Курстың логикалық негіздемесі:
Мүмкіндіктері жоғары және кең стандартты кітапханасы бар заманауи программалау тілі; өнеркәсіптік программалау мен түрлі қолданбалы қосымшалар жасауда және оқып үйренуде кеңінен қолданылады; құжаттары толық, кросс-платформалы еркін қолданыстағы программа.
Пәнаралық байланыс:
Математика (программаны математикалық қамтамасыз етудің негізгі алгоритмдерін қайталау және үйрену)
Ағылшын тілі (С++ программалау тілін үйренуде ағылшын тіліндегі қосымша әдебиеттерді пайдалану ұсынылады)
Алгебра (үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операция
Тарих (бағдарламалау тілінің дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері).
Курстың енгізілген жаңалықтарының түсініктемесі:
Барлық Linux және Windows ОЖ-де еркін жүргізіледі; желілік қосымшалар, Web қосымшалар және мәліметтер базасын құру өте ыңғайлы.
Техникалық нұсқау:
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
Әр тақырып бойынша жұмыс түрлері және қандай оқу құралы қолданылатыны көрсетілген. Берілген білімнің өзектілігі мен қолданылуы әртүрлі деңгейдегі практикалық, жобалау, зертханалық тапсырмаларымен берілген.
І бөлім. Кіріспе
Программалау тілдерінің жалпы сипаттамасы. Тілдің алфавиті.
Мәліметтер түрлері. Айнымалылармен мен константалар. Мәліметтерді енгізу және шығару. Мәліметтерді формат бойынша шығару. Мәліметтерді форматтап енгізу. Программа құрылымы. Зертханалық сабақ. Арифметикалық және логикалық өрнектерді есептеу
ІІ бөлім. Қарапайым типті операцияларды талдау
Мәліметтердің типтері мен құрылымдары. if/else операторы. while/for/goto операторы.
switch/case операторы. Зертханалық сабақ. Шартты операторлар.
Достарыңызбен бөлісу: |