Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Подстепный қазақ ЖОББ мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Усаева Светлана Тархипқызының
9 сыныптың Алгоритмдеу және программалау тарауының
4 сабағына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Күні
|
08.10.13ж.
|
Сыныбы
|
9а
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы ұғымы.
|
Жалпы мақсаты
|
Мәліметтер типтерін түсініп, айнымалыларды сипаттау жолдарын және типтердің Паскаль тілінде жазылу түрлерін үйрену.
|
Күтілетін нәтижелер
|
А. Мәліметтер типтерін түсініп, өз беттерімен алгоритм құрастырады.
В. Өрнектерді Паскаль тілінде жаза алады.
С. Күрделі өрнектерді Паскаль тілінде жазып, мәнін есептеп
шығарады.
|
Керекті жабдықтар
|
Оқулық, интерактивті тақта, үлестірме парақтары. Флипчарт, постер, маркер.
|
Сабақ барысы
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
І. Ұйымдастыру:
1. Сергіту және топтастыру шарасы . Маңдайларына әртүрлі фигуралар жапсырып, әр фигура өзіне ұқсастарын тобына жинайды
2. Өткен «Алгоритм ұғымы, қасиеттері және ұсыну тәсілдері. Алгоритм типтері. Программалау тілі» тақырыптары бойынша түсіну дәрежесін анықтау үшін төмен және жоғары дәрежелі сұрақтан топтарға сұрақтар қойылады.
I топ: 1. Алгоритм дегеніміз не?
Бұл сөз қайдан шықты?
2. «Сабаққа даярлану»
алгоритмін құру.
II топ: 1. Алгоритм неше түрге
бөлінеді? Алгоритмді ұсыну
тәсілдері.
2. «Компьютерде ойнау»
алгоритмін құру.
III топ: 1. Программалау тілі
дегеніміз не? Паскаль тілінде
программа неше бөліктен
тұрады?
2. «Сызбаны толтыру».
|
Сабаққа әзірлік.
1.Сұрақ бойынша топпен бірлесе сұраққа жауап беру.
2.Сұрақ бойынша топпен бірлесіп алгоритм құрып, интерактивті тақтада жазу және сызбаны толтыру.
|
Тұсаукесер
|
Оқушыларға ой қозғау сұрағы қойылады. mod, div арифметикалық функциялары не үшін қажет?
|
Оқушылар берілген сұраққа жауап береді.
|
Негізгі бөлім
|
Жаңа тақырыппен жұмыс:
1) Оқулықтағы тақырып бөлігімен өз бетімен танысу, түсінгендерін топқа айту, талқылау.
2) Постерге жазу және
интерактивті тақтаны қолдану ұсынылады.
I топ: Сандар, идентификатор, тұрақты және айнымалы ұғымы;
II топ: Мәліметтер типтері, стандартты функциялар;
III топ: Өрнек, оның түрлері.
|
Жаңа тақырыппен жұмыс.
Берілген тақырып бөлігін топта талқылайды,түсінгендерін баяндайды,бір-біріне түсіндіреді.
Постер жазып, оны қорғайды.
Топтар жарыса отырып орындайды
|
Қорытын
ды
|
Деңгейлік есептер беріледі: А.
В.
С.
Топтар бір-біріне 2 жұлдыз, 1 ұсыныс жасайды. Формативті бағалау.
Сабаққа қатысқан, өз ойларын айтып дәлелдеген және есеп шығарған оқушылар бағаланады.
|
Оқушылар бекітуге берілген деңгейлік есептерді дәптеріне жазады, есептің шешімін табады.
Сыныптастарын бағалайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |