Бағдарламаның мақсаты:
Оқушылардың химия пәніне танымдық қызығушылығын, оқудың ішкі уәждемесін қалыптастыру.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту;
Жаңа, ыңғайлы және жоғары сапалы заттарды жасау бойынша химиялық технологиялардың кең мүмкіндіктері туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру;
Тұрмыста қоршаған ортада қауіпсіз және қауіпті заттар туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту;
Бағдарламаның міндеті:
тұрмыста қолданылатын заттар мен материалдарды химиялық сауатты пайдалану білімін игеру;
Химиялық эксперимент жүргізу, пайда болған өмірлік қажеттілікке сәйкес химия бойынша өз бетінше білім алу (салыстыру,материалды жүйелеу, қорытынды жасау);
химиялық білімді меңгеру және химиялық эксперимент жүргізу барысында танымдық қызығушылықты және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;
жалпыадамзаттық мәдениет элементі ретінде химияға деген дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру;
Химиялық реактивтер мен қол астындағы құралдардың көмегімен ластануды жою тәсілдерін үйрету (киімнен, жиһаздан, ыдыстан дақтарды алып тастау)
Тамақ дайындаудың химиялық процестерімен таныстыру
Дәрі қобдишасын қалыптастыруға және дәрілік заттар көмегімен дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті дұрыс көрсете білуге үйрету;
Улы заттармен ұқыпты жұмыс істеуге үйрету (жуғыш және тазалағыш заттар);
Косметиканы пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру (кремдер, ұнтақтар, далаптар, туштар және т. б.)
Бағдарламаның өзектілігі:
Оқушылардың санасында химиялық білім алу әрбір адамға қажетті мәдениеттің міндетті элементі болып табылатындығын түсіндіреді. Оқушылардың химия бойынша білімін тереңдету және кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік шеберлікті және шығармашылық оқу-танымдық іс-әрекетінің тәжірибесін қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Оқушылардың ғылыми - жаратылыстану бағытындағы химиялық білімге деген қызығушылығын арттырады. Оқушылардың маңызды химиялық заңдарды, теорияларды, ұғымдарды, химиялық ғылым әдістерімен танысуды саналы меңгеруін қамтамасыз етіп және олардың тәжірибелік біліктерін дамытуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |