Нормативтік бөлім.
Курсты оқып-үйрену барысында оқушылар:
• «Практикалық есептер шығару» негіздерін білуі тиіс;
• Есептер шығаруда теориялық білімдерін қолдана білулері қажет;
• Стандарт емес есептерді шығарудың дағдыларын меңгеруі тиіс;
• Математикалық мәдениеті мен білім сапасын арттыруы тиіс;
Сабақты өткізудің формалары: дәстүрлі сабактар, лекциялар, семинарлар, іскерлік ойындар,шығармашылық есептер, интеллектуальды турнирлер, математикалық жарыстар.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, топпен.
Курс оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастырудың негізі болуы мүмкін.
Күтілетін нәтиже:топта бірлескен жұмысқа дағдыланады, білімді функционалдық және шығармашылықпен қолдана алады; сыни ойлау; зерттеу жұмыстарын жүргізуге машықтанады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; әртүрлі коммуникация түрлерін қолдану дағдылары дамиды.
Оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік іс-әрекеттері үшін төмендегі тақырыптарды ұсынуға болады:
1. Жиындарға қолданылатын амалдар.
2. Комбинаторика тарихынан.
3. 7 сыныпқа арналған, экономикалық мазмұнды есептер.
4. 5-7 сыныптарға арналған Дирихле принципіне есептер.
5. 5-7 сыныптарға арналған комбинаторлық есептер.
6. Эйлер дөңгелегі.
7. Жорамалдау әдісіне есептер.
8. Графтар теориясына есептер.
9. Бөлінгіштікке берілген есептер.
10. Қууға байланысты есептер.
11. Процентке берілген есептер.
Курс материалынан жақсы меңгерту үшін компьютерлік технологияны (презентациялар, флипчарттар, геогебра мүмкіндіктерін) қолданған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |