова Москва «Просвещение» 2006
8. «Элементарный учебник физики» Г.С.Ландсберг (І, ІІ, ІІІ том) Москва 1995 АОЗТ «ШРАЙК»
9. «Прогрешности измерений при выполнении лабороторных работ по физике» 7-11 класс Г.Г.Никифоров. Дрофа , Москва, 2004.

БАҒДАРЛАМА


Элективті курс
ТЕРБЕЛІСТЕР МЕН ТОЛҚЫНДАР
11-сынып оқушыларына арналған
аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат


Қ.Сергазиева
Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің физика пәнінің мұғалімі

Пікір жазған: А.Г.Ибраев,ф-м.ғ.д., профессор ;Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Механика» кафедрасының меңгерушісі,




ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы орта мектептердегі оқытылатын пәндер бойынша сабақтарды оқу мақсаттары мен міндеттеріне сай әралуан тәсілдер мен технологияларды қолдану арқылы нақты күтілетін нәтижеге бағыттауды талап етеді. Физика пәнін оқытуда күтілетін ең жоғары нәтиже физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыдан терең түсініп, теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін қалыптастырып, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқытуды, білім беруді жаңа сапалық деңгейге көтеруді қамтамасыз ететін біртұтас жүйелілік әлеуетін пайдалану. Жоғары нәтижеге толық жетуге білім стандартымен сабақтас, негізгі бағдарламаны толықтыратын элективті, арнайы курстар мен факультатив сабақтар көмектеседі.
Сондықтан, ұсынып отырған бағдарламаның мақсаты:
- Физика курсында алған білімдерін тереңдетіп, күрделі есептерді
- шығаруда, зертханалық жұмыстарды орындауда салыстыру, сараптау, қорытынды
жасауға икемдеу

  • Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін ой-өрісін дамыту

  • 11- сынып оқушыларының физика пәнінен тербелістер мен толқындар туралы білімдерін тереңдету

  • Механикалық тербелістерден (толқындардан) бастап әр түрлі жиіліктегі электромагниттік тербелістер мен толқындардың пайда болу шарттары, сипаты, қасиеті, таралуы, пайдалануы мен әсері туралы білімдерін кеңейту.

  • Көрсетілген тақырыптар бойынша бақылау, зерттеу жүргізу, қосымша мәлімет жинақтау біліктілігін арттыру

Бағдарламаның міндеті:

  • Оқушыларды жан-жақты ізденуге бейімдеп, білімге құштарлығын арттыру

  • Тербелістер мен толқындарды сипаттайтын теңдеулерді құрастыру, солардың көмегімен физикалық шамаларды анықтай білу.

  • Механикалық, электромагниттік толқындарды пайдалану және олардың зиянды әсерінен қорғану шараларын ұйымдастыра білуге баулу.

  • Математика заңдарын физикалық үдерістерді сипаттауда еркін қолдана білу мүмкіндіктерін арттыру

  • Теориялық білімдерін практикада пайдалана білуге икемдеу.

  • Жеке тұлғаның өсуіне және кәсіби өзінің мүмкіндіктерін анықтауда қолдау көрсету.

Бағдарламаның өзектілігі:
Механикалық және электромагниттік тербелістер мен толқындардың табиғаты әр түрлі болғанмен, оларды сипаттайтын заңдар мен теңдеулер бірдей болып шықты. Сондықтан табиғаты әр алуан механикалық және электромагниттік тербелістер мен толқындарды бірге қарастырған ыңғайлы.
Өткен ғасырдың екінші жартысында физикада бірнеше жаңа бағыт пайда болды . Соның ішінде «Тербелістер физикасы» деген арнайы сала дамытылуда. Ол салада табиғаты әртүрлі тербелістер мен толқындар бірге қарастырылады. Тербелістер физикасының практикалық маңызы өте жоғары. Онда әртүрлі ғимараттар мен механизмдердің тербелісі, электро-, радиотехникада айнымалы токтың тербелісі туралы зерттеулер жүргізілуде. Сол сияқты, біздің өмірімізде маңызды орын алатын, акустикалық , радиотолқындар мен жарық толқындарын зерттеудің қажеттілігі күмәнсіз. Сонымен қатар, соңғы жылдары белгілі болған жаңа мәліметтер мен болжаулар, мысалы микродүниедегі тербелістер туралы оқушыларға түсінік беру де олардың ой өрісін кеңейтіп, дүниетанымын тереңдетеді.
Мемлекеттік стандартта тербелістер мен толқындарға бөлінген сағат саны олардың барлық қасиетін, бағынатын заңдылықтарын, таралу ерекшеліктерін, табиғаты әр түрлі заттар және денелермен әрекеттесуін, зиянды әсерлері және одан сақтану жолдары туралы толық білім қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, заманаүй технологиялар байланыс, информация тарататын аспапатардың мүмкіндіктері мен қуатының тез өзгеруіне жағдай тудырып отырғандықтан, олар туралы да мәліметтерде жиі жаңартылып, толықтыруды қажет етеді.
Бағдарлама мазмұны механикалық, электромагниттік тербелістерден бастап, толқындардың барлық түрлерін, соның ішінде кванттық физикада қарастырылатын бөлшектердің де толқындық қасиеттерін қамтиды. 5 бөлімнен тұратын бұл бағдарлама мазмұны механикалық тербелістер; еркін, еріксіз электромагниттік тербелістер; электр энергиясын өндіру, тасымалдау, тарату және пайдалану; механикалық толқындар, дыбыс; электромагниттік, жарық толқындары; механикалық, электромагниттік толқындардың әсері және олардың зиянды әсерінен қорғану сияқты мәселелерді қамтиды.
Құрылымы бойынша бағдарлама 6 бөлімнен тұрады: түсініктеме хат, тақырыптар мазмұны, нормативті, ақпараттық-әдістемелік бөлімдер, қолданған әдебиеттер тізімі және қосымша.
Бағдарламада берілген тақырыптар бойынша теориялық материалдар, сол білімді терең де толық меңгеру үшін тақырыпқа байланысты әртүрлі деңгейде есептер шығару және зертханалық жұмыстар жасауға уақыт бөлінген. Нормативті бөлімдегі кестеде әр сабақтың өткізілу түрі көрсетілген. Сабақты дәріс, топтық (ТЖ) , жұптық(ЖЖ) немесе дара жұмыс (ДЖ) түрінде жүргізу, ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану (АКТ), демонстрация немесе олардың бірнешеуін бір сабақта пайдалану туралы кеңес берілген. Кестеге білім өнімі де енгізілген. Сабақ барысындағы оқушының іс-әрекетінің нақты нәтижесі туралы мәлімет. Мысалы, тірек конспектін жазу (ТК), тәжірибе жасау, формула қорытып шығару, есеп шығару т.с.с. жұмыстар. Бағдарламаға үш зертханалық жұмыс енгізілген. Оларды орындау туралы мәлімет қосымшада берілді.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында құрылған осы бағдарламаны элективті курс ретінде орта мектептің 11-сыныбына ұсынып отырмын, (аптасына 2 сағат) барлығы 68 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет