Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет47/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   384
Байланысты:
Факултатив
Гер 5лек
Қажеттілігі:

  • Бұл бағдарлама қазіргі заман талап етіп отырған қажеттілікпен сұранысқа сәйкес туындап отыр.Бағдарлама математиканы меңгерудің жоғарылатылған деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі курс болып табылады. Бағдарламада мектеп оқулығында қамтылмай қалған қажетті материалдарды оқушыларға толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Бұл курс оқушыларды жаңа идеялар мен әдістермен таныстыруға,зерттелетін материалдардың түсінігін кеңейтуге және қызықты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Логикалық және комбинаторикалық есептер оқушының ойлау қабілетінің дамуына, ой өрісінің кеңеюіне маңызы өте зор.
Қазіргі заманның ғылымында аса зор рөлі бар математикалық идеялардың ішінде кездейсоқ оқиғаларды және олармен тығыз байланысты ықтималдық түсінігін қарастыру идеясының маңызы өте зор.
Бағдарламаның ерекшеліктері:
- Есептерді шешудің базалық программада көрсетілмеген әдіс-тәсілдерін үйрету;
-Оқушылардың математикалық ойлау мен интеллектуалды қабілеттерін дамыту;
- Математиканы өмірде нақты қолдану дағдыларын қалыптастыру және оны саналы түрде меңгеруге бағыттау;
- Бағдарлама олимпиада, интеллектуалды турнир,интеллектуалды марафондарға қатысушылар үшін маңызы зор.
Жұмыстың түрі:
1. Жеке
2. Топтық жұмыс
3. Жұптық жұмыс
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі.

I-тарау. Комбинаторика элементтері - 20 сағат. Комбинаторикаға кіріспе. Комбинаториканың негізгі ұғымдары. Мүмкін нұсқаларды іріктеу тәсілі. Мүмкін нұсқалардың ағашы. Кесте құру. Қосынды ережесі. Көбейтінді ережесі. Қайталанбайтын орналастырулар. Қайталанбайтын терулер. Қайталанбайтын алмастырулар. Қайталанбатын орналастырулар. Қайталанбалы терулер. Қайталанбалы алмастырулар. Құрамында қосылыстар элементтері бар теңдеулер. Паскаль үшбұрышы. Ньютон биномы формуласы. Биномдық коэффиценттің қасиеттері. Комбинаториканың қолданбалы есептері. Геометриялық мағынадағы комбинаторлық есептер. Комбинаторикаға байланысты есептер. Комюинаторикаға байланысты есептер. Тест.


Бұл тарауды игеру барысында комбинаториканың қарапайым бөлімдері -орналастырулар, алмастырулар, терулер ұғымдары және олардың топтарының ерекшеліктерімен танысып, топтар санын анықтау мен факториалға есеп шығару дағдысын қалыптастырады. Екі мүшенің қосындысын, n(n € N) дәрежеге шығару формуласымен, Ньютон биномының формуласы және оның қасиеттерімен, биномдық коэффицент ұғымымен танысып, екі мүшелікті n дәрежеге шығаруға мысалдар шығару мен Ньютон биномы жіктелуінің кез келген коэффицентін табу дағдысын қалыптастырады.
II-тарау. Статистика элементтері - 19 сағат. Кіріспе. Басты және таңдалым жиынтықтары. Вариациялық қатарларды құру. Интервалдық қатарды дискреттік қатарға келтіру. Вариациялық қатарлардың графиктік кескінделуі. Вариация қатардың кейбір статистикалық сипаттамалары. Вариациялық қатардық арифметикалық орташасы. Вариациялық қатардың модасы және медианасы. Вариациялық қатардың қарышы. Абсолюттік жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиіліктер кестесі. Жиілік полигоны (алқабы) және гистограмма.Үлестірімділік параметрлерінің дәл бағасы таңдалымдық дисперсия. Үлестірімділік параметрлерінің дәл бағасы таңдалымдық орта. Үлестірімділік параметрлерінің дәл бағасы таңдалымдық квадраттық орташа ауытқуы. Бағанды диаграмма, дөңгелек диаграмма. Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау. Математикалық статистикаға байланысты есептер. Математикалық статистикаға байланысты есептер. Тест
Бұл тарауды игере отырып, нүктелік , сызықтық және бағанды диаграммалар салу үшін қажетті білімді кеңейтіп, гистограмма дегеніміз не екенін біліп, оны салуды және кесте құруды үйренеді. Статистикалық берілгендерді ыңғайлы жазу, топтау және талдау жолдарымен танысады. Вариациялық қатардың статистикалық сипаттамаларымен танысады.
III-тарау.Ықтималдықтар теориясы - 29 сағат. Кіріспе. Оқиғалар алгебрасы. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Ықтималдықтың қаситтері. Ықтималдықтың геометриялық анықтамасы. Элементар оқиғалар кеңістігі. Оқиғаларға қолданылатын амалдар. Оқиғалардың толық ықтималдығы. Бейес формуласы. Бернулли формуласы. Үлкен сандар заңы түсінігі. Шартты ықтималдық . Ықтималдықтарды көбейту теоремасы. Үйлесімсіз оқиғалардың ықтималдықтарын қосу теоремасы. Үйлесімді оқиғалардың ықтималдықтарын қосу теоремасы. Кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдары. Кездейсоқ шамаларға қолданылатын математикалық амалдар. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Дискреттік кездейсоқ шаманың математикалық үміті (орта мәні). Дискреттік кездейсоқ шаманың дисперсиясы және орташа квадраттық ауытқуы. Дисперсияның қасиеттері. Кездейсоқ шаманың модасы және медианасы. Бас жинақ. Таңдама жинақ . Таңдаманың статистикалық үлестірімі. Таңдаманың орташасы мен дисперсиясын есептеудің жеңілдетілген жолы. Ықтималдықтар теориясына байланысты есептер. Ықтималдықтар теориясына байланысты есептер. Тест.
Бұл тарауды игере отырып ,ықтималдықтар теориясымен,статистика,бас жиынтық,таңдау,статистикалық қорытынды ұғымдарымен таныс болады. Кездейсоқ шамалар мен олардың түрлері туралы түсінік алады;кездейсоқ шамалардың таралу заңдылықтарымен танысып,оларды қолдану арқылы есептер шығаруды үйренеді.Кездейсоқ шаманың математикалық үмітінен ауытқуының квадратының математикалық үміті – дисперсия заңдылығымен танысады. Дисперсия:
,Орташа квадраттық ауытқуы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет