Бағдарламаның мақсаты: Оқушының геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері меңгеруі арқылы олардың математикалық сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын арттыру, дамыту көзделген. Оқушының курстан алған білімдерін география, техника салаларындағы есептер шығаруда және практикалық жұмыстарында қолдану. Оқушының практикалық есептер шығару дағдысын,ойын қысқаша сызбамен жеткізу және шығармашылық қабілетін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
курсты меңгерту үшін ақпараттықкоммуникациялық технологиялардан пайдалану;
тақырыптарды түсіндіруде оқытудың белсенді әдістерін қолдану;
оқушыны өздігінен оқуға бейімдеу;
математикалық ойлау қабілетін дамыту;
оқушыларды шығармашылық жұмыстарды орындауға бейімдеу;
практикалық есептер арқылы оқушының математикалық сауаттылығын дамыту;
топтық қарым-қатынас арқылы адамгершілік, адами құндылықтарға тәрбиелеу;
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
«Геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері» курсы аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат.
Бағдарламаның мазмұны төменгідей тақырыптардан тұрады:
Кіріспе. Геометрия қашан пайда болды? 1сағат;
Планиметрия фигуралары.Фигураның ауданы туралы ұғым 1сағат;
Көпжақтар. Призманың бүйір беті ,толық бетінің ауданы2 сағат;
Тікбұрышты параллелепипедтің бүйір беті,толық бетінің ауданы 3 сағат;
Пирамиданың бүйір беті ,толық бетінің ауданы3 сағат;
Дұрыс көпжақтардың бүйір беті ,толық бетінің аудандары 2 сағат;
Қиық көпжақтардың бүйір беті ,толық бетінің ауданы 1 сағат;
Қима ауданын табуға берілген тапсырмалар 1сағат;
Координаталық әдіс 3 сағат;
Қисық сызықты трапецияның ауданы2 сағат;
Векторлардың векторлық және аралас көбейтіндісі3 сағат;
Цилиндрдің бүйір беті ,толық бетінің ауданы 1 сағат;
Конустың бүйір беті ,толық бетінің ауданы 1 сағат;
Сфераның ауданы 2 сағат;
Призманың, тікбұрышты параллелепипедтің, пирамиданың көлемі 2 сағат;
Қиық көпжақтардың көлемі 3 сағат;
Цилиндрдің,конустың, шардың көлемі 2 сағат;
Шар сегментінің және секторының көлемі 3 сағат;
Ұқсас денелердің көлемдері 1 сағат;
Айналу денелерінің көлемдері үшін ортақ формула 3 сағат;
Сынақ №2. «Кеңістіктегі фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері» 1 сағат;
«Геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері» элективті курстың тақырыптарын түсіндіру арқылы оқушыларда жазықтықтағы фигуралардың аудандары,денелердің беттері мен көлемдері туралы білімдерін қолданып ҰБТ тапсырмаларын және математикалық сауаттылық есептерін шешуге үйретеді.
Бағдарлама математикалық сауаттылық емтиханына дайындық деңгейін жақсарту және оқушының өз үстінде жұмыстануға жағдай жасайды. Оқушы курс кезенінде алған білімдерін геометриялық есептерді шығаруда пайдалану мен шектеліп қалмайды. Ол күнделікті өмір-тұрмыстық мәселелерді шешуге қолданады.