Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет248/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Курстың өзектілігі:
Білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты, мектеп физикасында табиғат құбылыстарын зерттеп оқып-үйренуде, оқыған материалды терең меңгеруде, теориялық материалдарға қатысты әртүрлі деңгейдегі есептерді шығаруда және оқушылардың сауаттылығын арттыруда бұл бағдарламаның үлкен роль атқаратыны, қажеттілігі - өмір талабынан туындап отыр.
Теориялық материалдарға қатысты жоғары деңгейдегі есептерді шығаруға мектепте бөлінетін сағат санының аздығынан оқушылар қиындықтарға кездеседі. Физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыруды және пәнаралық (математика, химия және т. б.) байланысты нығайтуды басты назарда ұстанған бұл бағдарлама бойынша 9-сыныпқа, сапалық, графиктік салу есептерін, олимпиадаға дайындық ретінде деңгейлік есептер шығаруды, ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
«Физика пәні бойынша логикалық және тереңдетілген есептер шығару» курсының ерекшеліктері:

  • Оқушылардың білім дәрежесінің және жеке қабілеттілігінің әртүрлілігіне байланысты деңгейлік тапсырмалар беру:

  1. Орташа деңгей – оперативті – тез орындаушылық, оқушы заңдарды, негізгі ұғымдарды , есептеу формулаларын, өлшем бірліктерін, теорияны білуі тиіс, 2-4 логикалық қадамды мұғалімнің көмегімен жасайды.

  2. Жеткілікті деңгей – аналитикалық-синтез әдісі, оқушы мұғалімнің көмегінсіз, өз бетімен 4-6 логикалық қадам жасауы тиіс.

  3. Жоғары деңгей – аналитикалық-синтез және шығармашылық, оқушы өз бетімен 5-6 логикалық қадам жасауы тиіс және олимпиадалық есептерді шығару қабілеттілігін көрсетеді, аудандық, қалалық, республикалық олимпиадаларға қатысушылар үшін аса маңызды.

  • Дүниенің қазіргі замандағы физикалық бейнесі - табиғаттың біртұтастығы оның физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуалды дамуын қалыптастыруға көмектеседі.

  • Ұсынылатын курс 8 сыныптың программалық материалына сәйкес және оны тереңдетілген деңгейде кеңейтуге бағытталған.

  • Есептерді шешудің базалық программада қарастырылмаған әдістерімен танысу;

  • Физикалық ұғыну деңгейін кеңейту, физиканы саналы меңгеруге дағдыландыру;

  • Формальды ұғынуды мазмұнды ұғынуға алмастыру, логикалық ойлау мен интеллектуальды қабілеттерді қалыптастыру;

  • «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының еңбек пен шығармашылық құндылығына негізделген - саналы әрі ерікті еңбек адамды бақытқа кенелтеді деген ойды оқушы санасына сіңіру; Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру; ақпаратты өңдеу, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет