Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании


Оқу сабақтарының ұйымдастыру нысандары



бет304/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Оқу сабақтарының ұйымдастыру нысандары: топтық,жеке, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар ұсыну, алған білімдерін және дағдыларын пайдалана отырып тәжірибелік тапсырмаларды орындау. Ол мынадай оқыту әдістерін қолданады: түсіндіре отырып оқыту, демонстрациялық, практикалық жұмыстар, консультациялар. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін саяхат-сабақ, ертегі-сабақ, рольдік ойындар, викториналар мен байқаулар түрінде оқыту ұйымдастырылады.


ТҰРАҚТЫЛАУ (МАЗМҰНДЫҚ) БӨЛІМІ
«Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу» кіріктірілген оқу жоспарының іске асыру мерзімі: бір оқу жылы, 34 оқу сағаты.
Топ саны – 1, топтағы оқушылар саны – 13 (информатика кабинетіндегі компьютер санына байланысты).
Кіріктірілген білім бағдарламасы «Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу» :

  • құрылымы бойынша – кіріктірілген;

  • уақыты бойынша – қысқа мерзімді;

  • типі бойынша –танымдық;

  • мақсаты мен күтілетін нәтижесі бойынша – білімдік.

Бағдарлама материалын сәтті игеру мен жүзеге асыру нәтижесі: АКТ қолдана отырып оқушының ағылшын тілі пәні бойынша өтілген тақырыптардың бірін таңдап, жоба құрып, презентацияны қорғау, онлайн режимінде «Код сағаты» жобасында алгоритмдеу арқылы спиральділік қағидат негізінде логикалық тапсырмаларды орындап, сертификатталу.
Күтілетін нәтижелер:

Білуі тиіс:

Үйренуі тиіс:

Компьютер сыныбындағы техника қауіпсіздік ережелері.

Алған білімдерін практикада қолдану.

Ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі принциптері. Жоба құру алгоритмі мен құрылымын білу. Оның негізгі принциптері: жобаға кескін, дыбыс, бейне қосу.

Жеке жоба құру үшін ақпаратты іздеп үйрену (Интернеттен, сканерлеу, суретке түсіру және т.б) Қажетті форматта жобаны сақтай білу.
Жобаға қажетті мәтін мен материалды дайындап үйрену.

Дәстүрлер мен мереке өткізу:

  • Хэллоуин;

  • Жаңа жылдық Рождество.




Мерекеге арналған ашық хаттар мен шақыру қағаздарын ағылшын тілінде безендіру.
Жақындары мен туыстарын ағылшын тілінде құттықтап үйрену.Өз еліміздегі дәстүрлі мерекелерімен салыстыру.

MS Office пакетінің қолданбаларымен жұмыс істеу принциптері. Мәтіндік файл және құжат туралы түсінік. Мәтіндік редактордың мүмкіндіктері мен міндеттері.
Пішімдеу және редакторлеу.

Мәтіндік құжатты құру және редакциялау, пішімдеу, кестемен жұмыс жүргізу. Word редакторында графикалық нысандарды,автофигураларды, декоративтік мәтінді кірістіріп үйрену.

Ағылшын тілінде бөлме атаулары мен заттардың атын біледі.

Пәтер мен үйдің айырмашылығын салыстырып үйренеді.

PowerPoint бағдарламасының қызметі мен мүмкіндіктері: құралдары мен нысандары; PowerPoint бағдарламасын баптау; презентация құру кезеңдері; нысандармен жұмыс жүргізу технологиясымен танысады.

Слайд құру, оның баптауларын өзгерту, мәтін, кескін анимациясын құру, гиперсілтемелерді құру.
Презентация түрінде шығармашылық материалды дайындап, ұсыну.
Жобаны практикада қолдану.

Ағылшын жаңылтпаштары мен санамақтарды жатқа білу.

Қазақ және ағылшын тілінде айтылатын жаңылтпаштар мен санамақтарды салыстыру.

Ашықхат, коллаждар, виртуальды бөлме моделін жасау үшін қажетті құралдармен таныс болу.

Шығармашылық жоба құру және қорғау үшін қажетті Ms Publisher, VisiCon, ФотоКОЛЛАЖ қолданбаларымен жұмыс істеп үйрену.

www.code.org сайтына тіркеле білу.Сайт ішіндегі навигациялар арқылы ауысу жолдарын білу.

Онлайн режимінде «Код сағаты» жобасында алгоритмдеу арқылы логикалық тапсырмаларды орындап үйрену.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет