Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании


С++ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ



бет314/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   384
Байланысты:
Факултатив

С++ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
8- сынып оқушыларына арналған
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)


Жадраева Медине Ергалиевна
№123 мектеп-гимназияның информатика пәнінің мұғалімі

Пікір жазған: Е.П.Макашев, математика- физика ғылымдарының кандидаты, информатика кафедрасының доценті.




Түсініктеме хат
«С++ программалау тілінің негіздері» элективті курсы программалау және программа құрылымы туралы негізгі түсінікті беретін программалаудың бастамасы болып табылады.
С++ қазіргі таңда ең көп сұранысқа ие бағдарламалау тілдерінің бірі. Бұл бағдарламаны əр түрлі жастағы қолданушылар қолдана алады. С++ - кодтың анықтылығы, қысқалығы, іске асырудың жылдамдығы жағынан алдынғы орыннан табылатын программалау тілі. Бағдарламаны үйрену оңай əрі тез болып табылады. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін қолданушы С++ тілінде оңай код жаза алатын дəрежеде болады.
Курстың негізгі мақсаты:

  • Программаларды құрудың негізгі принциптерін заманауи программалау тілдерінің көмегімен ұсыну, негізгі көпфункционалды қосымшаларды құру әдістеріне үйрету, оқушылардың ойлау қабілетін арттыра отырып, құрылымдық программалаудың базалық мазмұнымен танысып, бағдарлама жазуға қалыптастыру;

Оқыту міндеттері:

  • Программалау тілінің негізгі элементтерін оқып үйрену;

  • Программа құруда нұсқаулар бойынша программа құрылымын жасауға дағдыландыру;

  • С++ программалау тілінде құрылған программаны өмірде қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Курстың өзектілігі:

  • С++ программалау тілі бойынша оқушылардың тереңдетіп білім алуына жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бұл бағдарламалау тілі жаңа web сайт, мобильдік қосымша, анимациялық 3D ойындар құрастыру тәсілдерін үйретіп қоймай, болашақта оқу мен кәсіби қызметте цифрлы сауатты және жан-жақты болып шығуына жол ашады. «С++ программалау тілінің негіздері» курсында оқушылар С++ тілі туралы негізгі түсінік ала отырып, осы тілде программа құруға үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет