Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Подстепный қазақ ЖОББ мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Усаева Светлана Тархипқызының
9 сыныптың Алгоритмдеу және программалау тарауының
4 сабағына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Күні
|
29.10.13 ж.
|
Сыныбы
|
9а
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мәлімет және айнымалы типтері. Паскаль тілінің функциялары мен өрнектері тақырыбын қайталау.
|
Жалпы мақсаты
|
Мәлімет, айнымалы типтері және Паскаль тілінің функциялары мен өрнектері тақырыбын қайталау.
|
Күтілетін нәтижелер
|
А. Алгоритм құра біледі.
В. Өрнектерді Паскаль тілінде жазып, мәнін таба алады.
С. Программа құрып, компьютерге енгізіп, жауабын алады.
|
|
|
|
|
Керекті жабдықтар
|
Оқулық, Интерактивті тақта, компьютер, үлестірме парақтары, слайд көрсетілімдері.
|
Сабақ барысы
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
1. Ұйымдастыру:
Сергіту және топтастыру
шарасы.
2. Бағалау парағын тарату.
|
Жемістер, жидектер болып 2 топқа бөлінеді.
|
Тұсаукесер
|
Ой қозғау .
Кубизм : (кубтың қырларына
тапсырма беріледі.)
1-қыры: Математикалық функциялардың Паскальда жазылуын көрсетіңіз.
2-қыры: Енгізу, шығару операторлары арқылы орындалатын программа құрыңыз.
3-қыры: Операторлардың жіктелуі жөнінде схеманы сызыңыз.
4-қыры: Айнымалы типтерін анықтаңыз.
5-қыры: Айнымалылар, тұрақтылар деген не және олар қалай белгіленеді?
6-қыры: Арифметикалық өрнекті Паскаль тілінде жазуға мысал келтір.
|
Оқушылар кубтың қырларындағы тапсырмаларды орындайды.
Тез, нақты жауап беруге дағдыланады.
|
Негізгі бөлім
|
1. I топ: Мәлімет типтері туралы,
II топ: Шамаларды сипаттау, стандартты функциялар, амалдар туралы қосымша ақпаратты слайд арқылы түсіндіреді, постер қорғайды.
2. Есептер шығару.
1. Екі санның қосындысын табу
алгоритмін және программасын құру
керек.
алг қосынды;
арг а,в;
нәт х;
басы
енгізу а, в;
х=а+в;
шығару у;
соңы.
Program kosindi;
Var a, b, x: integer;
Begin
Write (‘a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
х:=a+b;
Writeln(‘x =’, x);
End.
2. Екі санның бөліндісін табу
программасын құру керек.
Program bolindi;
Var a, b, x: real;
Begin
Write (‘a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
х:=a/b;
Writeln(‘x=’, x);
End.
|
Үй тапсырмасы бойынша екі топ өткен тақырыптарға слайд жасап, қосымша ақпарат береді.
Оқулықпен жұмыс жасайды.
Деңгейлік тапсырманы орындайды, есептер шығарады.
Программаны компьютерде орындап, нәтижесін талдайды.
|
Қорытынды
|
Алған мәліметтері бойынша интерактивті тақтада түрлі тапсырмалар орындайды.
Кері байланыс анкетасы таратылады.
Бірін–бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы.
|
Алған білімдерін пайдаланады, топпен ақылдасып деңгейлік тапсырмаларды орындайды, сұраққа жауап береді (ия-жоқ).
Кері байланыс анкетасын толтырады.
Жеке жұмыстанады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |