Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет257/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   384
Байланысты:
Факултатив

УІ. Қосымша
Жаңартылған оқу бағдарламаларының физика пәніне қатысты негізгі міндеттеріне оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік, рефлективтік мәдениетін дамытумен қатар физикалық экспериментті орындау және талдау, бағалау, қорытынды жасау біліктілігін арттырып, оқу, зерттеу жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу жатады.
Осындай элективті курс бағдарламасына енгізілген практикалық жұмыстар көбінесе стандарттан тыс берілетіндіктен, мұғалімдер жұмысты жүргізуге арналған қажетті нақты нұсқаулық жазуда немесе ізденуде қиындықтарға кездеседі. Сол себепті бағдарламаға енгізілген 3 зертханалық жұмыстардың нұсқаулықтарын әдебиеттер тізімінде көрсетілген ресурстардан алуға болады. Берілген нұсқаулықты немесе құрал-жабдықтарды мұғалім өз қалауы мен зертханасының мүмкіндігіне қарай өзгерте алады.
Осы мақсатта бағдарламада 3 зертханалық жұмыс жоспарланған:
1) №1 зертханалық жұмыс «Айнымалы ток генераторының ПӘК-ін өлшеу». Бұл жұмысты орындау үшін [11, 146 бет] ресурстағы нұсқаулықты пайдалануға болады. Жұмысқа қажетті құрал жабдықтарды кез келген физикалық зертханадан табуға болады.
2) №2 зертханалық жұмыс: «Дыбыс толқындарының ұзындығы мен жылдамдығын өлшеу». Жұмысты орындауға нұсқаулық [11, 64 бет] ресурста толық берілген. Жұмысты орындауға қажетті құрал-жабдықтарға балғасымен камертон кіреді, басқалары тұрмыста пайдаланатын немесе жасауға болатын қарапайым заттар.
3) №3 зертханалық жұмыс «Детекторлы радиоқабылдағыш құрастыру және оны зерттеу». Бұл зертханалық жұмысқа қажетті нұсқаулықты [10, 97 бет] және т.б. ресурстардан табуға болады. Бұл жұмысты орындау үшін радиоқабылдағыш құрастыруға арналған дайын жиынтықты пайдалануға болады. Ондай жиынтықтар да әдетте физикалық зертханаларда болады.

БАҒДАРЛАМА


элективті курс
ФИЗИКАДАН ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДІҢ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРТУ ПРАКТИКУМЫ
7-сынып оқушыларына арналған
аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат


Алиева А.К.
№173 мектеп-лицейдің жоғары санатты физика пәні мұғалімі

Пікір жазған: Тезекеев С.М., Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің математика, физика және информатика институты физика кафедрасының аға оқытушысы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет