Кіріктірілген қосымша білім бағдарламасының
мазмұны мен құрылымы
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
1. Кіріспе – 2 сағат
Теориялық мазмұн
Бағдарлама мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. Компьютермен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін үйрету.
«Компьютер- ақпаратты өңдеу құралы» тақырыбында пікірталас.
Практикалық жұмыс
«Компьютер және оның құрылғылары» тақырыбындағы презентациядағы интерактивті сұрақтар.Тренажер-тестті орындау. Ақпарат құралдарына байланысты тест сұрақтарына жауап беру.
Кұтілетін нәтиже
Әлемнің ақпараттық көрінісі мен мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктері туралы көзқарас қалыптасады. Оқушылардың сабаққа деген танымдық қызығушылығы оянады.
Офистік және стандартты бағдарламалар – 3 сағат
Теориялық мазмұн
Жұмыс үстеліндегі нысандардың қызметі. Бағдарламаларды іске қосу.Құжатты құру, ашу,сақтау. Файлдар, бумалар, жарлықтар, каталогтар. Құжатпен жұмыс.
Практикалық жұмыс
Компьютерлік сауаттылықтың алғашқы білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Wordpad, Калькулятор бағдарламаларының көмегімен «Hello, the WORLD!» виртуальды туристтік саяхат жүргізу.
Күтілетін нәтиже
Файлдармен, бумалармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Сілтеуіш бағдарламасы арқылы компьютердің каталогтарына ауыса алады.
3. Paint графикалық редакторындағы білімдерін «Алгоритм. Модель және модельдеу» тақырыптары негізінде меңгерту. Тақырыптары: «Colours», «My body» , «Clothes» – 4 сағат
Теориялық мазмұн
Paint графикалық редакторымен танысу. Графикалық объектілер құрудағы Paint редакторының негізгі мүмкіндіктері. Бағдарламаның терезе құрылымы. Палитра тақтасы. Құрал-саймандар тақтасы. Бояу, сурет салу құралдары.
Геометриялық фигуралар. Түрлі геометриялық фигуралардан нысан құрастыру. Ерекшелеу, ауыстыру, көшіру, өшіру. Еңкейту, созу және бұру командаларын орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |