кеңістікте жылжитын және сыртқы ортадағы оқиғаларды ескеретін құрылымдарды жасау және бағдарламалау (Робототехника Elementary);
бір жазықтықта жылжитын объектілер және сыртқы ортадағы өзгерістерді ескеретін құрылымдарды жасау және бағдарламалау (Робототехника Junior).
екі жазықтықта жылжитын объектілер және сыртқы ортадан алынған ақпаратты түсіндіретін құрылымдарды жасау және бағдарламалау (Робототехника Senior).
ақпарат тасымалдайтын және объектілерді бір жазықтықта жылжытатын электр сұлбаларын құру (Робототехника Arduino).
Android және iOS операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін мобильді қосымшаларды жасау (Мобильді қосымшаларды әзірлеу).
C++ және Python бағдарламалау тілдерінде олимпиада тапсырмаларын шешу (Олимпиадалық бағдарламалау).
3D-объектілерді құру, 3D-объектілердің шынайы визуализациясын жасау, объектілерді 3D-принтерде басып шығару (3D-модельдеу және веб-сайт құру).
Windows және Android операциялық жүйелеріне арналған Unity платформасында ойындарды жасау (Unity-да 2D және 3D ойындарын бағдарламалау).
Өзектілік Курс оқушылардың аналитикалық дағдыларын дамытуға және мектеп пәндерін оқып-үйрену барысында алынған білімдер арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған; логикалық, алгоритмдік және бағдарламалау ойлау қабілетін практикалық және жобалық қызметте, бейіндік бағдарлау, робототехника және бағдарламалау бойынша аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға белсенді қатысуға қолдану.
Оқу жоспарының мазмұнын іріктеудің негізі және оның жүйелілігін белгілеудегі жалпы логика Б.Блумның білім беру мақсаттарының жаңартылған таксономиясы бойынша негізделген. Элективті курс оқудың барлық деңгейлерін қамтиды: робототехника және программалау бөлімдерінде негізгі мектеп бағдарламасы аясында информатика пәні бойынша оқу бағдарламалары еске сақтау(remembering), түсіну (understanding), қолдану (applying), бағалау(evaluating) және құру(creating), кеңейту және байытуды мақсат етіледі.