ІУ. Ақпараттық әдістемелік бөлім
Бағалау критерийлері
Сабақтың түріне байланысты бағалау критерийлері пайдаланылады. Оқушыны дамытуда қалыптастырушы бағалаудың мәні зор, сондықтан ол оқу үдерісіне қатысушылардың барлығына түсінікті, анық, оқушыны жетістіктерге ынталандыратын сипатта болуы тиіс.
І. Қалыптастырушы бағалау үлгілері
1) Мысалы: 5- сабақтың тақырыбы «Гармониялық тербелістердің периоды мен жиілігі»
Тапсырма: Эксперимент көмегімен тербелмелі жүйенің периоды мен жиілігін анықтаңыз.
Білімдік мақсаты: математикалық және серіппелі маятниктердің тербеліс периоды мен жиілігін өлшеулер жүргізу арқылы есептеу; период пен жиіліктің өзара байланыс формулаларын пайдалана білу;
Күтілетін нәтиже:
- барлық оқушылар серіппелі және математикалық маятниктердің тербеліс периоды мен жиілігін анықтайды;
- көпшілігі осы шамаларға байланысты формулаларды пайдаланады
- кейбіреуі тербеліс периоды мен жиілігін теориялық жолмен де есептей алады
Сөздік:
- тербелмелі қозғалысты сипаттайтын ұғымдар мен физикалық шамаларды үш тілде айта алады:
1)гармониялық тербелістер
2)толық тербеліс
3)тербелістің периоды;
4) тербелістің жиілігі
Уақыт: 20 мин
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Бағасы (балмен)
|
Математикалық және серіппелі маятниктің тербеліс периодын, жиілігін анықтай алады
|
-маятникті тиімді тәсілмен құрады
-толық тербелістерді есептейді
-уақытты өлшейді
-тербеліс периоды мен жиілігін табады
-олардың байланысын пайдаланады
-қорытынды жасайды
|
2
2
2
3
2
2
|
|
|
13
|
2) Есеп шығару сабағында қалыптастырушы бағалау үлгісі
1.Оқушыларға алдыңғы тақырыптар бойынша негізгі заңдар мен формулаларды еске түсіру үшін сұрақтар үлестіріледі (ҰЖ).
2. Тақырып бойынша есептер жұптарға немесе топтарға таратылады (ТЖ,ЖЖ)
3. Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары деңгейдегі күрделі тапсырмалар беріледі (ДЖ)
Білімдік мақсаты: есеп шығаруға қажетті негізгі заңдар мен формулаларды жазу; формулаларды түрлендіру арқылы ізделініп отырған физикалық шаманың мәнін анықтау
Күтілетін нәтиже:
барлық оқушылар заңдар мен формулаларды біледі, түсінеді
көпшілігі формулаларды талдап, түрлендіріп, қажетті шаманы анықтайтын өрнекті қорытып шығады
кейбір оқушы есеп шығару үшін бұрыннан белгілі заңдарды еске түсіріп,жаңа тақырыппен байланыстырып қажетті жағдайда пайдаланады
Сөздік:
топтарға берілген тапсырманы диалог, пікір алмасу арқылы талдайды
есептің мәтінінде кездесетін тақырыпқа байланысты және жаңа терминдерді түсініп үш тілде айта алады
Уақыт 30-35 мин
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Бағасы (балмен)
|
Тапсырманың шарты бойынша ізделіп отырған шаманы анықтайды
|
-есептің шартын оқып,берілген шамаларды қабылданған белгілер арқылы жазады
-физ.шамалардың мәндерін ХБЖ-да жазады
-қажетті формулалар мен заңдарды пайдаланады
-белгісіз шаманы анықтайтын формуланы қорытып шығады
-сан мәндерін қойып есептейді
-қорытынды жасайды
|
1
1
2
3
3
2
|
3) Зертханалық жұмыста қалыптастырушы бағалау үлгісі
1. Тапсырма (сабақтың тақырыбы)
Білімдік мақсаты:
- берілген құрал-жабдықтарды, сұлбаны пайдаланып қондырғы немесе тізбек құрастыру
- қажетті өлшеулер жүргізіп іздеп отырған шаманы анықтау, қорытынды жасау
Күтілетін нәтиже:
- барлық оқушылар қондырғы (тізбек) құрастыра алады
- көпшілігі өлшеу жүргізіп,кестеге жазып, қажетті формуланы пайдаланып іздеп отырған шаманы есептей алады
- кейбіреуі шыққан нәтижені сараптап, қорытынды шығара алады
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Бағасы (балмен)
|
Зертханалық жұмыстың тақырыбына сәйкес ізделіп отырған шаманы анықтайды
|
-жұмысқа берілген нұсқаулықты оқып, құрал- жабдықтармен танысады, түгендейді
-нұсқаулыққа сәйкес қажетті қондырғыны немесе тізбек құрастырады
-қажетті өлшеулер жүргізеді
- мәндерін ХБЖ-да кестеге жазады
- сәйкес заңдар мен формулаларды пайдаланып есептейді
-қорытынды жасайды
|
1
3
3
2
3
5
|
Ең жоғары балл:
|
|
17
|
ІІ. Жиынтық бақылауды бағалау үлгісі
Жиынтық бақылау әр бөлімнің соңында немесе тоқсан аяқталар кезде алынады. Жиынтық бағалау оқушының жазбаша тапсырманы, емтихан немесе жобаны өздігімен орындауын бақылау арқылы жүзеге асады. Бақылау тапсырмалары деңгеймен құрастырылады. Тапсырма түрлері әр алуан болуы мүмкін. Жиынтық бақылау тапсырмаларын ашық және жабық түрде құрастыруға болады. Ашық тапсырма қысқа (ҚЖ) және толық жауапты (ТЖ), ал жабық тапсырма шындық/жалған, салыстыру, сәйкестендіру немесе көп таңдауы бар (КТБ) тест түрінде болуы мүмкін.
«Механикалық тербелістер» бөлімі бойынша алынатын жиынтық бақылау үлгісі
Бөлім
|
Тексерілетін мақсат
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Тап-
ма саны
|
Тап-ма №
|
Тап-ма түрі
|
Орындау уақыты,мин
|
Балл
|
Бөлім бойын-ша балл
|
Меха-
ника-лық тер-беліс-тер
|
Механикалық тербелістердің анықтамасын білу
|
Білу және түсіну
|
1
|
1
|
ҚЖ
|
1
|
1
|
|
|
Тербелістердің түрін ажырату
|
Білу және түсіну
|
1
|
2
|
ҚЖ
|
2
|
2
|
|
|
Тербелістердің теңдеуін жаза білу
|
Қолдану
|
1
|
3
|
ТЖ
|
3
|
4
|
|
|
Гармониялық тербелістердің периоды мен жиілігін есептей білу
|
Қолдану
|
1
|
4
|
КТБ
|
5
|
3
|
|
|
Тербелістің жылдамдығы мен үдеуінің теңдеуін қорытып шығару
|
Қолдану
|
1
|
5
|
ТЖ
|
8
|
6
|
35
|
|
Тербелмелі қозғалыстың амплитудасы мен фазасын анықтай білу
|
Талдайды
|
1
|
6
|
КТБ
|
5
|
4
|
|
|
Еріксіз тербелістердің теңдеуін жазып,пайдалану
|
Жинақтай-
ды
|
1
|
7
|
ТЖ
|
7
|
7
|
|
|
Гармониялық тербелістерге энергияның сақталу заңын қолдануға есеп шығару
|
Бағалайды
|
1
|
8
|
ТЖ
|
9
|
8
|
|
|
Толық уақыт
|
|
|
|
|
40
|
|
|
Журналға баға қою үшін төмендегі кестені пайдалануға болады
Бағалау критерийі:
Пайыз
|
Бағалау 10 балл бойынша
|
0-49%
|
0-3=2
|
50-64%
|
4-5=3
|
65-80%
|
6-7=4
|
81-100%
|
8-10=5
|
Пайыз
|
Бағалау 15 балл бойынша
|
0-49%
|
0-7=2
|
50-64%
|
8-10=3
|
65-80%
|
11-12=4
|
81-100%
|
13-15=5
|
Пайыз
|
Бағалау20 балл бойынша
|
0-49%
|
0-9=2
|
50-64%
|
10-13=3
|
65-80%
|
14-16=4
|
81-100%
|
17-20=5
|
Пайыз
|
Бағалау25 балл бойынша
|
0-49%
|
0-9=2
|
50-64%
|
11-16=3
|
65-80%
|
17-21=4
|
81-100%
|
22-25=5
|
Пайыз
|
Бағалау 30 балл бойынша
|
0-38%
39-64%
65-85%
86-100%
|
0-11=2
12-19=3
20-25=4
26-30=5
|
У. Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Г.Я.Мякишев, А.З.Синяков. Физика. Колебания и волны.11-класс. Дрофа.Москва, 2002
2. Физика. Учебное пособие для 11-класса школ и классов с углубленным изучением физики. Под ред.А.А.Пинского. Москва «Просвещение», 2007
3. Физика 11. С.Туяқбаев, Ш.Насохова, Б.Кронгарт және т.б. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық.Алматы «Мектеп» 2015
4. Физика 9. Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар.Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2013
5. Физика есептерін шығару жолдары.Алматы қ.ББ. ҚББЖТҒӘО.Алматы, 2018
6. Раздел: «Сайт учителя физики»//mega-talant.com/catalog/subj_fizika
7.Сайты учителей физики и астрономии /www.uchportal.ru>
8. Л.А.Кирик. Физика 11.Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса,2012
9. А.С.Кондратьев, В.М.Уздин. Физика. Сборник задач.Для углубленного изучения. Москва.Физматлит.2005
10.В.Ф.Шилов. Электродинамика. Лабораторные работы в школе и дома. Москва «Просвещение» 2006
11.Физический практикум для классов с углубленным изучением физики. Дидактический материал 9-11 классы. Пол ред. Ю.И.Дика, О,Ф,Кабардина. Москва «Просвещение» 2001
12.С.Тұяқбаев, Ш.Тынтаева, Ж.Бақынов. Физика 11. Жаратылыстану-математика бағыты. Есептер жинағы. Алматы «Мектеп» 2015
13.Bilimland электрондық оқулықтары
14. Физика 11. Жаратылыстану-математика бағыты. Дидактикалық материалдар. Алматы «Мектеп» 2011
15. А.П.Рыженков. Физика. Человек. Окружающая среда. Москва «Просвещение» 1999
16. Митио Каку. Физика невозможного. Династия. Москва 2012
Достарыңызбен бөлісу: |