Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании


«Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу»



бет303/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   384
Байланысты:
Факултатив

«Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу» кіріктірілген қосымша білім бағдарламасы ағылшын тілінен Elementary (бастапқы, қарапайым тілдік деңгей) біліктілігі және ақпараттық технологиялар негіздерінің алғашқы дағдылары қалыптасқан 9-11 жас аралығындағы балаларға арналған.
Бағдарламаны әзірлеу өзектілігі: шет тілдерін оқытудың дәстүрлі әдістеріне жаңа ақпараттық технологияларды және білім беру бағыттарын кіріктіру арқылы қазіргі заман талаптарына сай оқушылардың функциональды сауаттылығын жүзеге асыру.
«Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу» бағдарламасының негізінде:
қосымша білім беру саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер;
ҚР Білім туралы Заңы (4-тарау, 23-бап) орын алады.
Бағдарламаның негізгі идеясы: пәнаралық интеграцияланған ортада ағылшын тілін білу және оқушылардың компьютерлік сауаттылығын жақсарту арқылы зият деңгейін арттыру болып табылады.
Кіріктірілген бағдарлама «Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу» - жеке авторлық бағдарлама. Бұл «Информатика» және «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінің жинақталып, жалпылауы мен жүйелеуі. Авторлық бағдарлама өңделіп, оқу материалы практикалық апробациядан өткізілді.
«Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу» кіріктірілген қосымша білім беру бағдарламасының жаңалығы:
- информатика мен ағылшын тілін оқыту процесінде интеграциялау арқылы ортақ мақсаттары, мазмұны, әдістерін әзірлеу;
- ақпараттық білім беру ортасында жаңа формациядағы сабақтардың оқыту әдіс-тәсілдерін дамыту.
Қосымша білім беру бағдарламасының ерекшелігі – оқушылар оқыту нәтижесінде , «Мәңгілік Ел» Қазақстан халқының жалпы ұлттық идеясының жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатындағы құндылықтар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, сыйластық, бірлесе жұмыс жасау, еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алуға дағдыланып, сонымен қатар ағылшын және информатика салалары шығармашылық жұмыстың нақты өніміне (ашық хаттар, плакаттар, буклеттер, презентациялар, интерактивті сөзжұмбақтар, т.б. жасау) қол жеткізе алады.
Ұсынылған бағдарлама «№173 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқыту процесінде жүзеге асырылып, тексерілді.
Кіріктірілген білім бағдарламасының мақсаты: компьютерді практикалық, коммуникативтік міндеттерді шешу және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту құралы ретінде меңгерту ғана емес лингвистикалық білім, білік дағдыларын жетілдіру үшін қажетті жағдайлар тудыру.
Алдыға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • әр түрлі орталарда және қосымшаларда компьютерлік сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;

  • мультимедиатехнологияларын пайдалану арқылы ақпаратты құру және өңдеу біліктілігін оқушыларға үйрету;

  • Microsoft Word мәтіндік процессоры Microsoft Publisher бағдарламасында ағылшын тілінде мәтінді теріп және ашықхаттарды, электронды хаттарды безендіруді үйрету;

  • Microsoft Power Point, Visicon, Фотоколлаж бағдарламаларында жобаны орындау үлгілерімен таныстыру; компьютерлік технологияны оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдіру құралы ретінде пайдалана отырып тілдік білім, білік дағдыларын дамыту;

  • «Код сағаты» сайтында онлайн режимінде программа құрастыру дағдысын қалыптастыру.

  • өзін-өзі жетілдіруге қажетті ақпараттық қызметтің білім білік дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыларға ғылыми-зерттеу және жобалау әдіс-тәсілдерін меңгерту;

  • оқу-әдістемелік және танымдық іс-әрекетте АКТ пайдаланудың қажеттілігін көрсету;

  • тұлғаның шығармашылық, танымдық потенциалы мен алгоритмдік ойлау қабілетін жетілдіру

  • өмірлік ұстанымы белсенді рухани тұлғаны қалыптастыру;

  • өзін-өзі реттеу,еңбексүйгіштік, ұқыптылық, ынтымақтастық қажеттіліктерін қалыптастыру;

  • зияткерлік қасиетті жетілдіру;

  • өзін-өзі бағалау,формативті бағалау және топтық бағалау қабілеттерін дамыту.

Бағдарлама төмендегі принциптерге негізделген:

  • қолжетімді– оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі.

  • көрнекілігі – қалай оқу керектігін үйренеді;

  • ынтымақтастық – топтағы бірлескен және ұжымдық шығармашылық іс-әрекет;

  • саналы және белсенді – дарынды және талантты балаларды оқу үдерісіне белсенді қосу.

  • ойын технологиясы - оқытуда ойын нысандарын пайдалану.

Бағдарламаның оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру негізінде CLIL әдісі мен инновациялық технологиялар қолданылады:

  • Сын тұрғысынан ойлау мен жазу (Мирсейітова С.С.)

  • Түсіндіре оза оқыту технологиясы (Лысенкова С.)

  • Дамыта оқыту технологиясы (Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов)

  • Деңгейлік дифференциалдық оқыту технологиясы (Караев Ж.А.)

  • Ақпараттық- коммуникациялық технологиясы

  • Бірлескен оқу

  • Диалогтік оқыту

  • Рефлексиялық оқыту

Ағылшын тілі мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) кіріктіріп оқытудың бастапқы сатысында ақпараттық сауаттылық арқылы шет тілін үйренудің өмірдегі маңыздылығы туралы түсінік қалыптасады.
Осылайша, оқушыларда оқуға қызығушылық және тілдік дағды сияқты мінез-құлық сипаттамалары, сондай-ақ абстрактілі ойлау дағдылары, білімнің жоғары деңгейі дамиды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жобалау, зерттеу әдістері пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет