2. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім
Оқу бағдарламасына негізделген Жануарлардың ғажайып сырлары курсын оқып үйренудің негізгі мақсаты: Табиғат байлығын тиімді пайдаланып, экологиялық проблемаларды шеше білуге үйрету. Табиғат байлығы мен сұлулығын қорғау және жақсарту үшін әркімнің өз үлесін қосуы керектігін ұғындыру. «Адам-табиғат-қоғам» арасындағы байланысты, қарым-қатынасты нығайта түсуге үлес қосу. Айналамызды қоршаған табиғи ортаның ерекшеліктеріне көз жүгіртіп шығу, адам қолымен жасалып жатқан кемшіліктерді жоюға атсалысу. «Мәңгілік Ел» ұлттық бағдарламасы идеясын жүзеге асыру аясында оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін ояту, еліне, жеріне, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру болып табылады. Бүгінгі ғылым-білімдегі басты құндылық оқушыларға өмірлік тәжірибе мен еңбекқорлықты, табиғатқа деген қамқорлықты талап ететіндігін атап көрсету. Бағдарламада мынадай іс-әрекеттер қамтылады: Бағдарлама 68 сағатқа арналған, 4 бөлімнен тұрады
І-бөлім: Экологияға кіріспе (8-сағат) Экология ғылымы. Экология және қоршаған орта. Жануарлар экологиясы. Адам іс- әрекетінің экологияға әсері. Экологияның қоршаған ортаға жан-жануарларға әсері. Табиғи ортаның тіршілік ету өзгешеліктері.
ІІ-бөлім: Жануарлардың ғажайып сырлары (20-сағат) Жануарлар туралы қызықты деректер. Кеміргіштер туралы не білеміз? Қысқа азық жинайтын кеміргіштер. Кеміргіштердің пайдасы мен зияны. Жасыл шөп қоректі кеміргіштер-Түйеқұлақ, құмтышқан, тоқалтістер. Тасбақаның «жылау қасиеті». «Кенгуру» деп аталу себебі? Пілдің «Мүйізсіз хайуан» аталуы. Пілдің кек сақтауы. Моллюскалардың өсіп-өнуі. Құрбақаның тілі неге ұзын? Хамелеондардың тілінің атқыштығы.
ІІІ-бөлім: Құстардың ерекшелігі (10-сағат) Құстардың пайдасы. Хабаршы және бақылаушы көгершіндер. Көгершіндердің ерлігі «Бейбітшілік құсы». Құс сүтінің пайдасы. Император пингвиндер. Құстарды қорғау.
ІҮ-бөлім: Ғажайып жәндіктер (30-сағат) Өрмекшілер торы. Подадора өрмекшісінің жемтігін ұстау құралы. Улы жәндіктер. Бүйі –қауіпті ме? Қарақұрттан сақ болу. Құршаянның қауіптілігі. Шаяндардың зиянкестігі. Құршаяндардың көбеюі, шағылысуы. Өрмекшітәріздес кенелер. Паразитті және акаридті кенелер. Иксодит – кенесі. Кенелердің адамдарға, жан-жануарларға тигізетін зияны. Энцефалит ауруын тудыратын кенелер. Воофилус калкаратус кенесінің ерекшелігі. Өсімдіктерге зиян келтіретін кенелер. Ұн кенесі. Кенелермен күрес. Кенелерден сақтану.
Жануарлар, құстар, жәндіктер дүниесі табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Экожүйенің құрылымы мен әрекеттік жағдайы, оның өздігінен дамуы туралы ұғынады. Сонымен қатар оқушылар табиғаттағы жануарлар мен жәндіктердің маңыздылығын түсіндіру. Адамның қоршаған ортаға, табиғатқа, экожүйеге әсер ететіндігін, табиғат кешенінің қоршаған ортамен біртұтастығын сезінеді. Табиғатты, жан-жануарларды қорғау, сақтау болашақ жастардың қолында екендігін ұғынады. Оқушылар эксперимент, тәжірибе, сараптама, дәлелдемелер жасауға, өз бетінше ізденуге талпынады. Зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сыныптастарымен жұптасып, шағын топ құрып ынтымақтаса жұмыс жасайды. Күтілетін нәтиже «Адамзаттың табиғатсыз, табиғаттың адамзатсыз күні жоқ» екендігін айта келе қоршаған орта табиғатын қорғай білуге талпындыру. Интерактивті әдістердің тиімділігі оқушылардың жан-жақты білім алуында ойын түрлерінің элементтерін пайдаланып, алғырлық, тапқырлық, шапшаңдық, жинақтық қасиеттерін дамытады. Оқушылар өз ойларын ортаға ашық, нақты сала алады, сыни тұрғыда ойлай біледі. Сабақта жаңа технология элементтерін өз дәрежесінде пайдалану арқылы нәтижеге жетеді деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |